№4 Межелік бақылау 31.Қазақстан халқының тарихы



бет1/6
Дата16.04.2024
өлшемі105.31 Kb.
#498791
  1   2   3   4   5   6
яяяяяя


№4 Межелік бақылау
31.Қазақстан халқының тарихы
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. 2023-ші жылдың басында елдегі қазақтар саны — 13,9 млн. адам болды.
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезеңі сонау арийлер мен турлар заманынан бастау алады. Келесі кезеңді Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты. Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті.
Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймақта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы, тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті. Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды

32.Аудиторияда


-Салем Алина
-Салем Ануар,қазір қандай сабақ басталады?
-Қазір қазақ тiлi сабағы басталады.
- Бүгiн бiз қандай такырып өтемiз?
-Бүгiн бiз септiктердi өтемiз
- Қазақ тiлiнде қанша септiк бар?
- Қазақ тiлiнде жетi септiк бар,олар атау септiк, iлiк септiк, барыс септiк, табыс септiк, жатыс септiк, шығыс септiк, көмектес септiк.
- Рахмет,саубол Алина
-Саубол Ануар
33.Кітапханада , оқу залында
-Сенің институтын да кітапхана бар ма?
---Иә, менің институтым да кітапхана бар.
--Кітапхана нешінші қабатта орналасқан ?
--Кітапхана бірінші қабатта орналасқан.
---Институт кітапханасы қандай ?
---Институт кітапханасы кең, жарық және таза.
--Кітапханада қандай кітаптар бар?
--Кітапханада өте көп кітаптар ,қазақ, орыс және басқа да елдердің шығармалары бар.
--Сен кітапханаға жиі барып тұрасын ба ?
--Иә, мен кітапханаға жиі барып тұрамын.Өйткені мен кітап оқығанды жақсы көремін.
--Сен қандай кітаптарды оқисын?
--Мен көбінесе қазақ халқының жазушыларының шығармаларын оқимын.
34.Емханада

35.Асханада


-Сәлеметсізбе ,
-сәлем
-бүгін сізде қандай дәмді тағамдар бар?
-бүгін бізде ыстық тамақ және самса ,шоколад,пицца бар,
-сен не сатып аласын?
-мен,самса,шоколад сатып аламын.
-сау болыңыз
-сау бол
36. Дәргердің қабылдауында
Мадинаның тісі ауырды ол стоматологиялық емханаға барып,тіс дәрігеріне көрінді
-Дәрігер, менің тісім күні бойы ауырды,сіз менің тісімді емдейсіз ба?
-Сен тісіңді неше рет тазалайсың?
-Күніне екі рет
-Ал тамақтан кейін тісіңді шаясың ба?
-Жоқ!
-Міне осының кесірінен сенде кариес пайда болды,қазір мен тісіңді емдеймін,содан кейін менің берген дәрі-дәрмектерімді қабылдап,кеңестерімді орында!.
-Жақсы,сізге көп рахмет сіздің айтқан кеңестеріңізді мен орындаймын! 
5 Межелік бақылау
37.Қазақстаның ресми мерекелері
Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:

  • Жаңа жыл (1-2 кантар)

  • Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)

  • Наурыз мейрамы (22 наурыз)

  • Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)

  • Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)

  • Жеңіс күні (9 мамыр)

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)

  • Республика күні (25 казан).

Сонымен қатар елімізде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Кәсіптік мерекелер негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.Олар:

  • Отан қорғаушы күні (7 мамыр)

  • Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),

  • Баспасөз, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )

  • Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)

  • Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)

  • Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)

  • Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)

  • Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,

  • Білім күні (1 қыркүйек),

  • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)

  • Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)

  • Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )

  • Ұлттық валюта күні (15 караша)

  • Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)

  • Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).

Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері демалыс күндері болып саналады
38.Қазақстаның мемлекетік рәміздері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет