300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Әділ құнын есептік бағалауды қоса алғанда, есептік бағалауға аудит жүргізу



бет26/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
! $ 07

13-параграф. Әділ құнын есептік бағалауды қоса алғанда, есептік бағалауға аудит жүргізу

125. Қаржылық есептіліктің кейбір баптары дәл өлшенбейді,тек бағалануы мүмкін. Қаржылық есептіліктің мұндай баптары есептік бағалау ретінде қарастырылады. Қаржылық есептілікте олар болған жағдайда оның елеулі бұрмалану тәуекелі артады.


126. Мемлекеттік аудитордың мақсаты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді алу:
а) бағалау, оның ішінде қаржылық есептілікте танылған немесе ашылған әділ құнды бағалауды қоса, орынды;
б) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасы тұрғысынан қаржылық есептіліктегі тиісті ашып көрсетулердің бар-жоқтығы.
127. Елеулі бұрмалаулардың бағаланған тәуекелдерінің негізінде мемлекеттік аудитор:
а) аудит объектісінің басшылығы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының есептік бағалауға қатысты талаптарын тиісті түрде қолданды ма;
б) есептік бағалауды анықтаудың тиісті әдістері болып табыла ма және олар дәйекті түрде қолданылды ма, сондай-ақ егер өзгерістер орын алса, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептік бағаларда немесе оларды анықтау әдістерінде өзгерістер мән-жайларға сәйкес келеді ме.
128. Елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есеп айырысу бағаларына қатысты мемлекеттік аудитор тиісті және жеткілікті аудиторлық дәлелдемені алуы тиіс:
а) аудит объектісі басшылығының қаржылық есептіліктегі есептік бағалауды мойындау немесе мойындамау шешімі;
б) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарына есептік бағалауды анықтау үшін таңдалған негіз.
129. Аудиторлық дәлелдеменің негізінде мемлекеттік аудитор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасы контексінде қаржылық есептіліктегі есептік бағалаудың негізделгенін немесе олар бұрмаланғанын айқындауға тиіс.
130. Мемлекеттік аудитор есеп айырысу бағаларына қатысты қаржылық есептілікте жасалған ашуға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетініне жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға тиіс.
131. Елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есептік бағалауларға қатысты мемлекеттік аудитор сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы контексінде қаржылық есептіліктегі осындай бағалардың белгісіздігін ашудың барабарлығын бағалауы тиіс.
132. Мемлекеттік аудитор есеп айырысу бағасын анықтау кезінде аудит объектісінің басшылығы қабылдаған пайымдаулар мен шешімдерді аудит объектісі басшылығының ықтимал алдын алу белгілерінің болуы тұрғысынан қарауға тиіс. Аудит объектісі басшылығының ықтимал алдын алу белгілері жекелеген есептік бағалардың негізділігі туралы қорытынды жасау мақсатында бұрмаланған болып саналмайды.
133. Аудиторлық құжаттамаға мемлекеттік аудитор:
а) Елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есептік бағалардың негізділігіне және оларды ашуға қатысты аудиторлық қорытынды үшін негіздің сипаттамасын;
б) егер бар болса, аудит объектісі басшылығының ықтимал алдын алу белгілерінің сипаттамасын енгізуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет