4. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы мектепті басқа тәрбиелеу институттарына қатысты жетекші, жауапты орынға қояды, олардың іс-әрекеті педагогикалық мақсатқа сай қарастырылуы және ұйымдастырылуы керек. Жас ұрпақтың жеке тұлғаны қалыптастырушы маңызды әлеуметтік институттар мектеп, жанұя және әлеуметтік орта болып табылады. Оның нәтижелері тәрбиенің барлық үш көзінің бірлескен әсерімен анықталады. Сондықтан, құзыретті түрде басқару, ата-аналармен ынтымақтасу, баларды қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік институттарына ықпал ету бірінші орынға қойылады.
4. Педагогикалық ынтымақтастық идеялары мен принциптері.
Әріптестікте оқыту идеясы бірқатар елдердің көптеген педагогтарының күшімен дамып келе жатыр, өйткені ынттымақтастықта оқыту идеясының өзі өзінің мәні бойынша өте ізгілікті, яғни - педагогикалық. Бұл идеяны түсіну үшін осы әдіс авторлары «қате» сөзінің мағынасын түсінуді ұсынады. Қате сөзін жаңылыс пікір, адекватты емес білім немесе көңіл қоймау нәтижесіндегі жаңылыс іс-әрекет немесе жаңылыс пайымдау деп анықтауға болады. Бұл анықтамаға әдіс авторлары мына фразаны қосуды ұсынады: «бұл қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеру үшін қосымша практика мен көптеген жаттығуларды қажет ететінін көрсетеді». Егер сіз оқушылардың қатесі олардың қажетті іскерліктерді меңгермегенін көрсетеді деп түсінетін болсаңыз, онда сіз бұл қатені тек факт ретінде қарастырасыз. Яғни, сіз оқушыларға қосымша практикаға мүмкіндік беруіңіз қажет және оның мөлшері олар білімді қажетті көлемде меңгергенше болуы тиіс.
Егер сіз қатені оқушылардың жұмыс істеуге ынтасы жоқ деп немесе оның қабілетсіздігі деп бағаласаңыз, онда сіз оған қосымша практикаға мүмкіндік бермейсіз.
Бірақ, бір жағынан егер оқушы тапсырманы орындау барысында қате жібермесе бұл оның тапсырманы дұрыс орындауды үйренгенін көрсетеді және мұндай оқушыларға қосымша практика керек емес. Яғни, қателер бұл – тек оқушылардың тек қосымша практика, көмек қажет екенін көрсететін индикатор. Сіз сыныптағы әр оқушыға бұл көмекті бере алмайсыз. Егер сіздің оқушыларыңыз шағын топтарда жұмыс істеуге және бір біріне көмектесуге үйренсе және де әрқайсысының үлгерімі үшін жауап берсе онда бұл жауапкершілікті сол оқушылар мойнына ала алады. Педагогика тілінде бұл осы мақсатқа бара-бар әдісті қолдану қажеттілігін көрсетеді. Ұжым болып оқуға болады: жақсы оқитын оқушы жаңа материалды тез қағып алады, жақсы түсінеді, мұғалім көбінесе соған сүйенеді. Ал әлсіз оқушылар әрбір сабақ сайын артта қалып отырады, өйткені оған бәрін нақты түсіну үшін уақыт жетпейді, мұғалімге сұрақ қоюға батпайды, соған сәйкес ол тез және дұрыс жауап бере алмайды және өзінің үлгерімін тежейді. Ондай оқушыларды соған сәйкес әдістер мен оқу материалдарын қолдана отырып, жеке дара оқытуға да болады. Бірақ ондай жағдайда оқушы өзімен өзі тұйықталып қалады. Оның жанындағы көршісі немен айналысып отырғанында жұмысы жоқ, егер материалды түсіну оған қиын болатын болса бұл оның ғана проблемасы.
Ал егер сол оқушының жанында түсінбегенін сұрауға болатын немесе тапсырмалардың орындалуын талқылауға болатын жолдастары болса, онда басқаша оқуға да болады. Ал егер, бүкіл топтың үлгерімі соған байланысты болса, өзінің үлгерімі мен жолдастарының үлгерімі үшін жауапкершілікті сезінбеуі мүмкін емес. Әріптестікте оқыту технологиясының авторлары міне осы фактіні ұғына отырып осы әдісті ойлап шығарды. Оқу процесінде бәрі де қателеседі. Бірақ әркімге әртүрлі уақыт керек. Тәжірбие көрсеткендей бірге оқу тек жеңіл және қызық қана емес, сондай-ақ кәдімгідей тиімді болып табылады. Сонымен бірге бұл оқушылардың тек академиялық үлгерімдеріне ғана емес олардың ақыл-ой мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына да әсер ететіні өте маңызды.
Ынтымақтастықта оқыту әлемдік педагогикада дәстүрлі әдіске әбден балама бола алатын әдіс ретінде қарастырылады. Ол сондай-ақ жеке тұлғаға бағдарланған тәсілді де бейнелейді. Ынтымақтастықта оқытудың әртүрлі әдістерінің тиімділігін анықтау мақсатында 70 астам зерттеулер АҚШ-тің бастауыш және орта мектептерінде төрт апта бойы жүргізілді. Оның ішінде 63 оқушылардың білімділігінің тиімділігі анықталды. 36 (57) бақылау (дәстүрлі) сыныптарға қарағанда білімдерді меңгерудің жоғары нәтижелері анықталды. 26 (41) айтарлықтай айырмашылық байқалмады, тек эксперименталды сыныпқа қарағанда бір бақылау сыныбында ғана жақсы нәтиже байқалды. Алайда материалды меңгеру деңгейі, оны жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану ынтымақтастықта оқыту қолданылған сыныпта жоғары болған. Ынтымақтастықта оқытудың мақсаты тек әрбір білім алушының дамуының жеке ерекшеліктеріне сәйкес деңгейде білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеру ғана емес екендігін ескеру қажет. Мұнда әлеуметтендіру, коммуникативті іскерліктерді қалыптастыру өте маңызды. Балалар бірге бірге жұмыс істеуді, бірге оқып-үйренуді, бір-біріне көмекке келуді үйренеді. Өз тәжірбиесінде ынтымақтастықта оқыту технологиясын қолданып жүрген оқытушылардың барлығы өздерінің оқушыларының тек сабақта ғана емес өмірде де дос, бір-біріне жақсы ниеттес болып кететінін атап көрсетеді. Ал бұл адамгершілік тәрбиесінің жетістіктері деуге болады.
Сонымен, әріптестікте оқытудың басты идеясы тек бір нәрсені бірге орындау ғана емес, бірге оқып-үйрену.
Сіздер практикалық сабақты ынтымақтастықта оқытудың бірнеше варианттарымен танысатын боласыздар. Варианттардың арасындағы айрмашылықтар айтарлықтай көп емес, олардың барлығында да бір негізгі принциптер бар: топқа берілетін тапсырма біреу, топты мадақтау да ортақ, рөлдерді бөлісу барлық жағдайда сақталып отырады. Ол варианттардың барлығына тән идея – мақсаттар мен міндеттердің ортақ екендігі, әр оқушының жеке жауапкершілігі мен табысқа жетудегі тең мүмкіндіктер. Топта оқытудың негізінде жарыс емес, ынтымақтастық жатыр. Жеке жауапкершілік бүкіл топтың жетістігі әрбір қатысушының қосқан үлесіне байланысты дегенді білдіреді, ал бұл топ мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуін қарастырады. Оларға берілген теңдей мүмкіндіктер кез келген оқушы өзінің жетістіктерін жетілдіре түсуі керектігін болжайды. Бұл сондай-ақ әрбір оқушы өзінің мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне қарай оқиды дегенді білдіреді, сондықтан басқалармен тең дережеде жарысуына мүмкіндігі бар. Егер озат және әлсіз оқушы жетістікке жету үшін барынша күш жұмсаса - әрқайсысы өзінің деңгейіне жету үшін, онда олардың күштері бірдей бағаланса әділетті болады: өйткені олардың әрқайсысы қолынан келетінін жасады. Бұл тәсілді зерттеуші психологтар ортақ мақсатқа жету үшін жұмсалған күш бағаланатын болса, оқушылардың барлығындағы мотвация дәстүрлі сыныптарға қарағанда жоғары екенін анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |