№40 гимназия


ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдай



бет2/7
Дата08.04.2024
өлшемі51.82 Kb.
#497900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Поэмадағы трагедиялық сипат.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдай.

  • ХХ ғасырдың бас кезіндегі (20-30 жылдардағы) қазақ әдебиеті.

  • Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны

  • «Құлагер» поэмасының жазылу тарихы

  • Тарихи деректер

    ІІІ. Жаңа сабақ.

    1. Кіріспе бөлім. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

    2. Негізгі бөлім.

    1. Әдебиет теориясын қайталау.

    1. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» шығармасы қазақ әдебиетінің қай жанрына жатады?

    2. Бұл шығарманың поэма екенін кім дәлелдейді?

      • Поэма дегеніміз – белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде жазылған көлемді шығарма.

      • Поэмада кейіпкерлердің образдары олардың іс-әрекеттері, ішкі сезімі, жан дүниесі арқылы ашылады.

      • Оқушылар бұл шығарманың сюжетінің бар екенін және өлең жолдарымен жазылғанын айтады.

    1. Трагедия дегеніміз не?

    • Соңы қайғылы оқиғамен шешім табатын драмалық шығарма.

    1. Шығарманың атауына назар аудару. Әр топ «Құлагер» деген сөзге топтау жұмысын жасайды.



    1. Поэма неліктен «Құлагер» деп аталған?

    Ілиястың «Құлагер» поэмасы, сырт қарағанда, ақынның сәйгүлігі – Құлагердің мерт болуына арналған. Бірақ бір жолдарында ақын:
    Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,
    Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.
    Шатасқан шалдуырдан жиіркенем,
    Елімнің серісіне сөз айтқызбай,
    дейді. Бұл поэма жазылған кезде халықтың ұлттық салт-дәстүрін тоталитарлық тәртіп «ұлтшылдық» деп жариялап, тыйым салған еді. Сол себептен Ақан сері болғандықтан серілікті ашық мақтау мүмкін емес еді. Осы жайларға байланысты Ілияс поэманың атын «Құлагер» деп алып, оқиғаны соның төңірегінде құрған да, өзінің мұратты ойын астарлап жеткізген.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет