37 шығарылым Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#131107
1   2   3   4   5   6

«АҒАШ АҒЫЗУ» бөлімі
1. Ағашты судан алушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Механикаландырылған түсіру кезінде ағашты судан дайындау, будаларды, бөренелер мен солқылдақ шыбықтарды түсіруге дайындау. Будалар мен борткомплектілерді алу. Ағашты қатарға жинау және көлденең және бойлай ағаш транспортеріне беру. Ағашты ағаш транспортерінен бассейндерге қою немесе қатарға жинау. Қысқасын түсіру, оны текшеленген отынға салу. От жағатын қағазды өзеннің түбінен көтеру, оны плашкоутқа немесе жағалауға қатарлап қолмен және механизмдерді пайдаланумен салу. Мұзды қардан тазалау, қатарға аратөсемді салумен ағашты мұзға салу және қатар қалыптастыру. Аратөсемдерді шабу және қатардың бастиегін салу.

Білуге тиіс: түсіре механизмдерінің, аспаптардың, қолданылатын аспаптың құрылысы; судан ағаш түсіру кезінде және от жағатын қағазды көтеру кезінде жұмыс тәсілдері; ағашты қатарға жинау ережесі, ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар.

Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы


2. Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды басқару. Жүкшығырды, қозғалтқышты және арқан- блоктық жүйеге күтім жасау және оларды жұмы күйінде ұстау. Жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйеге профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу. Жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйені монтаждау мен жинақтауға қатысу, арқандар мен ілмектерді біріктіру.

Білуге тиіс: суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды пайдалану басқару ережесі, құрылысы; жүкшығырды жұмыс орнында ауыстыру және бекіту тәсілдері; бағыттаушы блоктардың конструкциясы; арқандар мен блоктардың жүк көтерімділігі; жүкшығырдың жұмысында ақаулықтарды табу әдістері мен оларды жою ережесі; арқандар мен ілмектерді біріктіру тәсілдері
3. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті

4-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағашты шоғырлау (сұрыптау) кезінде шоғырлау (сұрыптау) машинасын басқару. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қарау, майлау, профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының күрделі жөндеу жүргізу үшін ақау тізімдемелерін құрастыру.

Білуге тиіс: ағаш материалдарын сұрыптау, будаларды шоғырлау ережесі және оларға техникалық шарттар; шоғырлау (сұрыптау) машинасының құрылысы және техникалық пайдалану ережесі; тозған бөлшектерді ауыстыру тәртібі; майлау материалдары мен отынның түрлері, қасиеттері.

Шоғырлау (сұрыптау) машинасын орта және күрделі жөндеуге қатысу кезінде - 5- разряд.


4. Суды ағашты сұрыптаушы

2- разрядд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағашты негізгі сұрыптау дәлізімен, сұрыптау аулаларымен, әкелетін дәліздер, бассейн аулалары бойынша жылжыту.

Білуге тиіс: ағаш материалдарын суда жылжыту тәсілдері мен әдістері.
5. Суды ағашты сұрыптаушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағашты қақпаларға беру (жақындату) және олардан өткізу. Ағашты сұрыптау аулалар бойынша ірікту. Будаларды ұсақтау станогының дәлізіне жақындату және дайындау. Ағашты сумен тиеу механизмдеріне беру. Аралауға беру кезінде екі аралық диаметрлері бойынша бассейнде бөренелерді сұрыптау.

Білуге тиіс: ағаш материалдардың орнын ауыстыру тәсілдері мен әдістері; ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар; ағаш материалдарын маркалау; ұсақтау жабдықтары мен құрлдың әрекет ету қағидасы; ағашты түсіру механизмдеріне беру ережесі.
6. АҒЫЗУШЫ

3-ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жаға еңістері мен тайыз жерлерден ағаштарды ығыстырып тастау, өзен бойынша ағаштардың жүзіп кетуін қамтамасыздандыру; бөгеттер және кедергілер арқылы ағаштардың өтуі; өзендерді суару және ағаштардың жүзуі кезеңінде суару құралдарын қамтамасыздандыру бойынша жұмыстарды орындау; ағашты ағызу кезеңінде бондардың қызмет көрсетуі; салдың дұрыстығын қадағалау; ағаштарды және такелаждарды сақтау, ағызатын орындарды жөндеу және салдың қозғалу уақытында ақаулықтарды және сынықтарды жою, жолда салдарды басқару, тұрақтандыру үшін салдарды жағаға тарту, кошельдарды толтыру және тарту; жылжытқыштардағы бөгеттердің құрылғысы және қондырғысы; тұрған орнынан салдарды өзен магимстральдарына шығару, салдардың аялдамаларға тарту және нығайту және олардың соңғы пункттерін қондыру. Екі қатарға дейінгі әртүрлі конструкциялар мен басқа жүзуші құралдардың тірелген плиткаларды салу және жөндеу; щиттерді, рейлерді дайындау, ырғақтарды әзірлеу; қалашықтарға төсей отыра кергілерді қондыру; каөпіршіктерді төсеу (қаптау); басқыштарды қою; запаньдар және құралдар үшін жағалық тіреуіштерді қондырғылар; еңістіктерді жинау және қою, штабельдерді өңдеу, әртүрлі конструкциялы дарбазаларды қондыру және жөндеу, жатақты тазалау, бас дәлізді өңдеу, жүзуші құралдарыдың сүйретітілуі; ағызушы машиналарды тазалау, қара күйені ұстағыштарды қою.

Білуге тиіс: мольдық ағаш ағызудың, салдарды ағызудың, ағаштарды суға қолмен және механизациялық тастаудың әдістері мен жолдары; жүзуші жабдықтарды қондыру және орындарын ауыстыру әдістері; заторлардың пайда болуы және ескерту шаралары; салдардың жүзуі үшін қажетті арнайы құралдардың типтерінің қондарығылары, тағайындалуы; жағаларды және өзендердің еңістерін нығайту бойынша жұмыстарды өндіру ережесі; ағашты ағызуда қолданылатын бондардың, рейлердің және тіректерінің типтері; запаньдар және басқа да жүзуші құралдар үшінжағалық тіреуіштердің конструкциясы оларды дайындау әдістері; жүзуші құралдарды нығайту үшін қолданатын такелаждардың түрлері және олармен жұмыс жасау әдістері.
7. Ағызушы

4-ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағызудағы апаттарды қолмен және механизацияланған әдіспен жою; заторларды, заломдарды өңдеу және қолмен және механизацияланған әдіспен басты, қолдаушы және қабылдаушыларда күш салуы; лоттарды, шынжырларды, зікірлерді қолдана отырып тартымдылықпен және өз бетінше жүзу барысында жүргізуші бірлікті басқару; тіреуші плиткаларды, конструктивті бондарды және екі қатадан жоғары басқа да жүзуші құралдарды салу және жөндеу; басты дәліздің, сұрыптаушы және формалық торшалардың, шығарушалылардың, бас дәліздің бойымен және оны кесетін бонданды қою. Зәкірмен штоктарды дайындау және өңдеу, зәкірлерде және өтектерде шеймаларды өңдеу; бондарда анкерлік құлыптарды қондыру, құлыптарға бекіте отырып, бондар бойынша жатақтарды төсеу; ағызушы машиналарды қою; бондарды, сұрыптаушы және құралдарды қалыптастырушыларды жинау.

Білуге тиіс: ағызуда апаттарды ескерту немесе жою барысында механизмдердің көмиегі арқылы және қолмен жұмыстарды орындау әдістері; күш салушыны қамтамасыздандыру қондырғылардың конструкциясы және оларды арнада қондыру кестесі; заторларды, заломдарды және күш салушыларды өңдеу әдістері; запаньдарды кесіп өту, конструктивті бондар және екі қатар жабдықтардан жоғары басқа да жүзуші жабдықтар үшін плиток қондырғылар; жүзуші жабдықтарды қоюдың және жинаудың кестесі мен әдістері; салда такелаждың және құралдардыңі белгіленуі; жабдықтармен, арқанмен нығайтудың әдістері және стандық такелажбен жұмыстардың жолдары (лоттар, зәкірлер).
8. Шоғырлаушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Навигациялық шоғырлау кезінде – қылды жинау және тегістеу, сигнал беру, ағашты суда механикаландырылған топтастыру кезінде дайын шоқтарды бұру. Бір - және көп қатарлы шрғырлау бірліктерін жинау. Жағалаулық шоғырлау кезінде ағашты штабельдерден домалату, буда жинау, чокерлермен ілу, арқандармен және ауыр арқанмен жұмыс.

Білуге тиіс: шоғырлау бірліктерінің түрлері мен құрылымдары; суда ағашты шоғырлау ережесі; ағаш материалдарының сортименттері; буда байлау ережесі және байлау материалына қойылатын талаптар; шоғырлау және байлау такелажы мен арқандардың, ағаш материалдарының жарамдылық нормалары; шоғырлау жұмыстары кезінде ақаудың түрлері мен себептері; оның алдын алу және жою бойынша шаралар.
9. Шоғырлаушы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Суда және жағалық шоғырлауда механикаландырылған топтастыру кезінде будаларды байлау. Қысқартулар, бітеулер жасау. Байлау сымын дайындау, шетін түзеткішпен буданың шеттерін тегістеу.

Білуге тиіс: будалардың байлау технологиясы мен құрылғылар; байлау материалына қойылатын техникалық талаптар.
10. Салдарды қалыптастырушы

2- разрядд

Жұмыстар сипаттамасы. Шоғырлау машиналарына шоқтарды әкету, шоқтарды сортименттер бойынша сорттау. Будаларды салдарды құру учаскелеріне қою . Құру пунктілерінде шоқтарды бекіту.

Білуге тиіс: будаларды орнынан ауыстыру тәсілдері мен әдістері; ағаш материалдарын маркалау.
11. Салдарды қалыптастырушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Такелажды салдарды қалыптастыру аудандарына жақынджату және әкелу. Тіректі беру. Ағаш қоятын жерге жіберу үшін тіректі бұрғылау және шынжырлармен және сыммен қосу. Түсіру жерлерінде орнатумен салдарды жинау.

Білуге тиіс: балқытуда қолданылатын такелаждың түрлері мен оларды ұстай білу ережесі; садарды қабылдау ережесі мен қалыптастыру тәсілдері.
12. Салдарды қалыптастырушы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жинақтаушы машиналармен сызықтарға және секцияларға қалыптастырумен будаларды және басқа қосу және сорттау. Салды дайындау, салдарды және бастаушы бірліктерді құру, қалыптастырушы аулаларда салдарды қалыптастыру, зәкірлерді құру және салдарды толық жабдықтау бойынша басқа жұмыстар. Салдардың үстіңгі жабдығын дайындау. Ағашты бітеуге, торларға, киіздерге, шоқтарға тиеу. Қорытпаның транзиттік жолдарында және ағашты түсіру пункттерінде салдарды қайта қалыптастыру және тарату.

Білуге тиіс: салдардың және бастаушы бірліктердің түрлері мен конструкциялары; әр түрлі салдарды қалыптастыру және тарату технологиясы; оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері; ағаш сортименттері мен түрлері бойынша сал бірліктерін сорттау ережесі; қалыптастыру және тарату жұмыстарын ұйымдастыру; салдарды ережесі; салдарды қалыптастыру мен жабдықтауға техникалық шарттар.
13. Салдарды қалыптастырушы

5- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Көл салдарын және сигаралардан салдарды қалыптастыру. Бастаушы бірліктердің, маткалардың, Зайцев плиткаларының құрылысы. Ағашты сигараға тиеу, көл салдарын және сигаралардан салдарды тарту мен шынжырлау.

Білуге тиіс: бастаушы бірліктердің, көл салдарының және сигаралардан салдардың түрлері мен құрылымдары; салдарды қалыптастыру технологиясы және оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері; қолданылатын жабдық пен такелаждың түрлері, мүмкін жарамдылық нормалары.

2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Раз-ряд-тар диа-пазо-ны

2002 жылы басып

шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы және бөлімдері бойынша кәсіптер атауы



Разрядтар диапа-зо-ны

БТБА шығарылымы-ның



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ағашты судан алушы

3

Ағашты судан алушы

3

37

Ағаш ағызу

2.

Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы

4

Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы

4

37

-"-

3.

Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті

4-5

Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті

4-5

37

-"-

4.

Суды ағашты сұрыптаушы

2-3

Суды ағашты сұрыптаушы

2-3

37

-"-

5.

Ағызушы

3-4

Ағызушы

3-4

37

-"-

6.

Шоғырлаушы

3-4

Шоғырлаушы

3-4

37

-"-

7.

Салдарды қалыптастырушы

2-5

Салдарды қалыптастырушы

2-5

37

-"-


БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы мен бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, өзгертілген кәсіптер атаулары мен олар енгізілген шығарылым бөлімдері мен нөмірлері көрсетілген

ТІЗБЕСІ

Р/с№

2002 жылы басып

шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы және бөлімдері бойынша кәсіптер атауы



Разрядтар диапа-зоны

БТБА осы бөлімі бойынша кәсіптердің атауы


Разрядтар диапа-зо-ны

БТ

БА шығарылым



Бөлімнің қысқар

тылған


атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ағашты судан алушы

3

Ағашты судан алушы

3

37

-"-

2.

Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы

3-5

Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы

3-5

37

Жалпы кәсіптер

3.

Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы

4

Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы

4

37

Ағаш ағызу

4.

Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті

4-5

Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті

4-5

37

-"-

5.

Ағаш дайындамаларындағы көмекші жұмысшы, ағаш ағызу және ағаштың шырынын ағызу

1-2

Ағаш дайындамаларындағы көмекші жұмысшы, ағаш ағызу және ағаштың шырынын ағызу

1-2

37

Жалпы кәсіптер

6.

Суды ағашты сұрыптаушы

2-3

Суды ағашты сұрыптаушы

2-3

37

Ағаш ағызу

7.

Ағызушы

3-4

Ағызушы

3-4

37

-"-

8.

Шоғырлаушы

3-4

Шоғырлаушы

3-4

37

-"-

9.

Салдарды қалыптастырушы

2-5

Салдарды қалыптастырушы

2-5

37

-"-


«АҒАШТЫҢ ШЫРЫНЫН АҒЫЗУ» бөлімі
1. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағаш химиялық қондырғының анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу. Барлық аппараттарда шикізатты алу және түсіру. Сургуч өндірісі кезінде борды ұсақтау және кептіру. Хлорофил-каротиндік паста өндірісінде кылқанды кішкентай табанды ұсақту. Тоңазытқыштардың ваннасына су беру. Аппараттарды тазалау және оларды өндірістік циклге дайындау.

Білуге тиіс: ағаш химиялық қондырғыда технологиялық процесс жүргізу сызбасы және жұмыстарды орындау технологиясы; температура режимі; алынатын өнімнің негізгі қасиеттері.
2. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу. Қылтабанды экстракциялау. Канифолды лакты қайнату және басқа ағаш химиялық өнімдерді өндіру. Қызмет көрсететін аппаратураны, пештерді, оттықтарды ағаш химиялық қондырғының түтінағарларын ақаусыз күйде ұстау. Алынған ағаш химиялық өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: өндірістерде қолданылатын аппаратураның құрылысы: смолоскипидарлық спирт - ұнтақ хлорофилл – каротин пастасы, самырсын майы, берест қара майының және ағаш химиясының басқа өнімдері (екіншілерден басқа); бұл өндірістердің технологиялық процесінің сызбасы; қызмет көрсетілетін аппаратураның технологиялық көрсеткіштері және қысыммен аппаратурамен жұмыс істеу ережесі; алынатын ағаш химиялық өнімнің қасиеттері;
3. КӨТЕРУШІ

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Қабылдағыштан тірілткіш сұрыптау. Науашаларды және крампондарды тірілткіштен тазалау. Баррасты және шырша серкасын жинау. Каррды санап шығу және карржабдығын орнату. Тірілткішті ылғал мен сордан босату. Қабылдау пунктілеріне тірілткішті жеткізу және оны бөшкелерге тиеу. Құрастырылатын аспапты ұштау.

Білуге тиіс: әр түрлі қабылдағыштардан тірілткіш пен баррас жинау технологиясы; тірілткішті бір жолғы және разрядталған жинау; тірілткішті жинау кестесін құру ережесі; тірілткіш пен баррас жинауға арналған құралдың құрылысы; тірілткішпен бөшкелерді маркалау және тығындау ережесі; тірілткішке мемлекеттік стандарттар, қысқы кезеңде сақтау тәртібі.
4. Көтеруші

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Каррларды белгілеу және қызарту. Науашаларды желілеу. Әдеттегі шырынын ағызу кезінде жаңартудар жағу. Кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларын қайрау, түзеу, реттеу.

Білуге тиіс: ағаштың шырынын ағызу технологиясы; ағаш жүргізу, метерологиялық және технологиялық факторлардың тірілткіштің шығымына әсері; ағаштың шырынын ағызудың ағаштың тіршілік әрекетіне ықпал жасау; тірілткіштің құрамы; тірілткіштің сапасын жақсару тәсілдері; кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларының құрылысы, қайрау ережесі.
5. Көтеруші

5- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Мотосүргіні пайдаланумен каррды қызарту: күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен, сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен. Мотсүргіге, химиялық заттарға арналған резервуарға, мөлшерлегішкеі және басқа жабдықтарға техникалық қызмет ету және ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен, сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен ағаштың шырынын ағызу технологиясы; химиялық реагенттердің рецептурасы, олардың дайындау және оларды ұстау білу тәсілдері; жаңартуға енгізу мөлшері; шырынын ағызу құралы мен жабдықтың түрлері мен құрылысы; шырынын ағызу құралын ұстау ережесі және оған техникалық күтім жасау.
6. Ағаш жұмыстарын жарушы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жаруды оттық және элктрлік тәсілдерімен түбірлі осмолды дайындау. Жарылғыш материалдарды шығыс қоймасынан алу және жұмыс орындарына жеткізу. Түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде қажетті әскери патрондарды даярлау және өңдірулерді дайындау. Шпурлардың мөлшерін және орналасуын, олардың тереңдіктерін және бағытын тексеру. Зарядтардың қажетті мөлшерін және жарылғыш заттардың қолдануға, түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде шпурларды зарядтауға жарамдылығын анықтау. Қауіпсіз аймақ шекараларын және посттарды қою жерлерін анықтау. Жарылу желісін анықтау және оның ақаусыздығы мен кедергісі тексеру. Сигналдарды беру. Забойды қарау және жарылмаған зарядтарды жою. Ірі түбірлерді сыртқы зарядтармен ұсату. Жарылғыш материалдардың шығынын есептеу және қалдықтарын қоймаға тапсыру.

Білуге тиіс: жарғыш машиналардың және электр өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, шпурларды зарядтау және жару тәртібі; жарыыс жұмыстарының қауіпсіздік ережесі және жасау тәсілдері; жарылғыш заттар мен жару құралдарының қасиеттері; жарылғыш заттарды шығындау нормалары және байқау тәсілдері; жаратын жұмыстарды жүргізудің негізгі әдістері; электржару кезінде қосу схемалары; жарылғыш материалдардың сақтау, есептеу және тасу ережелері; болмаған зарядтарды жою ережелері және тәсілдері; жаратын жұмыстарды дайындау және жүргізу реттілігі; жарылғыш материалдарды алу және тасу ережелері; геологиялық және техникалық жағдайларға байланысты шпурларды бұрғылау тәсілдері және орналастырулары.
7. Ағаш жұмыстарын жарушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет