4 тілдік дағдыда indd


Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану



бет10/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану

  • Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.

  • Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.

  • Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.

  • Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей:

Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
Оқылым дағдысына арналған сабақ үлгісі:
Жаңа сөздер: байғазы, сәлемдеме, сарқыт, бата беру, құрметтеу, көрімдік. Кіріспе сұрақтар:

  1. Әдептілік, сыпайылық дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Мәтін не туралы болуы мүмкін? Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы

  1. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.

  2. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады.

  3. Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.

  4. Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайнағаларының көзіне түспеуге тырысқан.

  5. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан сыртқа қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге болмайтын.

  6. Алыс сапардан немесе базардан қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.

  7. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Яғни, үйде қалған адамдар сарқыттан дәм татып, өздерін тойда болғандай сезінеді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, қазы-қарта, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. Сәлемдемені алған адамдар шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін.

  8. Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.

  9. Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруі барып тұрған әдепсіздік ретінде тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін. Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін.

  10. Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады. (материал http://kk.wikipedia.org сайтынан алынды.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет