4. Әлеуметтік сала



Дата23.02.2016
өлшемі29.49 Kb.
#4828
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2015 жылдың 1 жарты жылдығына арналған әлеуметтік – экономикалық даму жөніндегі ақпаратты жолдайды.

4. Әлеуметтік сала

Есептік кезең басында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 376 адам өтініш білдірді, тұрақты жұмыс орындарына 332 адам орналасты. Жұмыспен қамту секторында тіркелген, жұмыссыздар саны 75 адамды құрайды.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа жоспарда 90 адам болған кезде, 131 адам жолданды, орындалу пайызы 145,6 % құрады. 2015 жылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға 17,3 млн.теңге бөлінді, 6 ай ішінде 6,6 млн.теңге бөлінді, қаржылар игерілді.

2015 жылдың 1 жарты жылдығының ішінде әлеуметтік жәрдемақылар: жалпы 0,4 млн.теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 46 жәрдемақы, 1,7 млн.теңге сомасында 18 жасқа дейінгі, балалары бар, отбасыларға 364 жәрдемақы тағайындалды. 13,7 млн. теңге сомасында 3551 тұрғын үй көмегінің жәрдемақысы тағайындалды.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша 20,9 млн. теңге сомасында 1582 жәрдемақы тағайындалды.

Бөлімде «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіледі. МЗТО мәліметтері бойынша Саран қаласы бойынша 2300 мүгедек есепте тұр, соның ішінде 320 адам – І топ мүгедегі, 1148 адам – ІІ топ мүгедегі, 704 адам – ІІІ топ мүгедегі, 128 адам – бала кезінен мүгедек. Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінде 25 мүгедекке қызмет көрсетіледі.

Бөлімде «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіледі. МЗТО мәліметтері бойынша Саран қаласы бойынша 2389 мүгедек есепте тұр, соның ішінде 322 адам – І топ мүгедегі, 1120 адам – ІІ топ мүгедегі, 716 адам – ІІІ топ мүгедегі, 131 адам – бала кезінен мүгедек. Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінде 25 мүгедекке қызмет көрсетіледі.

Мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға қызмет көрсету бойынша үйде әлеуметтік көмектің 4 бөлімшесінде, соның ішінде Ақтас кенті бойынша 257 адамға қызмет көрсетіледі.

Мүгедектер санындағы мүмкіндіігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бойынша үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінде 80 балаға, соның ішінде 18 жастан асқан 19 мүгедекке қызмет көрсетіледі,.

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын көрсетуге бюджеттен а.ж. 6 айы үшін 9,2 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» екінші бағыты бойынша 12,176 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Қаржыны игеру аймақтық комиссия отырысында пайыз мөлшерлемесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.

2015 жылдың есептік кезеңінде Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін өтініш білдірді және жалпы 6,5 млн.теңге сомасында 3 адам бизнес – ұсынысты ұсынды. Шағын несиенің әлеуетті алушыларын іріктеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Мамырда Бағдарламаның 1 қатысушысына қайтарымды қаржы есебінен 3,0 млн. теңге сомасында шағын несие берілді (жүк тасымалдарын ұйымдастыруға). Қосымша 1 жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаның «Жұмыс берушілердің қажеттіліктерінің шеңберінде қайта оқыту және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» 3 бағыты бойынша, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 10 айлық оқу мерзімімен «Саран қаласының техникалық колледжі» КММ базасындағы «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мен «Техникалық қызмет көрсету және авто көлік транспортын пайдалану» мамандығы бойынша кәсіптік оқуға жолданған, Бағдарламаның 9 қатысушысы оқуын аяқтады.

2015 жылдың 4 мамырында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы – техникалық колледжіне «Аспаз» және «Электрмонтаждаушы» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарына 16 адам жолданды (жоспар – 16 адам). Оқудың аяқталу мерзімі 31 тамыз 2015 жыл.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға: 2015 жылға 3,040 млн. теңге бөлінді, 1 жарты жылдық ішінде - 0,798 млн.теңге бөлінді және игерілді, игерілгені – 100%.

2015 жылдың 4 мамырынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобынан 23 адам жұмысқа орналастырылды (жоспарда 19 адам болған кезде).

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыстағы алғашқы тәжірибені алу үшін жастар практикасына кәсіптік оқу орындарының 16 түлегін жолдау жоспарлануда. Қаланың 12 кәсіпорны мен ұйымдарынан 16 жұмыс орнына өтініш түсті.



Бағдарламаға қатысу және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 134 адам өтініш білдірді, 92 адам жұмысқа орналастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет