3-тапсырма Жазылым
Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз, қызметін түсіндіріңіз. Ол «Ақпараттағы ақаулық» әдісі арқылы жүзеге асады.
Дескриптор
• Оқшау сөздерді ажыратады.
• Тиісті тыныс белгілерін қояды.
• Сөйлемдегі қызметін анықтайды.
1. Апыр-ай қалай барам, қалай барам?
Ұшақтарда құстай ұштты.
2. Па шіркін туған жер!
4. Ең бастысы ұшақпен тіл табыса білуге ұмтылдым.
5. Қасиетті де қастерлі Жер–Ана сен бәрінен де ыстықсың!
6. Бәрекелді жарайсың ұшағым!
7. Бабаларымыздан қалған асыл мұраны жадымызда ұстайық жастар!
8. Ананың махаббатын тілмен айтып жеткізе алар ма сірә.
4-тапсырма Әдеби тіл нормалары
Тапсырма мақсаты: Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.
Тест
1)Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.
А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір. В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші. С) Қысқасы, сен үйде отырасың. Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Е) Әлбетте, сенікі дұрыс.
2. Қыстырма сөз қай сөйлемде екенін белгілеңіз.
А)Сабақтан келемін де үй жинаймын. В)Сабақтан келіп, үй жинадым. С)Сабақтан келген соң, үй жинаймын. Д)Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын. Е)Сабақтан келдім де, үй жинадым.
3. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ей. В) Қызыл. С) Балам. Д) Жеті. Е) Сірә.
4. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Жыламашы, күнім. В) Жұмаш, бері келші, қалқам. С) Меніңше, бұл-өте мықты адам.
Д) Шырағым, сен абыржыма. Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
5. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді табыңыз.
А) Күн ыстық.. В) Астана-жас қала. С) Сен кітапты, әрине, көп оқисың. Д) Ол, бәлкім, бүгін келмейді. Е) Меніңше, сен кітапты көп оқисың.
Достарыңызбен бөлісу: |