44 беттің 16-ші беті



бет7/9
Дата14.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#198088
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып -14. Баға саясаты

  1. Нарық жағдайындағы баға

  2. Бағаның негізгі қызметтері

  3. Нарықтың құрылымы және баға жасау

  4. Баға жасаудың міндеттері

Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Құнмен бірге сұраныс пен ұсыныс бағаға өз әсерін тигізеді. Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын 5 қызметі белгілі:



  1. Есеп жүргізі қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді.

  2. Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.

  3. Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды.

  4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.

  5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.

Баға белгілеу ісіқиын және көпсатылы үдерісі болады. оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады;

бағаны жасау мақсатын анықтау

сұранысты анықтау

шығындарды бағалау

ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын және тауарларын талдау

баға құру әдісін таңдау

түпкілікті бағаны белгілеу.

Фирма түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін одан кейін маркетингті ортаның факторларына қарай анықтайды.


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 292-305б

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 166-176б.

3. Уткин Э.А. Маркетинг. М., 1998 146-222б.


Тақырып -15.Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы


  1. Өнімді өткізудің мәні

  2. Тарату арналары және оның қызметтері

  3. Делдалдарды таңдау.

Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыратын жоғары сапалы тауар өндірумен және сол тауарды тұтынушыға жеткізіп, оған оны өткізу қажет. өндірілген тауарды тиімді өткізуді қамтамасыз ету үшін фирма шаралар кешенін жүргізеді. өткізудің негізгі түрлерін және әдістерін зерттеп жетілдіру барысында түпкі тұтынушыға тауарды болашағы мол жылжыту әдістерін табуға және тиімді бөлшек сауда ұйымдастыруға көмектеседі.

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Өткізу арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Өткізу арналары көптеген қызметтер атқарады: өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметтің өндіріс үдерісіне қажет шикізат және материалдар сатып алу қызметін, маркетингті зерттеулер жүргізу, тауарды сорттау және орау жұмыстарын, тауарды қоймалау және сақтау жұмыстарын, тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін, тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметін, тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстарын және т.б.

Тауарды өткізу стратегиялары:


  • Қарқынды өткізу

  • Іріктеу стратегиясы

  • Эксклюзивті өткізу.

Өткізу стратегиясын жетілдіру және жүзеге асыру үшін мына сұрақтарды шешуді қажет етеді:

өткізку арнасын дәл таңдап белгілеу

оңтайлы өткізу әдісін таңдау

делдалдарды дұрыс таңдау және олармен ұтымды жұмыс жасау түрін анықтау

сервис қызметін тартымды және тиімді ұйымдастыру.
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып -16. Маркетингілік жоспарлау және бақылау


  1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және түсінігі.

  2. Стратегиялық маркетингті құрастыру үлгілері

  3. Маркетингілік жоспарлау

  4. Маркетингілік басқару

Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Ал шындығына келетін болсақ тәжірибе көрсетіп отырғанындай келешекке арналған жоспарлау көптеген жесіс береді. Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсаты мен әлуетті мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті келтіруді және оны қолдауды басқару үшін жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау:



  1. Ұйым жұмысының бағытын анықтауға және маркетинг зерттеулері құрылымын, тұтынушыларды зерттеу және өнімді жоспарлау үдерісін жақсы игеруге мүмкіндік береді;

  2. Фирманың жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің міндеттерін дұрыс үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  3. Фирманың және бәсекелестердің мықты және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік береді;

  4. Қолдана алатын баламалы әрекеттерді анықтауға жағдай жасайды;

  5. Фирма қорларын дұрыс бөліп пайдалануға негіз жасайды.

Ғалымдар мен арнайы кеңесші компаниялар стратегиялық жоспарлауда қолданылатын неше түрлі тиімді стратегияларын ұсынған. Бұл үлгілерді қолдана отырып фирма өзінің мүмкіндіктерін, тауарын және әрекетін бағалай алады. Бұл үлгіде нарық пен тауарды жаңартуға байланысты стратегиялары жасалынады. Үлгіні американдық ғалым и. Ансофф ұсынған. Оған «тауар-нарық» қалыптамасы деген ат қойылған еді.

«Бостон консалтинг тобы» қалыптамасын АҚШ-та Массачусетс штатындағы Бостон қаласындағы кеңес беруші тобы ұсынған. Бұл қалыптамасы тауар көлемін нарық үлесі мен маланың өсу қарқынына сәйкес белгілеуді ұсынады. Қалыптама негізінде қандай тауардың бәсекелестрдікіне қарағанда артықшылығы бар екенін және нарық серпінін анықтауға болады.




«Жұлдыздар»


«Тентек балалар»


«Сауынды сиыр»


«Қуылатын иттер»


Бұл Бостон консалтинг тобы қалыптамасы

Маркетинг мақсатына жету үшін маркетинг іс-әрекеттердің барысы бақылануы керек. Маркетингті бақылаудың 3 негізгі түрі анықталған. Олар мыналар:


  1. жылдық жоспардың орындалуын бақылау

  2. пайда деңгейін бақылау

  3. стратегиялық бақылау

Жылдық жоспардың орындалуын бақылау фирманың жылдық нәтижелері жоспармен салыстырылады. Пайда деңгейін бақылау 3 сатыға сәйкес жүргізіледі:

Маркетинг іс-әрекетін жүргізу үшін қажет шығындарды анықтау

Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу үшін бөлінген шығындармен оның құрамдас бөлшектерінің байланысын анықтау.

Маркетинг іс-әрекеттерінің әр бөлігінің пайдалы немесе шығынды деңгей есептерін жүргізу.

Фирмалар әрдайым маркетинг іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттеулері қажет.
Әдебиеттер:

1.Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 332-336б.

2.Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 245-262б.
3.Практикалық сабақтың құрылымы
1-Тақырып. Менеджмент пәнінің мәні, тәсілдері және міндеттері (2-сағат)

1. Менеджмент туралы түсінік

2. Менеджер және оның міндеттері

3. Менеджменттің даму кезеңдері



Сабақтың мақсаты: Пәннің мәні және міндеттері, менеджер және оның міндеттерімен, менеджменттің даму кезеңдерімен студенттерді таңыстыру

Тәжірибелік сабақтар (1 сағат):

1. Американдық және жапон менеджментке сипаттама беру

2. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Тапсырмалар:

1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру

2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру

3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары

4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 2005



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
Тақырыпты талқылауға арналған Сұрақтар:


  1. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай?

  2. Сіздің ойыңызша қазіргі Қазақстандық кәсіпкер ел алдында қандайда бір әлеуметтік міндеттерді атқаруы тиіс пе?

  3. Ол оған тиімді ме? Қай жағынан?

  4. отандық бизнес қандай түрде әлеуметтік колдауды жүзеге асыруы тиіс? Фирманы мысалға алуға болады.


СӨЖ-1 (3 сағат)

  1. Эссе: «Менеджмен арнайы қызмет түрі ме, әлде онымен «қоғамдық бастама» ретінде айналысу керек пе»?

Орындау барысында менеджменттің маңыздылығын үш түрлі көзқарас тұрғысынан, яғни ғылым, өнер, тәртіп немесе пән арқылы қарастыру қажет. Өз ойыңызды А4 қағазына 1-2 бетке түсіруіңізге болады.
2-тақырып: Ұйымдастыру формалары және ұйым құрылымы (2 сағат)


    1. Ұйымдастырушылық құрылымның негізгі түрлері

    2. Ұйымдастырушылық құрылымды жобалау

Сабақтың мақсаты: Студенттерді кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымның негізгі түрлерімен және ұйымдастырушылық құрылымды жобалаумен таңыстыру

Тәжірибелік сабақтар (1-сағат):

1. Ұйымдастырушылық құрылымын құрудағы әр түрлі көзқарастар



Тапсырмалар:

          1. Белгілі бір корпорациясының ұйымдастырушылық құрылымын құру

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
СӨЖ-2 бақылау тапсырмалары (3-сағат):

Тапсырма 1.

Кәсіпорында мүдірлер Кеңесі және Бас мүдірі бар. Соңғыға А, Б, В өндірістік бөлімшелері бағынады. Бас мүдірінде және бөлімшелердің әрқайсысында өзінің басқару аппараты (штаб) бар. Ұйымды басқару құрылымын құрыныз және типін анықтаныз.


Тапсырма 2.

Кәсіпорын басшылығы басқа қалада бөлімшені ашу туралы шешімге келді.Жаңа құрылытын ұйым қалыпты жұмыс істеу үшін басшылық қандай сұрақтарды ойластыру қажет?


Тапсырма 3.

Кәсіпорында сыртқы орта және тәртібімен байланысты маңызды ұйымдастырушылық қайта құру басталды. Бұл қайта құру көптеген қызметкерлердің қызығушылығына әсеретеді. Ұйымда оңтайлы өзгерістерді жүргізу үшін Сіз не істейсіз?


Тақырып 3. Менеджмент теориясы мен тәжірибеснің дамуы (2-сағат)



  1. Ғылыми басқару мектебі

  2. Менеджменттің классикалық немесе әкімшілік мектебі

  3. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі

  4. Басқару ғылымының мектебі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге менеджменттің бастапқы теорияларының қолайлы және жағымсыз жақтары туралы мәлімет беру
Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Менеджментің негізгі мектептерін салыстыру және талдау

2. АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері

3. Неміс және француз менеджменттің талдау



Тапсырмалар:

      1. Менеджменттің бастапқы теорияларының қолайлы және жағымсыз жақтары туралы мәлімет беру

      2. АҚШ-тағы және Жапондық менеджменттің қолайлы және жағымсыз жақтарын талдау

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г

СӨЖ-3 (3-сағат).

1. Қазіргі менеджменттің қалыптасу жағдайын талдау



СОӨЖ-3 (1,5 сағат)

1. Менеджмент теормясының жағымды және жағымсыз жақтары


Тақырып 4. Менеджменттің басқару әдістері (2 сағат):


        1. Менеджмент әдістерінің жіктелуі: басқарудың ұйымдастырушылық-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістері

        2. Басқару процесінің мақсаты және негізгі сипаттамалары

  1. Мақсатты анықтау процесі

Сабақтың мақсаты: Студенттерді менеджмент әдістерінің жіктелуі: басқарудың ұйымдастырушылық-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістерімен, басқару процесінің мақсаты және негізгі сипаттамаларымен, мақсатты анықтау процесімен таңыстыру
Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Басқару процесінің типтері

2. Сыртқы ортаны бағалау және талдау

3. Ішкі ортаны бағалау және талдау



Тапсырмалар:

      1. «Проктер энд Гембел» корпорациясының басқару деңгейлерін талдау

      2. «Тенғыз Шевройл» корпорация бейнесінің мәдениеті


СӨЖ-4 бақылау тапсырмалары(3-сағат) :

Тапсырма 1.

Велосипеттерді шығаратын кәсіпорында келесі көрсеткіштерге жету үшін келесі міндеттер қойылды:

А) қазіргі кезде шығарылатын өнімнің бірінші жылына 10%, екінші – 30%, үшінші – 40%, төртінші – 50%, бесінші – 70% - ке өнім шығарыуын кеңейту;

Б) бірінші жылда 5%, үшінші жылдың аяғына 12%, ал 5 жылдан кейін 18% капитал айналымын ұлғаю;

В) бірінші жылда – 8%, екінші – 12%, үшінші – 15%, төртінші -18%, бесінші – 71% станок саябағын жаңарту

Ұйымның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына анықтама беріп, оларды анықтандар.


Тапсырма 2.

Фирма үш жылдың ішінде өнім шығарылуын 15% арттырып, еңбек өнімділігін 20% көтеруге; басқа қаланың нарығында өз позициясын 8% кеңейтуін болжайды. Сонымен бірге шикізат жабдықтаушы ретіндегі әріптестерде пайда 8%, ал делдалдарда - 15% жоғарлайды.

Ішкі және сыртқы мақсаттарға анықтам а берініз Айтылып кеткен мақсаттарының ішінде қайсысы ішкі, қайсысы сыртқы болатының анықтаныз

Тапсырма 3.

Сіз әйелдер және еркектердің сыртқы киімді өндіретін кәсіпорынды ашасыз. Өз назарынызды жағары сапалы және қымбат бағалы тондарды және дубленкаларды шығаруды жоспарлайсыз. Кәсіпорыныздың негізгі кредосы бай сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың сауалдары мен тілектерін есептеу. Осы мәселені шешу үшін фирма ең жықсы тігін машиналарды сатып алды, жоғары мамандырылған мамандарды жалдады, жоғары сапалы және қымбат теріілерді әкелуге келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіпорыныздың миссиясын анықтаныз және оны дәлелденіз.
Тапсырма 4.

«Гамма» фирмасы үтіктерді өндіруді кеңейтеміз деген шешімге келді. Сол үшін оған жаңа жабдықтарды сатып алу, цехтарды қайта жабдықтау, қйойма жайларын кеңейту және т.б. қажет болды. Үтіктерді өндіруді кеңейту үшін қажатті ұйымның мақсатты қойылымдарды сипаттаныз.



Тақырып 5. Менеджмент қызметіндегі мотивация (ынталандыру) (2 сағат)


  1. Мотивация түсінігі

  2. Мотивацияның басқару міндеттері

  3. Мотивацияның мәселелері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді мотивация түсінігі, мотивацияның басқару міндеттерімен, мотивацияның мәселелерімен таңыстыру
Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Бірінші және екінші ретті қажеттіліктер

2. Мотивацияның негізгі теорияларын талдау

Тапсырмалар:

1. Ынталандыруда туындайтын мәселелермен күресу жолдарын шығару



СӨЖ бақылау тапсырмалары (3-сағат):
1-тапсырма. «Мен бүгінгі күні бойы қатты жұмыс істедім»

Көбіне жұмыс сөңында менеджерлер «Мен бүгін қатты жұмыс істедім, бірақ атқарам деген жұмыстарымның көбі орындалусыз қалды» деген сөздерді жиі айтады. Сөйте тұра келесідей себептердің тізімін айта бастайды:



  1. Жиналыстардың дайындықсыз өтуі;

  2. телефонның маза бермеуі;

  3. жауапкершіліктің жалпыға бірдей бөлінбеуі;

  4. өзгешеліктердің жоқтығы;

  5. ұзаққа созып алу тактикасы;

  6. «жоқ» деп айта алмау себебі;

  7. істі соңына дейін бітіре алмау;

  8. басқалар тарапынан болған кедергілер;

  9. оқуға берілген тапсырмалардың өте көптігі және т.б..


Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Берілген міндеттерді орындауға тағы қандай себептер кедергі болуы мүмкін?

  2. Өз жоспарыңызды күнделікті уақытында еш зорығусыз орындап отыру үшін не істеу қажет?

Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. қызметкерлерге тиімді әсер етудің қай тәсілі дұрыс деп ойлайсыздар? Көндіру ме, әлде мінжеттеп жүктеу ме?

  2. Сіздің көрсетер үлгіңіз қандай?

  3. Фириада істейтін адамдардың жұмысын тиімді етуге қосатын қандай жаңа ұсыныстарыңыз бар?

СОӨЖ-5 (1,5-сағат)

1. «Маған, қандай ынталандыру әдістерін қолданған жөн» тақырыбында эссе жасып келу.

Әдебиеттер::

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
6 Тақырып: Бақылау және жоспарлау менеджмент функциясы ретінде (2 сағат)
1. Жоспарлау мен бақылаудың мәні және түрлері

2. Бақылау түрлері және бақылау әдістері.

3. Бақылаудың жүйелік концепциясы.

4.Мәліметті – басқарушы жүйелері жағдайындағы бақылау.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді жоспарлау мен бақылаудың мәні және түрлері, бақылау түрлері және бақылау әдістері, бақылаудың жүйелік концепциясы, мәліметті – басқарушы жүйелері жағдайындағы бақылаумен таңыстыру

Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Стандарттырды белгілеу арқылы бақылау сызбасын құру және алынған нәтижелерді стандарттармен салыстыру

2. Тиімді бақылау құрылымын анықтау
Тапсырмалар:


            1. Алдын-ала бақылауды жүргізудің ақпараттық базасы

            2. Күнделікті бақылауды жүргізудің ақпараттық базасы

            3. Бақылауды мәліметтермен қамтамасыз ету

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
СӨЖ-6. бақылау тапсырмалары (3-сағат):

Тапсырма 1.

Менеджермен әрқашанда коммерциялық келісімдерде пайдаланылатын көп мөлшерде әрүрлі мәліметтер болады: тауар бағалары, заңдылық баптар, сөз айналысы жғне т.б.

"Есте сақтау жәшігін" қарыңыз. Бұны жасаудың ењ қарапайым түрі болып аяқ киім салатын қорапшаны алуға болады. Оны төрт картондық бөлме ішіндегі қоршаулармен бес бөлме жасаңыз.

Сізге карточкалар керек ол пошталық ашық хат көлеміндей болу керек. Карточканыњ бір жағына сұрақ жазып қою керек, ал екінші жағына сізбен есте сақтағаныңыз келген жауапты жазып қою керек. Жауапты жғне сұрақты оқыңыз. Карточкаларды сұрақ жазылған жақпен жәшіктің бірінші бөлмесінде орналастырыңыз.

Бірнеше күн өткен соң карточкаларды кезекпен алып, сұрақтарды оқып, оларға жауап беруге тырысыңыз. Сіз дұрыс жауап бергенін тексеріңіз. Егер сіздің жауабыңыз дұрыс болса, карточкаңызды екінші бөлмеге орналастырыңыз. Егер жауап қате болса, карточка бірінші бөлмеде қалады.

Сіздің мақсатыңыз - карточкаларды бесінші бөлмеге орналастыру. Төрт рет дұрыс жауап берген сұрағыңыз сіздің басыңызда тұрақты қалады. Егер сіз төртінші немесе бешінші бөлмеде болған карточкаға қате жауап берген болсаңыз, оны бірінші бөлмеге қойып қайтадан жаттау қажет.

"Есте сақтау жәшігін" пайдалану тәжірибесінде тиімді және тиімсіздігі қандай сұрағына жауап беріңіз? Берілген тәжірибені сіз қалай жетілдіру жолын ұсынар едіңіз.
Тақырып 7. Менеджменттегі коммуникация (2 сағат)

1. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

2. Коммуникация процесі

3. Ұйымдық қарым- қатынас кедергісі және оны жою әдістері

4. Вербалсыз қатынас құралдары

Сабақтың мақсаты: Студенттерді басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері, коммуникация процесімен, ұйымдық қарым- қатынас кедергісі және оны жою әдістерімен, вербалсыз қатынас құралдарымен таңыстыру
Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Коммуникация процесінің кезеңдері және оның элементтері

2. Кері байланыс және оның кедергілері

Тапсырмалар:


      1. Пайда болу кезеңдері бойынша ақпаратты жіктеу

      2. Қазақстан экономикасын басқарудағы ақпараттық қамтамасыз ату

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
СӨЖ-7. бақылау тапсырмалары(3-сағат):

Іскерлі ойын “КЕЛ СӨЙЛЕСЕЙІК!”

Мақсаты: Ресми емес жағдайда адамдар қалай тез танысатынын көрсету

Шаралары:


  • Біз бір топта жұмыс істесек те біздің әріптестер туралы аз білетінімізді топқа хабарлаңыз

  • Соншалықты таныс емес серіктес табуды қатысушылардан сұраңыз

  • Содан кейін олардың бір-бірімен әңгімелесе таруға екі-үш минут барын айтыңыз. “Кел сөйлесейік!” ойнының негізгі ойы осында жатыр. Олар кез-келген тақырыпқа сойлесе алады, бірақ оларға өздері туралы сөйлескен жөн.

Талқыланатын сұрақтары

  1. Сіз жаңа досыңызды қаншалықты жақсы білесіз?

  2. Берілген екі-үш минут тез өткендей болған жоқ па?

  3. Жаңа досың бұрынғы досыңнан да жақсы біле бастаған секілді боп ешкім өзін сезінген жоқ па?

Кеңестер

  • Қатысушылардан өздері жүрексінбей сөйлеуін сұраңыз

  • Кейбір адамдарға әңгімені негізсіз бастаған қызықсыз секілді. Оларды теріп алыңыз, жолдастарына өздері туралы айтуға итермелеңіз

  • Ойынның ортасында ойынға бәрі тартылды ма, жоқ па екенін соны тексеріңіз. Егер басқалар қатыспаса оларға қатысуға жағдай жасаңыз.



Тақырып 8. Менеджменттегі келіспеушілік және күйзеліс кезеңін басқару

(2 сағат)

1. Келіспеушілік табиғаты мен себептері

2. Келіспеушілікті жіктеу

3. Келіспеушілік жағдайды реттеу



Сабақтың мақсаты: Студенттерді келіспеушілік табиғаты мен себептері, келіспеушілікті жіктеумен, келіспеушілік жағдайды реттеумен таңыстыру
Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары:

1. Келіспеушілікті шешудің формаларын жалтару, тігісін жатқызу, мәселені шешу

2. Стресстің (шиеленісудің) табиғаты мен себептері
Тапсырмалар:

1.Келіспеушілік жағдайды реттеу жолдарын құру

2.Ұйымда келіспеушілікті реттеу әдістері

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
СӨЖ-8 бақылау тапсырмалары (3-сағат):



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет