4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні



бет7/14
Дата12.05.2023
өлшемі63.18 Kb.
#473644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
В.А.Сухомлинскийдің ойынша баланы қолдау үшін педагог өзінің бойында балалық сезімін сақтауы керек

11-дәріс
Тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту идеясы жаңалық емес, өткен уақыттағы ұлы педагогтар оқу процесін қуанышты таным процесіне, оқушылардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту процесіне айналдырудың жолдарын әрқашан іздеген болатын (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және т.б.).
ХХ ғасырда проблемалық оқыту идеясы қарқынды дамып, білім беру тәжірбиесінде кеңінене тарады. Шет елдегі педагогикада проблемалық оқыту концепциясы Дж.Дюьидің ықпалымен дамыды. Ол бүкіл оқытуды проблемаларды өз бетінше шешу ретінде құруды ұсынды.
Дж.Дюьи 1894 жылы Чикагода тәжірбиелік мектеп құрды, онда оқу жоспары ойын және еңбек іс-әрекетімен алмастырылды. Шығармашылық, шығармашылық ойлау және проблемалық оқыту саласындағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелері бойынша проблемалық оқытудың жалпы технологиясын жасады.
Проблемалық оқыту теориясының дамуында амрикандық психолог Дж.Брунер де маңызды рөл атқарды. Ол жасаған проблемалық оқыту теориясының негізінде жаңа білімдерді меңгеру барысында интуитивті ойлаудың үстем рөлі мен оқу материалын құрылымдау идеясы жатыр.
Ғалым үшін білімдердің құрылымы мәселесі маңызды болып табылады, онда оның ойынша білімдер жүйесінің барлық қажетті элементтері мен оқушылардың дамуының анықтаушы бағыты қамтылады.
Бұл американдық авторларды жақындастыратын ортақ нәрсе оқытудың мақсатын логикалық ойлауды дамыту деп мойындай отырып, Дж.Дьюи мен Дж.Брунер оқытудағы проблемалық тәсілдің маңызды екенін көрсетеді.
Кеңетік педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқыту идеясы XIX ғасырдың 50 ж. бастап өзекті бола түскен. Сонымен, көрнекті дидакттар М.А.Данилов пен В.П.Есенов оқыту процесін белсенділендіру ережелерін тұжырымдайды, олар проблемалық оқытуды ұйымдастыру принциптерін бейнелейді:

  • оқушыларға дайын анықтамаларды, ұғымдарды бермей, оларды талдап қорытуға алып келу;

  • оқушыларды ғылым әдістерімен эпизодтық таныстыру;

  • шығармашылық тапсырмалар көмегімен олардың ойларының өз бетінше болуын дамыту.

60-жылдардың басында оқытуда зерттеу әдісін қолдану рөлін күшейту қажеттілігі жөніндегі ой дамып, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап проблемалық оқыту жан-жақты және тереңінен зерттеле бастады. Білімдерді олардың жылжуы және дамуы бойынша хабарлау керек деген ой оқу материалын проблемалық баяндаудың маңызды принципі болды. Проблемалық оқыту теориясының қалыптасуында ақыл-ойдың дамуы тек меңгерілген білімдердің көлемі мен сапасы бойынша ғана емес, сонымен бірге ойлау процесінің құрылымымен, логикалық операциялар мен ақыл-ой әрекетінің жүйесімен сипатталынады деген ережені дамытқан психологтар (С.Л.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, Т.В.Кудрявцев) жұмыстары да үлкен маңызға ие. Проблемалық оқыту теориясының дамуында ойлау мен оқытудағы проблемалық ситуацияның рөлі жөніндегі ереженің де маңызы зор. Проблемалық оқуты теориясын жасауға М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, А.В.Брушлинский, Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер. И.А.Ильницкая және т.б. ерекше үлес қосты.
Педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытуға бірнеше ғалымдар анықтама берген. Олардың кейбіреуіне тоқталайық.
В.Оконь проблемалық оқыту деп «проблемалық ситуацияны ұйымдастыру, проблеманы тұжырымдау (бұған оқушылардың өздері бірітіндеп үйренеді), проблеманы шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, олардың шешімдерін тексепру және ең соңынан меңгерілген білімдерді бір жүйеге келтіру мен бекітуді басқару ретіндегі әрекеттердің жиынтығын» түсінеді.
И.Я.Лернер проблемалық оқытудың мәнін «оқушы мұғалімнің басшылығымен өзі үшін жаңа танымдық және практикалық мәселелерді совет мектебінің білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына сай келетін белгілі бір жүйеде шешуге қатысатындығын» көреді.
Т.В.Кудрявцев проблемалық оқытудың мәні «оқушылардың алдына дидактикалық мәселелердің қойылып, оларды шешуі мен оқушылардың талдап қорытылған білімдерді және проблемалық мәселелерді шешу принциптерін меңгеруінде» деп түсінеді.
Әбден талданып қорытылған анықтаманы М.Н.Махмутов тұжырымдады: «проблемалық оқыту – бұл дамыта оқытудың бір типі, онда оқушылардың жүйелі өз бетінше іздену әрекеті олардың дайын ғылыми қорытындыларды меңгеруімен үйлеседі, ал әдістер жүйесі мақсатты жорамалдау мен проблемалылық принципін ескере отырып құрылған; оқыту мен оқу өзара әрекеттесу процесі оқушылардың танымдық дербестігін, проблемалық ситуация жүйесімен детерминделген іс-әрекет тәсілдерімен ғылыми ұғымдарды меңгеру барысында ойлау қабілеттері мен тұрақты оқу мотивтерін қалыптастыруға бағдарланған».
Сонымен, проблемалық оқыту – бұл оқытушы жүйелі түрде проблемалық ситуацияларды қалыптастыра және оқу проблемаларын шешу бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың өз бетінше іздену әрекетін ғылымның дайын қорытындыларын меңгерумен оңтайлы үйлестіретін оқыту типі.
Проблемалық оқытудың негізгі элементі проблемалық ситуация болып табылады, оның өзіндік функционалдық сипаттамасы бар. Проблемалық оқуты білім алушылардың танымдық дербестігін, олардың логикалық, рационалды, критикалық және шығармашылық ойлауын және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оның дәстүрлі түсіндірмелі-иллюстративті оқытудан басты айырмашылығы осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет