4 тілдік дағдыда indd


Айтылымды сыныпта қолдану



бет4/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Айтылымды сыныпта қолдану

  • Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.

  • Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар қолданып тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар. Оларды кесте арқылы салыстыра отырып түсініп көрелік.

    • Бақылауға алынған немесе шектелген практикалық жаттығу – сабақ барысында оқушылар тілдік бірліктің белгілі бір түрін ғана қолдануды үйренеді.

    • Тілді сауатты қолдану үшін практикалық жұмыстар жүргізіледі.

    • Жаттығулар тілдің белгілі бір формасына ғана негізделеді.

    • Жартылай бақылауға алынған практикалық жаттығу – оқушыларға

    белгілі бір тілдік бірлікті қолданумен қатар өзге де форманы таңдау мүмкіндігі беріледі.

    • Тілді сауатты қолдану және қарымқатынасқа түсу үшін практикалық жаттығулар ұйымдастырылады.

    • Тапсырма өмірге қажетті жағдаяттарға негізделеді.

    • Еркін практикалық жаттығулар – қарым-қатынасқа түсуге қажетті еркін практикалық тапсырмаларды қамтиды.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет