б) генетикалық - объектінің себептік-салдарлық байланыстарға енуі (оның шығу тегін қалпына келтіру);
в) құрылымдық-функциялық - объект жүйенің элементі немесе өзінің функциялық мәніне ие бөліктері бар тұтастық ретінде қарастырылады. Функция деп объектіге өзгермейтіндей тән және осы объектінің сақталуына мүмкіндік беретін белгілі бір жүріс-тұрыс әдісі түсіндіріледі.
Қоғам социология тұрғысынан, күрделі қызмет жасайтын жүйе болып табылады. Әлеуметтік институттар - бұл көп қырлы объектілер.
Қазіргі социологиялық зерттеулерде әлеуметтік проблеманы барынша жеткілікті шешетін бірқатар болжамдарды (баламалы) алға тартады. Болжамдарды тексеру процесі зерттеуде растау (теріске шығару) ретінде алға шығады әрі социологиялық мәліметтерді талдау кезінде ескеріледі.
Социология тәжірибесінде, әдетте, күрделі, аралас және қиыстырылған түсіндірмелер беріледі. Өйткені, әлеуметтік құбылыстарды ашу олардың көп қырлылығына орай түсіндірудің (себептік, функциялық, құрылымдық) әр түрлі типтерінің жиынтығын пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
Дұрыстық өлшемі бойынша түсіндіру мынадай түрлерге бөлінеді:
сенімді түсіндіру - объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында себептік байланысты орнату үшін қажет эмпирикалық ақпараттың толық көлемде зерттеудің алғашқы материалдарында орын алуы (объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында байланыстың орнауы);
болжамдық түсіндіру - зерттелетін құбылыстың әлеуметтік контекстісін есепке алумен мәліметтерді қайта талдау (нақтылы зерттеудің мәліметтерінде ақпарат болмайды).
Үшінші кезең - үлгі негізінде түсіндіру. Әлеуметтік объектілерді теориялық типологизацияның түсіндіру (объектінің жетілген үлгісі негізінде әлеуметтік құбылыстардың белгілерін қорытындылау). Осы жағдайда объектіні түсіндіру оны жүйе деп түсінуден шығады (байланыстарды, объект құрылымының ерекшеліктерін айқындау).
Әлеуметтік объектінің теориялық үлгісінің екі негізгі түрі болады:
1) Абстракциядан туындайды (ұғымдар, мысалы, “идеалды газ”);
2) Эмпирикалық фактілерді қорытындылау негізінде құрылған (объектінің өлшемін қорытындылау, сұрыптау және комбинация).
Сонымен, зерттелетін объектінің үлгісі деңгейінде түсіндіру зерттеуде анықталған объектінің белгілерін салыстыруға, (бақыланатын құбылысты тіркеу жиілігі), сондай-ақ, зерттеу мәліметтерінің қабылданған үлгіден ауытқуының көлемін зерттеуге сүйенеді.
Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет.
Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз.
Алынған ақпаратты түсіндіру кезеңінде түсініктемелік болжамдар тексеріліп, зерттеліп жатқан әлеуметтік объектінің себептік-салдарлық байланыстары туралы негізгі қорытындылар алынуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |