47.Көшеде.Көлікте
-Кешіріңіз, 117-ші үй қай жерде екенін айта аласыз ба? Мен жергілікті емеспін, аздап адасқанмын.
-Иә, әрине. Сізге «Кактус» кафесіне жету керек, солға бұрылып, жолды кесіп өтіп, қиылысқа бару керек, сіз бірден үлкен ғимаратты көресіз - бұл сізге қажет үй.
-Үлкен рахмет!
Көлікте
- Қайырлы күн, Мәскеуге қашан кететініңізді айтыңызшы?
-3 сағаттан кейін
-Тағы орындарыңыз бар ма?
-Иә, әрине!
-Рақмет сізге
- Жолыңыз болсын
-Рақмет сізге
48.Театрда
Асылай: Демалыс күндерің қалай өтті? Ауылдағы ата – әжем келеді деп едің, келді ме?
Айжұлдыз: Иә, атам мен әжем келіп, бір марқайып қалдық. Демалыс күндерімізді отбасымызбен қызықты, әрі пайдалы өткіздік.
Асылай: Бір жаққа қыдырып бардыңдар ма?
Айжұлдыз: Иә, дәл қазір қаламызда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық.
Асылай: Театр деген жанға демалыс қой... Қойылым қалай болды?
Айжұлдыз: Керемет болды. Барлығымызда ұмытылмас әсер алдық. Бұл қойылым - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Ән махаббаты мен Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.
Асылай: Театр қаламызда әлі ұзақ болады ма екен, білмейсің бе?
Айжұлдыз: Ол жағын білмедім, бірақ үлгерсең, міндетті түрде барып, өз көзіңмен тамашалауға кеңес беремін.
Асылай: Онда театр телефонын тауып, звондап көрейін.
49.Ел орда –Астана
«Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |