Цилиндрлерi V-тәрiздi орналасқан двигательдерде, олар екi қатарға бiр-бiрiмен бұрыш жасап орналасады. Сонда машина жүрiсiнiң бағытымен қарағанда оң мен сол қатардағы цилиндрлер деп аталады. Бұл двигательдердiң ерекшелiктерiне қарама-қарсы орналасқан екi цилиндрдiң поршеньдерi иiндi бiлiктiң бiр мойнына жалғасады. Сөйтiп олар бiр-бiрiне тәуелдi жұмыс атқарады. Двигательдiң айналу бағыты сағат тiлiне қарсы бағытталатындықтан, алдымен оң қатардағы поршень қозғалысқа келедi де, соңынан аралықтардағы орналасу бұрышына байланысты сол қатардағы поршень iске қосылады. Көбiнесе ол бұрыштың шамасы 900 болады. Сонда екеуiнiң өзара кешiгуi иiндi бiлiк ширек айналысына, яғни 900-қа тең. Олай болса, қарама-қарсы орналасқан цилиндрлердi өзара 900-тан кейiн бiрiктiрiп алсақ, онда жалпы двигательдiң қатар орналасқан двигатель сияқты болмақ