4 шағын несие ұйымдарында табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері



бет1/3
Дата11.02.2020
өлшемі0.55 Mb.
#447958
  1   2   3
кирисшыгыс



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1. ШАҒЫН НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Несие саласының ерекшеліктері және олардың есептік жүйенің қалыптасуына әсері.....................................................................................................6

1.2 Табыстар мен шығындар туралы түсінік. Табыстар мен шығындардың танудың критерийлері...............................................................................................17

1.3 Табыстар мен шығындар аудитін ұйымдастырудың жалпы мәселелері.......22

2 «АРНҰР КРЕДИТ» ШАҒЫН НЕСИЕ ҰЙЫМЫНЫҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ



2.1 «Арнұр кредит» ШНҰ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері.....26

2.2 «Арнұр кредит» ШНҰ табыстар мен шығындардың есебі.............................33



2.3 «Арнұр кредит» ШНҰ табыстар мен шығындардың аудитін ұйымдастыру..............................................................................................................41

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................59
ТІРКЕМЕЛЕР..........................................................................................................60

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына (былайша айтқанда, ТМД-ң барлық елдеріне сияқты) үлкен өзгерістер енгізді. Егер бұрыңғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құралса, енді олар есеп айырысулар, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.



Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың негізгі мақсаты - пайда табу болып табылады. Осы ретте бухгалтерлік есеп пен аудиттің маңызы зор. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кiрiстер дегенiмiз активтердiң көбеюi немесе есептiк кезеңдегi мiндеттемелердiң азаюы. Ал шығындар дегенiмiз есептiк кезеңдегi активтердiң азаюы немесе мiндеттемелердiң көбеюi. Тиiстi шығындарсыз әдетте кiрiс табу мүмкiн емес. Өз кезегiнде кiрiс алмай кәсiпорынды дамыту және әлеуметтiк мәселелердi шешу мүмкiн емес. Шығындар меншiктi басқару мен өндiрiспен тауарлы материалды қорларды өткiзумен, жұмыстарды орындаумен, қызметтердi көрсетумен және зияндармен байланысты шығындарды қамтиды. Олар көбiнесе ақшалай қаржылар, материалды қорлар, жылжымайтын мүлiк, құрлыстар мен жабдықтар сияқты формада болады. Шығындардың жалпы көлемiндегi елеулi үлестi өнiмдi өндiру және өткiзу шығындары алады. Бұл шығындар кәсiпорынның жұмыс iстеу сапасын анықтайтын негiзгi бағалау көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құн деңгейi және оның динамикасы базистi және есеп беру кезеңдерiнде негiзгi және айналым қорларының қаншалықты тиiмдi пайдаланылғанын еңбектi Ұйымдастыру тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн және үнемдеу режимiнiң сақталуын көрсетедi. Құнның ең көп құрамдас бөлiгiн ала отырып өнiмнiң өзiндiк құнын өндiрiс шығындарының көлемiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiш болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құны бұйымның бағасын жобалау және белгiлеу үшiн бастапқы база болып табылады. Баға белгiлеуде өнiмнiң өзiндiк құны бағаның ең төменгi шегi болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында бұның өзi өндiрiс резервтерiн iздестiрудi ынталандырады.

Шығындарды дұрыс анықтау кiрiске салық салу кезiнде салық органдармен мүмкiн болатын шиелiнiстерден аулақ болуға көмектеседi.

Несиелік ұйымдарда табыстар мен шығындар есебінің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді.

Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы- қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады. Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.

Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.

Экономиканың нақты секторындағы сырттан тараған қаражат - қазіргі Қазақстан қоғамының ең бастапқы тапсырмасының бірі болып табылады. Осыдан банктік жүйенің дамуы мен тиімді жүйелерінен экономика секторының барлық салаларының дамуына ықпал етеді.

Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады

Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Казақстан экономикасындағы кәсіпкерліктер, шағын, орта және ірі бизнестерге несиелеуді ұйымдастыратын «Арнұр-кредит» шағын несие ұйымының табыстары мен шығындарының есебін ұйымдастыруды зерттеу және оны жетілдіру бағытында ұсыныстарды дайындау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әәдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ШАҒЫН НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несие саласының ерекшеліктері және олардың есептік жүйенің қалыптасуына әсері
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді [1]. Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қайтарылуы құн қозғалысың сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондыөтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. А тауарды В тауарға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикаплық қатынастырдың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.

Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. Біз жай тауарлар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшадай формада болады. Қарыз кезінде ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді [2].

Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: А тауарды В тауарға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік А-дан В-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: А В-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн А-дан тауар В-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік А-да сақталады. Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдаланумен сәйкес келуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін, тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасы осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.

Несиенің экономикалық категориясы ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – несие – бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің неиселік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.

Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысың формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас професінің өндірістік байланысның типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді [3].

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жйынтығынің ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; содан соң бұл құбылыстар талданады, тұмендегі белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлекметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болу кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эконмикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза тнхникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынанда қарастыруын, яғни машина өндірісінің негізінде пайда болатын және даитын өндірістік байданыстардың формаларымен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда – біз машина өндірісін техникалық – экономикалық категория, ал екінші жағдайда – экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық – заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында эконмикалық ұғым категориясы ретінде қабылданады.

Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ереркшк түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категория. Несиенің және несилік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.

Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайдағыны тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекетті, қз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.

Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасының емес, такар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасының іздеу қажет.

Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: бірте-бірте айырбас саудаға айналды; сауда мен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болды. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады [5]

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының балгілі бір тип. Сондықтан несие экономикплық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберәнде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.

Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айналысқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктерден шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты талап етеді. Әр түрлі такарлардың өндірісі жылдың әр түрлімерзімімен байланысты.бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс сапар шегуі қажет. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінле көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиң қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, такарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдай да сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төленгеннен кейін алады.

Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының ыормасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады [4].

Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай, өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.

Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың айналымы. өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.

Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, кпиталдардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді. Оолардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозңалысына байланысты байқауға болады.

Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс пройесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына келіп соғады. Бұл кәсіпорын оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғанапайдалана алады.

Алайда негізгі кпиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, деталдарымен емес толығымен алылады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы, жинақталған амортизайиялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттарды жинақтауды қажет етеді.

Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бір қалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының және олардың шеңбер айналымы сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларда олардың жеткіліксіздігі пайда болады [5].

Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымның ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы-материалды құндылықтарды бір реттік әкелумен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар қозғалысындағы бір қалыпсыздық дайын өнімдерді жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды қткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келмейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орнының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге тауарды өткізу нарығынан бұл алшақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Тауарлай жәнеақшалай формаларға ие өндірістік капиталдың шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналыс уақыты арасындағы, оның ақша формасында щоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болады.

Біріншіден қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.

Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің – «С», «В» және «М»- өнімдері болуы мүмкін.

Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын «В»-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.

Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактысын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымда несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.

Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар – кредитор және қарыз алушы – экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырылуы қажет; 2 – несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге, өзара мүдделілікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайлар да несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады [6].

Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе объектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттіліклі туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категорияларын өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамассыз етіп қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Неисенің бұл қызметі неиселік ақшалар: чектер, векселдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болвп табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогрестер жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технонологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорын қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банк несиелер есебінен қаржыландырылады.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы жәнеішкі өзерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергеніменде, несиеформасы сол күйінде сақталады.


ҚР-ның несиелік жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет