31. Тергеу-сұхбатын түсіндіріңіз



бет2/3
Дата30.04.2024
өлшемі0.69 Mb.
#500211
1   2   3
ақпарат жазу

Верификация – жалған ақпаратты тексеру. Ақпаратты тексерудегі верификация жолдары:

  • Жалған ақпарат таратушымен тікелей байланыс орнату;

  • Ақпарат таратушының ресурс деңгейін, жарық көрген уақыт көрсеткіштерін анықтау;

  • Деректік фактілердің анық-қанығын құзырлы органдардың мәліметтері негізінде тексеру;

  • Хабарлама мен шындықтың сәйкестік деңгейін анықтау;

  • Басқа да ақпарат көздерін табу.

Верификация ең алдымен коммуникация пәні, ал коммуникация адамдармен де, материалмен де қарым-қатынас жасауды меңзейді.


3
4.Ұлттық тақырыптарды жазудың құқықтық аспектілері туралы айтыңыз

35.Сәкен Сыбанбай журналистік шеберлігін айтыңыз


Сәкен Сыбанбай (16 ақпан 1972 жылМақтарал ауданыШымкент облысы, ) қазақстандық журналист, жазушы. Футбол тақырыбында кітап жазған  қазақ прозасы тарихындағы үшінші жазушы.

  • 1989-1994 жылдары қазіргі Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде білім алды. 

  • Еңбек жолын 1992 жылы республикалық «Ғажайып Үндістан» газетінен бастады.

  • 1993-1995 жылдары «Ақ желкен» журналында жұмыс істеді.

  • 1995-1997 жылдар аралығында «Ана тілі» газетінде қызмет атқарды.

  • 1997-2004 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, спорт бөлімінің меңгерушісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, сосын редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды.

  • 2005-2009 жылдар аралығында «Жас қазақ» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып еңбек етті.

  • 2009-2011 жылдар аралығында «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

  • 2011-2017 (қараша айына дейін) «Алматы ақшамы» газетінде қызмет атқарды.

  • 2017-2020 жылдар аралығында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорында әдеби редактор болып, «Қазақ тіліндегі гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасына қатысты.

  • 2020 жылдың маусым айынан республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналының бас редакторы.



Шығармашылығы: «Мұңлық», «Бақытты адам», «Үміт үйі», «Ғаламтордағы махаббат», «Дискриминация», «Сен қандай тәтті едің, өмір!», «Бір шәугім шай» секілді танымал шығармалары оқырман қауымға жақсы таныс. «Ділдің дерті» (2012 жылы шықты) және футболдан әлем чемпионаттарыныңтарихын баяндайтын «Ала доптың аламаны» (2015) атты кітаптары жарық көрді.

36.Ақпараттың, жаңалықтың құндылығы, маңызы туралы жазыңыз.


37.Очерк жанрын түсіндіріңіз
Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі — публицистикалық, екіншісі — көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда «Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал, көркем-әдебиет жанрларының ерекшелігі-нақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы.
Очерк журналистке белгілі бір оқиға төңірегінде оқырманға түсінікті, жылдам және қызықты етіп жазуға мүмкіндік береді. Журналист танымал адам бейнесін, ұйым портретін, тұрмыс, түрлі көзқарастар жайлы осы очерк жанры арқылы жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет