300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет24/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
! $ 07

11-параграф. Аудиторлық рәсімдер

105. Қажетті аудиторлық дәлелдемелер алу үшін мемлекеттік аудитор сипаты, мерзімі және көлемі тәуекелді бағалау тұрғысынан айқындалатын аудиторлық рәсімдерді жүзеге асыруы тиіс.


106. Аудиторлық рәсімдер бақылау тесттерінен және мәні бойынша аудиторлық тексеру рәсімдерінен тұрады.
107. Бақылау құралдарының тесттері аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тиімділігі мәселелері бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында жүргізіледі.
108. Мәні бойынша тексеру рәсімдері қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаушылықтарды анықтау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жүргізілетін тесттер болып табылады.
Мәні бойынша тексеру рәсімдерінің мынадай екі түрі бар:
- операциялардың және шоттар сальдосының егжей-тегжейлі тесттері;
- талдамалық рәсімдер.
109. Аудиторлық дәлелдемелер алу үшін мемлекеттік аудитор мынадай аудиторлық рәсімдерді қолдануы мүмкін: сұрау салу, инспекциялау, бақылау, растау, қайта санау, қайта жүргізу, талдамалық рәсімдер немесе олардың үйлесімі.
110. Сұрау аудит объектісінің орналасқан жерінің шегінде және одан тыс жерлерде хабардар адамдардан ақпарат іздеуді білдіреді. Сұрау салулар әртүрлі болуы мүмкін: үшінші тұлғаларға арналған ресми жазбаша сұрау салулардан аудит объектісінің қызметкерлеріне арналған ресми емес ауызша сұрау салуларға дейін.
111. Инспекциялау жазбаларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді тексеруді білдіреді. Жазбалар мен құжаттарды инспекциялау барысында мемлекеттік аудитор оларды ішкі бақылау құралдарымен өңдеудің аудиторлық дәлелдемелерін алады.
112. Бақылау басқа тұлғалар орындайтын процестерді немесе рәсімдерді зерделеуден тұрады, мысалы, мемлекеттік аудитор қорлардың түгендеуін жүргізу процесінде жүзеге асыратын байқау немесе бақылау іс-қимылдарының орындалуын бақылау.
113. Растау тәуелсіз (үшінші) тараптан бухгалтерлік жазбалардағы ақпаратты растау сұрауына жазбаша жауап болып табылады. Сұрау салуларға жауаптар мемлекеттік аудиторға бұрын болмаған немесе аудиторлық дәлелдемелерді растайтын мәліметтерді бере алады.
114. Сыртқы растаулар мыналарға қатысты пайдаланылады:
а) бухгалтерлік есеп шоттарында есепте тұрған дебиторлық берешек;
б) үшінші тараптардың қоймаларында жауапты сақтаудағы қорлардың;
в) алынған қарыздар;
г) бухгалтерлік есеп шоттарында есепте тұрған кредиторлық берешек.
115. Қайта есептеу бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазбалардағы арифметикалық есептердің дәлдігін тексеруді немесе мемлекеттік аудитордың дербес есептеулерді орындауын білдіреді.
116. Қайта жүргізу – мемлекеттік аудитордың қолмен да, компьютерлерді пайдалана отырып да жүзеге асырылатын рәсімдерді немесе бақылау іс-қимылдарын (бастапқыда ішкі бақылау жүйесі шеңберінде аудит объектісінің басшылығы немесе персоналы орындаған) тәуелсіз жүргізуі. Мысал мемлекеттік аудитордың өтеу мерзімдері бойынша дебиторлық берешекті саралау рәсімін қайталап өткізуі болып табылады.
117. Талдамалық рәсімдер алынған ақпаратты талдау және бағалау болып табылады. Талдамалық рәсімдерді таңдау мемлекеттік аудитордың кәсіби пайымдауының мәні болып табылады.
118. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесінде мынадай мәселелер қосымша қаралуға жатады:
- қорларды түгендеу кезінде мемлекеттік аудитордың қатысуы;
- сот істері мен наразылықтар туралы сұрау салу;
- ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары туралы ақпаратты құндық бағалау және ашу;
- сегменттер бойынша ақпарат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет