ЗАТТАР МЕН ӚНДІРІС
ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІМІ
Өндірістегі ғимараттардың ішінде өрт қауіпсіздігін алдын алу шараларына қатысты барлық жағдайлар қатаң қарастырылған болса, онда өрттің жəне жарылыстың пайда болу салдары айтарлықтай кемиді. Осыған байланысты, өндірістік ғимараттарды құрастыруда немесе соғу барысында, міндетті түрде өрт қауіптілігін анықтау қажет. Өрт қауіптілігінің дəрежесі бойынша барлық заттар мен материалдардың тұтанғыштық сипаттамасы бағаланады.
Тұтанғыш – тұтану көзінің əрекетіне байланысты заттың жану мүмкіндігі. Жанғыш – тұтанғаннан кейінгі заттың өздігінен жану қабілеттілігі.
Тұтанғыштығына қарай барлық заттар мен материалдар тез тұтанғыш жəне баяу тұтанғыш, ал жанғыштығына қарай – жанбайтын, баяу жанатын, жанатын болып бөлінеді. Тез тұтанғыш заттарға, тұтану көзі əлсіз əсер ететін тұтанғыш заттар жатады (күкірт жалыны, жарқырау, ашық электр көздері жəне т.с.с.). Баяу тұтанғыш заттарға, тұтану көзі күшті əсер ететін тұтанғыш заттар жатады.
Жанбайтын заттар, ауда жану қабілеті жоқ; баяу тұтанғыш – тұтану көзінің əсерінен жанады, бірақ оны жойғанда сөнеді; жанатындар қатарына – тұтану көзінің жойылғанына қарамастан жануды тоқтатпайтын заттар жатады.
Жүк тасымалдау процесінде тиісті шараларды қабылдау үшін өртке қауіпті заттарды міндетті түрде назарға алу қажет.
Жарылғыш, өрт жарылысы жəне өрт қауіптілігіне қарай барлық өндіріс ғимараттары жəне үй жайлары алты санатқа бөлінеді: А, Б, В, Г, Д, Е. Оның ішіндегі қауіпті өрт жарылысына жататын санаттары А жəне Б, өрт қауіптілігі – В, Г, Д, жарылғыш – Е.
Жарылысына қарай үй-жайлардың жіктемесі жəне өрт қауіптілігі 6.1кестеде көрсетілген.
Отқа төзімді дегеніміз – бұл белгілі бір уақыт аралығында құрылымның өрт əсеріне эксплуатациялық сапасын (функциясын) сақтай отырып төтеп беруі. Отқа төзімділігімен, отқа төзімді шектілігі жəне тұтанғыштығымен сипатталатын тобы бойынша, құрылысты салы сегіз дəрежеге бөлінеді (I, II, III, IIIa, Шб, IV, IVa,V): отқа төзімділік шектілігі 1,5ч (I дəрежелі) бастап 0,25ч (V дəрежелі) дейін. Өндірістегі өрт қауіпінің санаты қажетті отқа төзімді дəрежесінің нормаларына, өртке қарсы қабырға мен еденнің рұқсат етілген аумақтың мөлшері жəне ғимараттың қабаттар санына байланысты болады. Өрт қауіпсіздігінің А жəне Б санатына жататын өндіріс объектілері, тек қана I жəне II дəрежелі отқа төзімді үй-жайларға орналасуға рұқсат беріледі.
Екі жəне оданда көп қабатты ғимараттағы қоймалардың жəне автокөлікке қызмет көрсететін орындарын есепке алмағанда отқа төзімділігі жағынан II дəрежеден кем болмауы қажет.
Отқа төзімді бір қабатты ғимараттың қоймасында сақтау, техникалық қызмет көрсету жəне автокөліктерді жөндеу жұмыстары оның автокөлік санына қарай есептеледі.
|
6.1. Кесте. Өрт жарылыс жайларының сыныптамасы.
|
қауіпі бойынша
|
автокөлік
|
кəсіпорын үй-
|
Санаты
|
Өндірістік үй-жайлар
|
|
А, Б (өрт жарылыс қауіпі бар)
|
Сырлау, бояуды дауындау, ацетиленген, генераторлы газ бөлімшесі, жанар-жағармай, материалды бояу жəне сырлау
қоймалары
|
|
В (өрт қауіпі бар)
|
Автокөлік сақтайтын үй-жай, ағаш өңдеу, шиномонтажные, қышқыл бөлімшесі, резеңке жəне жанар-жағармай материалдарының қоймасы; техникалық қызмет көрсету
жəне жөндеу посттары
|
|
Г (өрт қауіпі бар)
|
Ресорлы-ұстағана жəне радиаторлы-медниц учаскесі
(цехтері )
|
|
Д (өрт қауіпі бар)
|
Көлік жуу орындары, техникалық-слесар, агрегатты, техникалық қуат, карбюраторлы, аккумуляторлы (жөндеу),
қаңылтыршы участкесі; темір жəне қосалқы бөлшектердің
қоймасы
|
|
Е (жарылыс қауіпі бар)
|
Қуат жинақтаушы батареясы
|
|
Сақтауға қойылатын 51-100 немесе қызмет көрсетілетін 11-30 автокөлікке III дəрежелі, ал саны жағынан одан жоғары болса онда ол II дəрежелі отқа төзімді болуы қажет. III дəрежелі отқа төзімді ғимараттың сырты жанғыш заттармен қапталса, онда қызмет көрсетілетін автокөліктерге арнайы өртке төзімді қабырғасы бар үй-жайлар болуы қажет. Отқа төзімділік дəрежесіне қарай өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, жанар-жағармай құйатын орындар немесе сұйық отын сақталатын қоймалар мен басқа ғимараттардың ара-қашықтығы міндетті түрде 10...14 м болуы керек. Автокөліктерді ашық сақтайтын алаң жанар-жағармай құю бекетінен 10 м ара-қашықтықта орналасуы қажет. АТП аумағында жер бетінде орналасқан сұйыққоймада сұйық отынды сақтауға тыйым салынады. Ашық алаңда бір топта 200 автокөліктен артық сақтауға болмайды. Өрт қауіпсіздік шаралары бойынша əр топтағы автокөліктердің ара-қашықтағы 20 м кем болмауы тиіс. Автокөліктерді ашық сақтау алаңы отқа төзімділігі бойынша I жəне II дəрежелі ғимараттардан 15 м кем емес, ал отқа төзімділігі бойынша III, IV жəне V дəрежелі ғимараттардан 20 м кем емес ара-қашықтықта орналасуы керек.
Міндетті түрде, ұстаханалардың, жылу, дəнекерлеу учаскелерінің (S> 100м2 алаңы); энергияны жинақтаушының (S> 25м2 алаңы); жанар-жағармай қоймаларының (S> 50м2 алаңы); ацетиленді-генераторлық, сырлау учаскелерінің; майларды регенерациялау үй-жайларының; тезжанғыш материалдардың қоймаларының шығу жолдары болуы шарт.
Отқа төзімді II жəне III дəрежелі үй-жайлардағы рессорлы-темір, жылу, дəнекерлеу, желімдеу, сырлау, жинақтау, ағаш өңдеу жəне түсқағазбен жұмыс жасау, стендті қозғалтқышты тексеру, ацетиленді-генераторлық станция, майларды қалпына келтіру, ватокөлікті сақтау, майлау үшін жəне материалды бөлшектеуге жанбайтын қабырға, барынша отқа төзімділігі қабырғаның 1ч кем емес болуы, ал ғимараттар IV дəрежелі отқа төзімді болуы – жанбайтын құрылымның отқа төзімділігі кем дегенде 0,75 ч болуы. Ішкі есіктерінің барынша отқа төзімділігі 0,75 ч кем болмау қажет.
Сақтау орындарында, қызмет көрсетуде жəне жөндеуде автокөліктерге жанар-жағармай құюға, төгуге, жанармайды сақтауға (автокөлікке отын құятын орнынан басқа), ашық отты пайдалануға, ұстахана кені, отты шам, дəнекерлеу аппараты, зарядты жинақтаушы батареясы, сонымен қатар автокөліктің қорабы, бөлшектерін, жиынтығын, қолын жəне киім-кешектерін жанармаймен сүртуге жəне жууға тыйым салынады. Бөлшектер арнайы үйжайда жуылады. Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу үй-жайының айналысында жанар-жағармайға пайдаланған бос материалдарды қалдыруға болмайды. Өңделген майларды техникалық қызмет көрсету үй-жайынан тыс жерде, арнайы өртке қауіпсіз үй-жайында немесе жер асты цистерналардағы темір бөшкелерде сақтауға болады. Шатыры жоқ жеңіл жабылған оқшауланған бірқабатты ғимаратта ацетиленді генераторды орнатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |