4 тілдік дағдыда indd



бет7/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдарына үстеулер (кейін, сосын, келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі), т.б. жатқыза аламыз.
Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы.
Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

  1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, стиль, жанр).

  2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.

  3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру.

  4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру).

  5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).

  6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.

Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.
Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым мәтіні, оның мазмұны, лексикасы, стилі және құрлымымен таныстырып, талдау жасату керек. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.
Ал егер де мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Абзацты жазуға негізделген сабақ үлгісі 1. Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады.
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие. Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет