306-топ студенді: Орынбай Қарақат Амангелдіқызы Пән:Қазақ тілін оқыту әдістемесі Пән мұғалімі: Рахметова Р. Тақырыбы



бет2/3
Дата24.11.2023
өлшемі211.69 Kb.
#484359
1   2   3
7 СӨЖ Орынбай Қарақат

2-тапсырма Оқылым
Хиуаз Қайырқызы Доспанова
1922 ж. мамырдың 15 Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi — Қайыр балықшы, анасы — Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз… Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астраханьдағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар ма деп қалдық. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Міне, екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйел Расковаға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай…. Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған.Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Талқылау кестесі



Мәтіннің аты:
Тақырыбы:
Бас кейіпкерге мінездеме:
Автордың ойы:
Сенің түйінің:
Дескриптор
• Мәтіннің атын, тақырыбын анықтайды.
• Бас кейіпкерге мінездеме береді.
• Автордың ойын анықтайды.
• Қорытынды пікір білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет