Қосымша
• Бұл тапсырманы мимика орнына сурет салдыру арқылы ұйымдастыруға болады.
Менің сүйікті телебағдарламам
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
Сауалнама, сұрақтар қою
|
Дағды
|
Айтылым: тиянақтылық және еркін сөйлеу
|
Ойлау әрекеті
|
Мысалдар келтіру
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
|
Дайындық
|
43-кестенің көшірмесін дайындау керек.
|
Жүргізілу барысы
Оқушыларды бірнеше жұпқа бөліп, сауалнама сұрақтарын үлестіріп беріңіз.
Бір оқушы сауалнама сұрағын қояды, ал екінші оқушы жауап беру барысында дайын шаблонды қолдана алады.
Оқушылардың сұрақтарды дұрыс қойып, дұрыс жауап беріп жатқандығын тексеріңіз.
Жұптардың рөлін ауыстыруға болады немесе өзге жұптармен алмастыруға болады.
Оқушылар бес адаммен сұхбат жүргізеді. Олар бұл тапсырманы аяқтаған соң сауалнама қорытындысын айтады, ең сүйікті бағдарламаны анықтайды. Мысалы, Бес баланың төртеуі ... көреді. Олар оны әр ... сайын көреді. Олар оны ... үшін жақсы көреді.
Сонымен қатар сауалнама қорытындысы бойынша диаграмма жасауға болады.
43-кесте. Сауалнама
Достарыңызбен бөлісу: |