ІІ. Белсенді оқыту тапсырмалары
1. Жануарлар
1.1 Сен қандай жануарларды білесің?
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Сөздік қор: жануарлардың
аттарын үйрету
Дағды
Жазылым
Ойлау әрекеті
Жіктеу
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа баулу,
қателіктерді қабылдауды үйрету
Қарым-қатынас түрі
Оқушылар санына қарай топтық
немесе жұптық жұмыс жүргізу
Жүргізілу барысы:
1. Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа үлкен парақ беріледі. Сынып оқушылары
көп болған жағдайда, олар жұпқа бөлінеді және әр жұпқа бөлек парақтан беріледі.
2. Әр топтың не жұптың оқушылары бір минут ішінде өздері білетін жануарлардың
аттарын ұсынылған параққа жазады.
3. Топ мүшелері өздері жазған парақты оң жақтағы топқа не жұпқа береді.
4. Келесі топ мүшелері парақтағы сөздерді оқиды да, тізімге тағы да жануарлардың
аттарын қосады.
5. Осылайша әр топ не жұп парақтарды оқып, өз ұсыныстарын қосып отырады.
Парақтар өз иелеріне қайта келгенде оқушылар жазуды тоқтатады. Өзге топтардың
қосқандарымен танысады.
6. 1-кестедегі атауларды пайдаланып, тақтаға қорытынды кесте сызылады.
7. Кестедегі атауларды оқыған кезде, оқушылар әр бөлімге сай келетін жануарларды
ауызша айтады: ферма жануарлары, үй жануарлары, жабайы жануарлар.
1
-кесте. Жануарлардың аттары
Ферма жануарлары
Үй жануарлары
Жабайы жануарлар
Тауық, сиыр, жылқы, қой,
түйе.
Қаз, мысық, ит, сиыр, қой,
жылқы.
Қоян, қасқыр, үйрек, піл, бақа,
түлкі, қабан, кесіртке, маймыл,
тышқан, арыстан, барыс.
Қосымша
• Бұл тапсырмаға қосымша жануарлар туралы зерттеу жұмысын жүргізуге болады.
Яғни әр топқа белігілі бір жануар ұсынылады. Ал топ оқушылары ол туралы мәлімет
іздестіре отырып, өз сөздерімен ақпараттық мәтін құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |