300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет12/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
! $ 07

3-параграф. Маңыздылық


25. Мемлекеттік аудиторлар аудитті жоспарлау және орындау, сондай-ақ сәйкестендірілген бұрмаланушылықтардың аудитке және қаржылық есептілікке әсерін бағалау кезінде маңыздылық тұжырымдамасын қолданады. Жалпы, ақпаратты өткізуді қоса алғанда, бұрмаланушылықтар өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған экономикалық шешімдерге әсер ете алған жағдайда елеулі деп бағаланады. Маңыздылық туралы пайымдар қалыптасқан мән-жайлар тұрғысынан және мемлекеттік аудиторлардың қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қаржылық ақпарат қажеттіліктерін, сондай-ақ бұрмаланушылықтардың мөлшері немесе сипатын қабылдау немесе екеуінің де негізінде шығарылады. Маңыздылықтың сандық және сапалық аспектілері бар. Мемлекеттік секторда ол пайдаланушылардың экономикалық шешімдерімен шектелмейді, себебі қаржылық есептілікке белгілі бір үкімет бағдарламаларын жалғастыру немесе гранттарды қаржыландыру туралы шешімдер негізделуі мүмкін. Маңыздылықтың сапалық аспектілері ұйымдардың басқа да типтеріне қарағанда, мемлекеттік секторда аса маңызды рөл ойнайды.
26. Мемлекеттік аудиторлар ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелін бағалау және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, мерзімі мен көлемін айқындау үшін маңыздылық шегін айқындауы тиіс. Аудитті тек ақпараттың елеулі бұрмалануының жекелеген жағдайларын анықтау мақсатында жоспарлау кезінде ақпараттың елеулі емес бұрмалануының жекелеген жағдайлары жиынтықта қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануына әкелу фактісі назардан тыс қалады; бұл ретте ақпаратты бұрмалаудың анықталмаған жағдайларына қор жетпей қалады. Ақпаратты бұрмалаудың анықталмаған жағдайлары жалпы қаржылық есептілікке белгіленген маңыздылықтан асып түсу ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету үшін маңыздылық шегін айқындау қажет. Маңыздылық шегін айқындау кәсіби пайымды қолдануды көздейді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аудиторлардың аудит объектілерін түсінуіне байланысты; ол тәуекелдерді бағалау рәсімдерін жүзеге асыру барысында өзгеруі мүмкін және алдыңғы аудиттер барысында анықталған ақпараттың бұрмалану жағдайларының сипаты мен ауқымына, және, сәйкесінше, мемлекеттік аудитордың ағымдағы кезеңдегі ақпараттың бұрмалануына қатысты күткендеріне байланысты.
27. Мемлекеттік аудиторлардың пікірі жалпы қаржылық есептілікке қатысты; сәйкесінше, мемлекеттік аудитор ауқымды мағынада елеулі болып табылмайтын ақпараттың бұрмалану жағдайларын анықтағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Дегенмен, мемлекеттік аудиторлар сандық ақпараттың елеулі емес бұрмалану жағдайын анықтауы және құжаттауы керек, себебі олар өз сипаты бойынша немесе жиынтықта елеулі болуы мүмкін. Маңыздылығы ең төмен шектен аспайтын ақпараттың бұрмалану жағдайлары қарастыруды қажет етпейді.
28. Аудитті жоспарлау кезінде айқындалған маңыздылық одан төмен сомада ақпараттың бұрмалану жағдайлары елеулі деп бағаланбайтын соманы білдіруге міндетті емес (жекелеп немесе жиынтықта). Ақпаратты бұрмалаудың жекелеген жағдайларының мән-жайлары мемлекеттік аудиторлардан оларды маңыздылық шегі аспаған жағдайда да елеулі деп бағалауды талап етуі мүмкін. Мемлекеттік аудиторлар ақпаратты бұрмалау жағдайларының мөлшерін ғана емес, ал олардың сипатын, сондай-ақ олардың қаржылық есептілік үшін салдарын бағалау кезінде олар жол берілген нақты мән-жайларды талдайды. Мемлекеттік аудиторлардың талдайтын аспектілері: белгілі бір операциялардың немесе бағдарламалардың сезімтал сипатын, қоғамдық мүддені, тиімді заңнамалық қадағалау мен реттеу қажеттілігін, сондай-ақ ақпараттың бұрмалану немесе ауытқу сипатын (мысалы, ақпараттың бұрмалану жағдайы жосықсыз әрекеттердің немесе сыбайлас жемқорлықтың салдары болуын) қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет