«Себет» әдісі (ауызша әртүрлі сұрақтарға жауап беріңіз).
- Мүмкіндігі шектеулі балалардың категорияларын атаңыз?
- Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері дегеніміз не?
- Сенсорлық бұзылыс бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу дегенді қалай түсінесіз?
Әдістемелік ұсыныс
Тәжірибелік сaбaққa берілген әртүрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауда әдебиет көздеріне шолу жасай отырып, өз ой-пікірлеріңізді білдіріңіз. Тапсырма мазмұнын толық аша отырып, нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
Тексеру сұрaқтaры
1. Қозғалыс функциялары мен қозғалыс дағдыларының бұзылу ауырлық деңгейіне байланысты топтарын ата?
2. Сенсорлық бұзылыс түрлері?
3. Сенсорлық бұзылысы бар балаларға білім беру дегеніміз не?
3. Жалпы психикалық жетілмеген балалар классификациясын ата?
4.Қазақ халқы «Тән ауырса жан ауырады», «Тәні саудың - жаны сау», «Жан – кеудеге қонақ» сияқты мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасын қалай түсіндіреді?
Шағын жоба тақырыбы
Инклюзивті білім беру жағдайында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Жобаның түрі: зерттеу жобасы
Жобаны орындау алгоритмі келесі сатылар бойынша жұмысты орындау арқылы жүзеге асады:
Топқа берілген кейспен (мәселе) танысу.
Мәселенің туындау факторларын анықтау
Мәселені шешу шараларын ұсыну
Достарыңызбен бөлісу: |