3. Ұсынылған тақырыптық сөйлемдерді қолдана отырып, бір абзац құрастырады.
Тақырыптық сөйлем:
Жемістер мен көкіністердің пайдасы өте көпҚолдаушы сөйлемдер:
3. 4.
Қорытынды сөйлем:
5.
|
Тақырыптық сөйлем:
Жемістерді сақтаудың түрлі әдістері барҚолдаушы сөйлемдер:
3. 4.
Қорытынды сөйлем:
5.
|
Тақырыптық сөйлем:
Темекі шегу денсаулыққа зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
3. 4.
Қорытынды сөйлем:
5.
|
Тақырыптық сөйлем:
Денсаулықты нығайтудың бірнеше жолдары бар
Қолдаушы сөйлемдер:
3. 4.
Қорытынды сөйлем:
5.
|
Оқылым дегеніміз не?
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз. Оқылымның ішкі дағдылары:
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну.
Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ (листовка), хабарландыру, т.б.
Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.
Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |