- теориялық білімдердің жетекші ролі принципі, оған сәйкес оқу пәні ішіндегі және пәнаралық байланыстарды, қатынастарды, ұғымдарды меңгерудің маңыздылығы дағдыларды қалыптастыруға қарағанда төмен емес.
- оқушылардың өзін оқытуды жете түсіну принципі. Ол рефлексияны дамытуға, өзін оқу субъектісі екендігін жете түсінуге бағытталған.
- барлық оқушыларды дамыту үшін жұмыс істеу принципі. Оған сәйкес оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс, бірақ оқыту арқылы барлығы да дамуы керек, өйткені, «даму оқытудың салдары».
Сонымен, Л.В. Занков жүйесінің ерекше белгілері:
- қиындықтың жоғары деңгейі;
- оқу материалын жылдам қарқынмен өту;
- теориялық білімдердің үлестік салмағын күрт көбейту;
- оқушылардың оқу процесін жете түсінуі;
- барлық оқушылардың жоғары деңгейде жалпы дамуына бағытталуы.
60-шы жылдары психологтар В.В. Давыдов пен Д.Б. Эльконин басшылығымен ғылыми ұжым құрылды. Олар адамның психикалық дамуындағы төменгі сынып оқушылары жасының маңыздылығын зерттеді. Осы жас шамасында оқу іс-әрекеті мен субъектіні, абстрактілі-теориялық ойлауды, мінез-құлықты еркін басқаруды дамыту арқылы ерекше білім мәселелерін шешуге болатынын анықтады.
Сонымен бірге, дәстүрлі бастапқы білім беру төменгі сынып оқушыларын толыққанды дамытуды қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Бұл қажетті «жақын даму аймағын» қалыптастырмайтынын көрсетті, тек психикалық функцияларды жаттықтырады және бекітеді. Мұндай оқыту тек фактілермен танысуға ғана емес, олардың арасындағы байлныстарды анықтауға, қатынастарды зерттеу объектісіне айналдыруға бағытталған. Осыны негізге ала отырып В.В.Давыдов пен Д.Б.Эльконин оқу процесіндегі оқу пәндерінің мазмұны мен оны баяндау логикасын қайта құруға ұсынады.
Дәстүрлі оқытуда нақтыдан, жекеден жалпыға, абстрактіліге қарай бағытталған. Мұндай оқыту барысындағы ойлаудың дамуын В.В.Давыдов эмпирикалық деп атады. Давыдов дәстүрлі оқытуға кері бағытталған жаңа оқыту жүйесін жасау мүмкіндігі туралы мәселені алға қойды: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға. Мұндай оқу процесіндегі ойлаудың дамуы теориялық, ал оқытудың өзі дамыта оқыту деп аталады.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы негізінен басқа технологиялардан оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастыруға акцент жасалатындығымен ерекшеленеді.
Негізгі принциптері:
- мазмұнды жинақтап қорыту негізіндегі дедукция;
- мазмұндық талдау;
- мазмұндық дерексіздендіру;
- теориялық мазмұндық жинақтап қорыту;
- дерексізден нақтыға қарай шығу;
- мазмұндық рефлексия.
Технологияның ерекшеліктері:
Оқу бағдарламаларын шоғырлап құруды жоққа шығару.
Бастауыш мектепте нақты көрнекілікті қолданудың әмбебаптығын мойындамау.
Шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын таңдау еркі мен вариативтілігі.
Бұл жүйедегі сабақтың ерекшелігі ұжымдық ойлау әрекеті, диалог, пікірталас, балалардың, іскерлік қарым-қатынасы болып табылады.
Білімдерді тек проблемалық баяндауға рұқсат етіледі, педагог білім алушыларға дайын білімдермен емес, сұрақтармен барады.
Оқытудың бірінші кезеңінде оқу тапсырмаларының әдісі, екіншісінде - проблемалық оқыту негізгі болып табылады.
Оқушыларға тек білімдер мен практикалық іскерліктерді оқытып-үйрету ғана емес, сонымен бірге ғылыми түсініктерді, көркем бейнелерді, адамгершілік құндылықтарды оқытып-үйрету есебінен бұл жүйе бойынша оқыту білім берудің теориялық деңгейін айтарлықтай жоғарлатады. Мұғалімнің мақсаты - әрбір оқушының жеке тұлғасын даму режиміне шығару, тануға деген қажеттілікті ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |