4. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері


Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау



бет6/7
Дата18.12.2022
өлшемі88.33 Kb.
#467438
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
обзор-лек-каз- (3)

15.Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық жағдайында көп қалдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтатын тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.
Педагогикалық тұрғыдан ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл кемшіліктер ұйымдастыру түрінің нашарлығына жатады. Толық дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағының жалпы тығыздығы 100% болуы керек, сондықтан да уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтатын тығыздық дейміз. Қозғалтатын тығыздық – сабақтың негізгі бір өнімділігін, сапасын көрсететін көрсеткіш. Біз оның жоғары болуына ұмтыламыз. Қозғалтатын тығыздық жаттығу сабақтарында – 70-80%, оқу сабақтарында – 60-70% болуы керек. Сабақтың қозғалтатын тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді, жаттығуларды толассыз орындау әдісін, айналмалы жаттығу әдісін қолданады, сыныпты топтарға бөледі, барлық оқушы бірден жаттығуға мүмкіншілігі бар жабдықтарды пайдаланады, сабақта сынып белсенділерін көмекке тартады.
Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының қимыл- әрекеттерін тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз қағазға толық дұрыстап жазып, сызып хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүргізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық іс-әрекеттерін айтып, жазып отырады. 1-бағанаға оқушының әрекеттерінің мазмұны, 2 бағанаға секөнд бойынша қимыл-әрекеттердің аяқталған уақыттары жазылып отырады (хаттама үзіндісі келесі бетте).
Оқушының мынандай қимыл-әрекеттері хаттамаға тіркеледі:
1. Жаттығуды орындауы. Барлық жаттығуларды орындау уақыттарын секундомермен дәл анықтау. Уақыт 4-бағанада көрсетіледі.
2. Жаттығуды орындағаннан басқа ретте оқушының жағдайлары: мұғалімнің көрнекі құралдарды, жаттығуларды көрсетуін бақылау, тыңдау, тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу, қайта сап құру, сабақ орнын дайындау т.с.с. Уақыты 3-бағанада көрсетіледі.
3. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылмаған іс-әрекеттер: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ уақыт бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл әрекеттер арқылы уақыттар хаттаманың 5-бағанасында тіркеліп, олар мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыттар деп аталады.
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасының үлгі ретінде нұсқасын төменге кестеден қараңыз (11-кесте).

11-кесте. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасы


Сынып ---------- Оқушылар саны -------


Сабақ жүргізілген жер -------------
Сабақ түрі -------------------
Сабақ жүргізуші ---------------
Бақылаудағы оқушы ----------------------
Хаттама жүргізуші --------------------------



Оқушылар әрекеттерінің
мазмұны

Әрекеттің аяқталған уақыты

Мұғалімді тыңдау,
кезек тосу т.б.

Жаттығу-
ларды
орындау

Мұғалімнің
күнәсінен болған
бос уақыт

Сапқа тұру, рапорт
беру, сабақ
міндеттерін түсіндіру

8.02


2








Саптық жаттығулар

8.03




1




Жүру, жүгіру жаттығулары

8.08




5




Орнында тұрып орындаған жалпы дамыту жаттығулары

8.12




7




Сапқа тұрғызу,
тапсырманы түсіндіру

8.17

2







Негізгі
жаттығуларды орындау

8.22




5




Қатесін түзету

8,23

1







Тапсырма беру

8.25

2







Жетекші жаттығуларды
орындау

8.35




10




Қателерін
түзету,
қайталап түсіндіру

8.36

1







Жылдамдықты
дамыту жаттығулары

8.41




5




Ағзаны қалпына
келтіру жаттығулары

8.43




2




Қорытынды
жасау, үйге
тапсырма беру

8.45

2







Барлық уақыт

45 мин

10 мин

35 мин

00 мин

Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2-бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағы мақсатқа сәйкес орындалған уақыттар қосылады да, сабақтың жалпы уақытына бөлу, оларды 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздығы анықталады.


Мақсатқа сәйкес кеткен уақыт 45


Жалпы тығыздық = ------------------------------- ----------------х 100 % = ---- х 100 = 100%
Жалпы сабақ уақыты 45

Біздің үлгі ретінде берген бұл хаттама бойынша сабақтың жалпы тығыздығы - 100%. Мұғалімнің күнәсінен болған бос уақыттар жоқ, сондықтан дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағы деп есептеледі.


4-бағанадағы жаттығуды орындауға кеткен уақытты сабақтың жалпы уақытына бөлу,100 пайызға көбейту арқылы сабақтың қозғалтатын тығыздығын анықтаймыз.

Жаттығу орындауға кеткен уақыт 35


Қозғалтатын тығыздық ------------------------------ ------------- х 100 % = ---- х 100 = 77,7
Жалпы сабақ уақыты 45

Біздің бұл жағдайымызда, хаттама бойынша қозғалтатын тығыздық - 77,7 пайыз. Ереже бойынша қозғалтатын тығыздық 60-70 пайыздан жоғары болуы қажет, сондықтан да 77,7 пайызбен өткізілген сабақтың қозғалтушы тығыздығы өте жақсы деп есептеледі.


Жалпы және қозғалтатын тығыздық көрсеткіштерін салыстыра отырып, әрбір мұғалім өз жұмысындағы сабақтың қанша пайыз сапалы өткенін біледі.

16.Сабақта жүктемені мөлшерлеу.


Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты – қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды оқушылардың орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз – жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз оның көлемін
және қарқындылығын өзгерту. Жүктеме көлемі дегеніміз – орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.). Оқушының жаттығуды қандай жылдамдықта, қарқында орындап жатқанына қарап жүктеменің қарқынын білеміз.
Жүктеме қарқыны – орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт немесе жаттығуды орындау жылдамдығы. Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші – жүрек соғу жиілігі. Аз жүктемелер оқушылардың дене дайындығының жоғарылауына күшті әсер бермесе, дұрыс берілмеген өте үлкен жүктемелер балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаттығуларды орындау кездерінде оқушыларда шаршау белгілері байқала бастаса (қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімділігі бұзылса, тыныс алу жиілесе, бет әлпеті қуара бастаса), жүктемені азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде жүктемені реттеу – жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады. Дене тәрбиесі сабағында жүктемені реттеу мен сабақтың тиімді, дұрыс өткізілгенін бағалау, сабақ тығыздығын анықтау үшін, оқушының сабақтағы әрекеттерін хаттама жүргізіп тіркеу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «хронометраж» – әрекеттерді тіркеу деп аталады.
Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде жүктеменің қалай берілгенін, оның мөлшерін анықтау үшін тамыр соғысын есептеу, өлшеу, оны хаттамаға тіркеу тәсілі қолданылады. Ол тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «пульсометрия» - тамыр соғыстарын тіркеу деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет