absbottom – суреттің төменгі жиегін ағымдағы мәтін жолының төменгі жиегімен туралайды.
NAME – Осы құжатқа арналған суреттің атын анықтайды. Сіз кез келген атты бос жол қалдырмай латын символдары мен цифрлары арқылы бере аласыз. Егер сіз суретке жету жолын, мысалы, Iava-Script-сценарийлері жолдарынан жүзеге асырсаңыз атау керек болады.
ALT – егер браузер керекті суреті бар файлды таба алмаса немесе мәтіндік ережеге қосылмаса, суретті сол жерде браузер бейнеленген мәтінді анықтайды.
BORDER – суреттің айналасындағы рамканың ұзындығын пикселдерде анықтайды. Егер сурет гипермәнді сілтеу болса ғана рамка шыға келеді. Бұндай жағдайда BORDER мәні нольге тең.
LOW SCR – бұл SRC параметріндегі берілген суреттен сапасы да, көлемі де төмен суреті бар файлдың мекен-жайын (URL) береді. Бұл параметрді қолдаушы браузерлер бірінші LOW SRC-ден сурет жүктейді, сосын оны SRC-тегі суретпен алмастырады.
USEMAP – МАР элементімен берілген навигациялық картаны (image map) суретке қолданады. Мағына ретінде картаның алдында торшасы бар атымен беріледі. Мысалы, карта аты – “map1” болса, онда оған қатысты сілтеме мынадай болады: “#map1”. Бұл жерде назар аударатын мәселе - кіші және бас әріптерді браузерлер әртүрлі әріп ретінде қабылдайды.
ISMAP – Сервер өңдейтін навигациялық карта (image map) ретінде суретті анықтайды. Сурет гиперсілтеме болған кезде қолданылады. Тышқанмен шақыру кезінде серверге басылған x, y – координаталары жіберіледі. Алынған координаталарға байланысты сервер (егер сәйкес программалық қамтамасыз етілсе) сізге кез келген құжатты көрсете алады.
1-мысал: Құжатқа суретті қою.
Бұл мысалда мәтін суреттің оң жағынан көрінеді және суреттен 10 пиксель қашықтықта орналасады.
2-мысал: Суретті гиперсілтеме түрінде қолдану.
Досьені қарап шығу үшін оң жақ батырмасын басыңыз.
3-мысал: ISMAP-ты қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |