300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Қаржылық есептілік бойынша пікірді түрлендіру



бет30/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
! $ 07

3-параграф. Қаржылық есептілік бойынша пікірді түрлендіру

165. Мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте (қорытындыда) пікірді түрлендіруге тиіс, егер:


а) алынған аудиторлық дәлелдеменің негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте айтарлықтай бұрмалаулар бар деген қорытындыға келсе; немесе
б) мемлекеттік аудитордың қаржылық есептілікте тұтастай елеулі бұрмалаулар жоқ деген қорытындыға келуге мүмкіндік беретін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмаса.
166. Мемлекеттік аудитор ескертулері бар пікір білдіруі тиіс, егер:
а) жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемені алғаннан кейін аудитор бұрмалаулар жеке немесе жиынтықта қаржылық есептілік үшін маңызды болып табылатыны туралы қорытындыға келсе; немесе
б) мемлекеттік аудитордың жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі жоқ, соның негізінде ол пікір білдіре алады, бірақ ол анықталмаған бұрмалаулардың ықтимал әсері, егер олар орын алса, қаржылық есептілікке елеулі әсер етуі мүмкін деген қорытындыға келсе.
167. Мемлекеттік аудитор, егер оның жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның негізінде ол пікір білдіре алатын болса және анықталмаған бұрмалаулардың ықтимал әсері орын алса, қаржылық есептілікке елеулі және барлық жерде болуы мүмкін деген қорытындыға келеді.
168. Егер аудит объектісінің басшылығы аудиторлық дәлелдемелерге қолжетімділікті шектейтін болса, мемлекеттік аудитор аудит объектісін басқаруға қатысатын жағдайларды қоспағанда, бұл туралы Басшылық өкілеттіктер берілген тұлғаларды хабардар етуге және жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін балама рәсімдерді орындау мүмкін екендігін шешуге тиіс.
169. Егер мемлекеттік аудитордың жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмаса, ол оның салдарын былайша анықтауға тиіс:
а) егер мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмалаулардың ықтимал әсері, егер мұндайлар орын алса, қаржылық есептілікке елеулі болуы мүмкін деген қорытындыға келсе, ол ескертулері бар пікір білдіруге тиіс; немесе
б) егер мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмалаулардың ықтимал әсері орын алса, қаржылық есептілікке елеулі және жаппай болуы мүмкін деген қорытындыға келсе, мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік бойынша пікір білдіруден бас тартуы тиіс.
170. Пікір білдіруден бас тарту жеке қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізу кезінде ғана көрсетілуі мүмкін.
171. Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік жөніндегі пікірді өзгертсе, ол рәсімдік стандарттың 6.2-бөлімінде талап етілетін ерекше элементтерге қосымша, пікірді түрлендіру қажеттілігін туындатқан аспектіні сипаттайтын параграфты аудиторлық есепке (қорытынды) енгізуге тиіс. Мемлекеттік аудитор бұл параграфты тікелей аудиторлық есепте (қорытындыда) пікір білдіретін параграфтың алдында орналастыруы және мән-жайларға байланысты «пікірді ескертпемен білдіруге негіз» немесе «пікір білдіруден бас тартуға негіз» деген тақырыпты пайдалануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет