44 беттің 16-ші беті


Тақырып 8. Менеджменттегі келіспеушілік және күйзеліс кезеңін басқару



бет6/9
Дата14.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#198088
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып 8. Менеджменттегі келіспеушілік және күйзеліс кезеңін басқару

(2 сағат)

1. Келіспеушілік табиғаты мен себептері

2. Келіспеушілікті жіктеу

3. Келіспеушілік жағдайды реттеу


1. Келіспеушілік – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам өз пікірін қалайда мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.

Келіспеушілік диалектика элементі, дамудың қозғаушы күші - өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам факторының», жеке адамдар рөлінің, инициативасының, правосының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі.

Қандай адам болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын-аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіпті пікір таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату-тәтті жұмыс істеп жүрген кез-келген ұжымда аяқ астынан басшының кінәсынан дау-дамай туындауы мүмкін. Өмірде мұндай жайт жиі ұшырасады.

Дау-дамайды, келіспеушілікті басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал.

Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері болады. Объективті себептерден болатын келіспеушілік адамдар арасындағы аса күрделі, қарама қайшылық жағдайында туындайды. Еңбек жағдайының нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбеуі – осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға ұшыраудың басты себептері. Егер адамдар осындай жағдайға тап болса, онда олардың көңіл-күйіне, ауыз бірлігіне, ұйымшылдығына қарамастан дау дамай тууы әбден мүмкін.

Мұндай келіспеушілікті жоюдың бірден бір жолы – объективті жағдайды өзгерту. Дәл осы жағдайда келіспеушілік дабыл функциясын атқарып, ұжым (коллектив) өміріндегі қолайсыз жағдайды білдіреді.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста ынтымақтасу (топтасу, ұйымдасу, бірігу) және алауыздық (араздық) ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу – келіспеушіліктің басты себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды. Мәселен, ұжымда бір-біріне қарсы топтар (жаңашылдар – консерваторлар, топ мүддесіне қайшылар) немесе ұжымның кейбір мүшелерінің сыйыспаушылығы (өндіріс ішіндегі объективті себептер болса да және болмаса да) пайда болады.

Келіспеушілік ұжым мүшелерінің дербес сапасына да байланысты: сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшілік немесе біреудің қайғы мұңына немқұрайды қарау, жеке адамдағы творчестволық қабілеттің жойылуы. Кейде жалған келіспеушілікте болуы мүмкін, мұндайда дау-дамай туғызатын нақты себептер болмаса да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста салқын көзқарас байқалады. Бағыныштылардың кез келген әрекеті басшыға ұнамайды, оны аңдып жүргендей көреді, немесе бағыныштының ойынша басшы оған ешбір себепсіз тиісіп жүргендей болады.

2. Келіспеушіліктің толып жатқан түрлері болады. Ал оны төрт топқа бөлуге болады: жеке адамның келіспеушілігі, жеке адамдар арасындағы келіспеушілік, жеке адам мен топ арасындағы келіспеушілік және топ аралық келіспеушілік.

Жеке адамның келіспеушілігі жұмысына қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден, сондай-ақ жұмыстағы дау-жанжалдан болады.

Ең көп байқалатыны адамдар арасындағы келіспеушілік, мұның өзі әр түрлі себептерден пайда болады. Көбінесе бұл басшының ресурстарды, капиталды, жұмысшы күшін, жабдықтарды шектеп пайдаланудан туындайды. Жеке адамдар арасындағы келіспеушілік, олардың өзара керісуінен де болады.

Мінезі, пікірі, жұмыс сапасы алуан түрлі адамдар кейде бір-бірімен мәмілеге келе алмайды. Әдетте мұндай адамдардың көзқарасы мен мақсаты мүлде өзгеше келеді.

Жеке адам мен топ арасындағы келіспеушілік сол уақытта пайда болады, егер топтың ой пікірі жеке адамның ой пікіріне қайшы келсе, немесе жеке адамның ой пікіріне қайшы келсе, немесе жеке адамның ұстанған позициясы топ позициясынан басқаша болса.

Кәсіпорында көптеген ресми және бейресми топтар болады да, олардың арасында әр түрлі келіспеушілік туады.

Келіспеушіліктің мынадай да түрлері бар: тікелей-көлбеу, іскерлік-жеке адамдар (жеке басына байланысты); конструктивтік-деструктивтік. Сонымен қоса келіспеушіліктің жалпылама – жекелей, қысқа мерзімдік –ұзаққа созылатын, мазаны кетіретін – бүлдіретін, кейіннен ұлғаятын – бәсеңдейтін түрлері бар.

Қолайлы және қолайсыз құндылықтар мен мүдделердің қақтығысына орай келіспеушілік мынадай типтерге бөлінеді:



  1. Келіспеушіліктің «қолайлы-қолайсызы». Мұнда екі қолайлы балама болады. Бұл өте ұнамды әрі тез шешіледі. Бұған мысал ретінде сыбайлас достар арасындағы бір фильм жөніндегі әр түрлі пікірін жатқызуға болады.

  2. Келіспеушіліктің «қолайсыз-қолайсызы». Екі вариант та ұнамсыз. Егер сіз жабдықтау бөлімінің бастығы болып істесеңіз, онда сіз өзіңізге жабдықтаушы таңдауыңызға тура келеді, бірақ таңдаған адамыңыздыңекеуі де қолайсыз болып шығады. Бірақ әйтеуір біреуін алуыңызға тура келеді, ал бұған біраз уақыт кетеді.

  3. Келіспеушіліктің «қолайсыз-қолайлысы», мұнда жақсы және нашар варианттар қақтығысады.

3. Келіспеушілік жағдайы туындағанда басшы не істеуі керек? Мұндайда тікелей кеңес беру өте қиын, оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің белгілі бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжірибесіне, дау-дамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты.

Психологтар келіспеушілік жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы. Басшы әуелі келіспеушілік себебін анықтауы, содан кейін кез келген тәсілдің біреуін қолдануы тиіс.

Келіспеушілікті шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.

Келіспеушілікке жол бермеудің ең қолайлы тәсілдерінің бірі - әрбір қызметкер мен бөлімшелерден қандай нәтижелер болатындығын түсіндіру. Басшы алынған нәтиже деңгейін анықтауы, мәліметті кім беріп, кімнің алатындығын, өкілеттік пен жауапкершілікті көрсетіп отыруы тиіс.

Үйлестіру және интеграциялық механизмдерде өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас, шешім қабылдау мен мәләмет тасқындары ретке келтіріледі.

Жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген немесе тұтастай қызметкерлерді, топты немесе бөлімшені жұмылдыруға тура келеді.



Жалтару. Көпшілік адамдар келіспеушіліктен жалтаруға тырысып, өзінің тыныштығын ойлайды.

Тігісін жатқызу. Мұндайда басшы адамдар арасындағы келіспеушілік пен наразылықты өршітпеуге, қайта татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа шығармауға тырысады.

Мәжбүр ету стилінде басшы қалайда өз көзқарасын өткізуге, соған еріксіз көндіруге тырысады. Басшы өзінің қарамағындағыларына толық билік жүргізген жағдайда бұл стиль тиімді болуы мүмкін. Бұл стильдің кемшілігі сол, бағыныштылартарапынан болатынинициатива өрістемейді, тек басшы пікірі ғана ететіндіктен маңызды факторлардың барлығы бірдей ескерілмеуі мүмкін. Соның салдарынан наразылық тууы ықтимал.

Ымыраға келу – мұның пайдалы болатын себебі адамдарды наразылыққа емес, ауызбірлікке, татулыққа шақырады. Мұнда екінші жақтың пікірі шамалы болса да қабылданады. Басқару жағдайында ымыраға келу жоғары бағаланады, өйткені мұның өзі теріс ниетті барынша сейілтуге, наразылықты тез арада шешіп, екі жақты да қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Проблемаларды шешу – бұл әртүрлі пікір таластың болатындығын мойындау, басқа көзқараспен танытуға, келіспеушілік себептерін түсінуге әзір екендігін білдіру, барлық жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі. Әртүрлі пікір- талас туатын күрделі жағдайда мәліметтің дәл болуы да әділ шешім қабылдауға елеулі ықпал етеді. Мұндайда пікір-таласты тіпті көтермелеп отырудың, проблеманы шешу стилін пайдалана отырып, шиеленіскен жағдайды сейілту айрықша маңызды.

Келіспеушілік жағдайды шешудің бірден бір жолы ынтымақтасу – ымыраға келу, проблеманы бірлесіп шешу. Ымыраға келуден гөрі, ынтымақтасу елеулі ілгері басу. Келіспеуші жақтар өзара қарым-қатынасты сақтаумен, тек келісумен, күнделікті қайшылықты шешумен шектеліп қоймайды, - олар ортақ мүдде мен пікірге келіп ынтымақтасуға тырысады, әрі ұзақ уақыт бойы екі жаққа да пайдалы болуын көздейді.

Бұл процесс, әрине, оңай емес, әрі екі жақтан да көп күш - жігер жұмсауды қажет етеді. Мұндайда шыдамдылық, адалдық қажет.

Дау дамай проблемасы жөніндегі келісім жүргізу проблемасы өте күрделі, алуан түрлі факторларға, атап айтқанда келісімге қатысушының көзқарасына, дәлелдемесіне, талабына байланысты. Дегенмен, ғылым мен практика мынадай кейбір жалпы ұсыныстарды ойластырады.



  1. Ынтымақтасу ахуалын жасау.

  2. Шынайы қарым-қатынас жасауға тырысу, келіссөзге мүмкіндігінше мұқият.

  3. Қызбалыққа, дөрекілікке салынба.

  4. Жаңа мәліметтерді ешбір бүкпесіз ашық айт.

  5. Өз мақсатыңа жетуге тырыс.

  6. Шешімнің ақырғы мерзімін белгіле..

Стресс – ағылшын тілінен енген атау, оның қазақша мағынасы – шиеленісу, күштену, зорлану. Сөздікте бұған мынадай анықтама беріледі: «сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы». Бұл анықтамадан стрессті тек қолайсыз құбылыс ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені, оның сипаты мен организмнің жауап реакциясы (біз айтып отырған жағдайда қызметкерлер мен ұйымдар) алуан түрлі болуы мүмкін.

Стресс көзі: правосы тым жеткіліксіз жәнеде жұмыс нәтижесіне жауапкершілігі төмен.

Қанағаттанбау себебі: өз ойлағанындай әрекет ете алмайды, өз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Адамда ұйым үшін пайдалы іс атқара алмайтындай сезім пайда болады.

Мұндай жағдайда басшы адал жұмыс істейтін қызметшінің еңбегінің тиімді болуына қол жеткізу үшін, біріншіден, оған қызмет бабына орай өз еркімен әрекет етуіне мүмкіндік беруі, екіншіден – оның жұмыс нәтижесін ұдайы мұқият бақылап отыруы тиіс. Бұл қағидадан ауытқу стресстің қолайсыз көрінісі болып саналады.

Стресс көзі: жұмыскер алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі.

Қанағаттанбау себебі: өз идеясын іс жүзіне асыруға дәрменсіздігі.

Басшының қармағындағы адамдардың мұндай стресс жағдайынан құтқарудың амалы оның міндетін айқын тұжырымдау.

Стресс көзі: жұмыскерлерге қызметінің перспективасы (болашағы) белгісіз, әрі өзі туралы жоғарғы басшының пікірі беймәлім.

Кез-келген ұйымда жұмыскерлер мақсат-мүддесін айқындайтын арнайы жүйе ұйымдастырып, олардың қызметін ұдайы бағалап отыруы тиіс.

Бурке зерттеулерінің нәтижесінен көріп отырғанымыздай, стресс жағдайының көпке мәлім екі көзі іс жүзіне келгенде жұмыскерлердің өз еңбегіне қанағаттандыруына ықпал етеді.

Стресс көзі: шектен тыс жұмысбастылық.

Қанағаттанбау себебі: алуан түрлі міндеттермен шұғылдануға болатындығы, білімі мен іскерлігін толық пайдаланатындығы, өзінің жан-жақты білімдар екенін сезінуі, атқарып отырған жұмысының маңыздылығын сезінуі, жоғарғы жалақыны талап етуі.

Зерттеулердің көрсеткеніндей, өзінің күнделікті жұмысынан көбірек тапсырма алған қызметкерлер өз ісіне едәуір қанағаттанатынын көрінеді. Жұмыскерлердің жұмысы көбейген сайын, ол соғұрлым творчестволық қанағаттану сезіміне бөленіп, өзін ұйым үшін бағалы сезінеді.

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.
9- Тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары (1-сағат)

1. Маркетинг түсінігі және мәні.

2. Маркетингтің даму кезеңдері.

3. Маркетингтің негізгі қағидалары.


Маркетинг (ағылшын тілінен аударғанда "market"- "нарық")- бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу, ғылыми-техникалық әрекеттерін басқару. Маркетинг мақсаты – сұраныстарды қалыптастыру және ынталандыру (ФОССТИС)., фирма жұмысының жоспарлары мен басқару шешімдерін қабылдау, сондай-ақ өнім көлемін ұлғайту.

Маркетинг шартты түрде «нарықтық іс-әреект», «нарықты жаулап алу» деп аударылады.

Маркетинг теориясы АҚШ-та 20-ғасырда тауарды өткізу мәселесімен туындады. Маркетингтің қалыптаск кезеңіне тоқталсақ:

1860-1930 ж.ж. – «Тауарлық бейімделу», мұнда тауар өндірушілер тауардың сапасын жақсартқанмен, тұтынушылардың қажеттіліктері толық ескерілмеді.

1930-1950 ж.ж. – «Өткізуге бейімделу» -фирманың негізгі көрсеткіштеріне негізделген ұзақ мерзімді жоспарына қарай тауарды неғұрлым көп өткізу үшін жарнамаға сүйену.

1950-1960 ж.ж. «Нарықтық бейімделу» -тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, өнімнің жақсы өтуі үшін сапалы тауар шығаруға тырысады. Маркетинг бөлімдері пайда болды. Оның негізгі қызметтері: стратегиялық жоспарлау, болжау, нарықтық ақпараттарды жинау, өңдеу пайда болды.

1960 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Маркетингтік басқару», яғни бағдарламалық басқару, сұранысты қалыптастыру және ынталандырудың барлық әдістері кешенді қолданылады. Жаңа тауарларды шығаруға негізделген.

Маркетинг нарық талаптары мен шарттарына толығымен бағынуы керек. Өйткені ол экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, және әлеуметтік факторлармен ұштасып жатады.

Маркетингтің негізгі қағидалары:


  1. Сатып алушылардың негізгі қажеттіліктерін, сұраныстарын, нарық жағдайы мен фирманың мүмкіндігін толық білу

  2. Тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандырып, нақты мәселелерінің шешілуіне үлес қосу

  3. Өнім мен қызметтің тиімділігін жүзеге асыру

  4. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді пайдалылығын сақтау мақсатында ғылыми-техникалық ізденістер арқылы жаңа тауарларды шығару

  5. Өзгермелі талаптарға белсенді икемле алу. Сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға әсер ете алу.

Әдебиеттер:

1.Романов А.Н., Маркетинг М:ЮНИТИ, 1996с. 13-17.

2.Уткин Э.А., Маркетинг. М: 1998с. 3-13.



10-тақырып. Маркетингтің мәні және мазмұны
1. Маркетинг тің негізгі қызметтері.

2. Маркетинг кешенінің түсінігі.


Маркетингтік әрекеттердің атқаратын қызметтері:

1. Нарықты зерттеу;

2. Кәсіпорынның өндіру-өткізу мүмкіндіктерін анықтау 3.срставление программы маркетинга;

4. Тауарлық саясат жүргізу

5. Баға саясатын қолдану

6. Өткізу саясаты (дистрибуция);

7. Байланыс саясаты (фосстис);

8. Маркетингті ұйымдастыру

9. Тиімділікті бағалау және бақылау


  1. Нарықты кешенді зерттеу:

Маркетинг ортанысн зерттеу, нарық пен конъюнктураны талдау, тауардың тұтыну қасиеттерін талдау, бәсекелес фирмаларды талдау, өткізу әдістері мен түрлерін талдау, тұтынушыларды зерттеу

  1. Кәсіпорынның өндіру-өткізу мүмкіндіктерін талдау, сәйкесінше нарық талаптары мен шартарына сай нарықты мақсатты сегменттеу,

  2. Бағдарламаның маркетингтік стратегиясын жасау. Кәсіпорынның өндіру-өткізу әекеттерінің көрсеткіштеріне сай оперативті жоспар, тактикалық жопар және стратегиялық жоспар құру

  3. Тауарлық саясат жүргізу. Өнімнің тұтыну қасиетттерін, жаңа тауарлар мен ассортимент түрлерін көбейтуге бағытталады.

  4. Баға саясатын қалыптастыру. Нақты сегменттерге қатысты кей тауарларыдң бағасының ауытқуын анықтау.

6. Өткізу саясаты (дистрибуция), яғни тауарды өткізу каналдарын қалыптастыру және зерттеу.

формирование каналов сбыта товаров.

7. Байланыс саясаты (фосстис), тауарды нарыққа шығыру және нарықтағы орнын анықтау (жарнама, насихаттау, жекелей өткізу, өтуін ынталандыру және т.б. шаралар.)

8. Маркетингті ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндіру-өткізу әрекетін басқаратын нақты бөлім құру.

9. Тиімділікті бағалау және бақылау. Бұл маркетингтік жұмыстың барлық кезеңінде болуы тиіс.

Маркетинг кешені – бұл маркетинг жүйесіндегі негізгі ұғымның бірі. Бұл Мақсатты нарықтағы тұтынушылардың тауарды сатып алуғв деген қызығушылығын тудыруға негіщделген барлық шаралар жиынтығы. Мұндағы көптеген мүмкіндіктерді төрт негізгі топқа жарып көрсетуге болады. Олар: тауар, баға, сату орны, сатуды ынталандыру. Маркетинг кешенін көбіне «4Р» деп атайды, яғни (product. price. place. promotion.) жоғарыда аталғандардың ағылшынша атауының бас әрпімен байланысты аталған.

Осы «4Р» кешенінің маңыздылығын ескере отырып, жалпы маркетингтік стратегичяның шеңберінде барлық шаралар жүзеге асырылады.
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, Москва: ЮНИТИ, 1996. С. 18-31

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы, 1999. С. 32-36


11-тақырып. Маркетингтің қоршаған ортасы.

1. Маркетинг ортасының түсінігі

2. Микроорта және оның негізгі факторлары.

3. Макроорта және оның негізгі факторлары.

4. Бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлеріне бөлінеді: макроорта және микроорта. Макрорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Макроортаның негізгі факторлары:

Демографиялық фактор (тұрғындардың саны, аумаққа қарай орналасуы, халық тығыздығы, миграциялық бағыттары, өсім құрылымы, тууы, өлуі, неке және ажырасу саны).

Экономикалық фактор (тұрғындардың сатып алу қабілеті, инфляция деңгейі, мемлекеттің қаржы қаражат жағдайы, жалпы шаруашылық коньюктурасы, салық жүйесі).

Табиғи фактор (энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы, қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері).

Ғылыми-техникалық фактор (шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны, фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлеуеті).

Саяси-құқық фактор (кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы, мемлекеттің экономикалық саясаты, сыртқы саясаттың нарығының дамуына әсері).

Мәдени фактор (тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүі, мәдениет түрлері).

Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Микроотаның субъектілері:

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар.

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуғаа көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары.

Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады.

Клиенттер тауарды тұтыну үшін сатып алушыларды айтады.
Тақырып 12. Нарықты сегменттеу


  1. Сегменттеудің түсінігі.

  2. Сегменттеудің негізгі белгілері.

  3. Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау.

  4. Тауарды нарықта жайғастыру

  5. Нарық және конъюктура.

Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір-біріне ұқсамайтын, әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әртүрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне осы нарықты сегменттеудің гнегізі болады.

Сонымен нарықты сегменттеу дегеніміз рыноктағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады. Маркетинг іс-тәжірибесінде рынокты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:

Тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажетін қанағаттандыру деңгейін максималды дәрежеге жеткізеді;

Фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындары ұтымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді;

Тауардың, фирманың бәсекелік қабілетін жоғарылатуға қатысады.

Тұтыну тауарлар рыногын сегменттеуде мынандай негіздер алынады: география, демография, психография, тұтынушылардың құлығына қарай.


  1. география негізінде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климаттық жағдайына байланысты бөледі.

  2. демография негізінде рынокты сегменттеу принципі де өте жиі қолданылатындарға жатады. Оның сипаттамаларының оңай қолға түсуімен, уақыт жағынан тұрқтылығымен, сұраныспен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді.

  3. психографиялық негізде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді.

  4. тұтынушылардың қулығына қарай рынокты сегменттеу, көптеген мамандардың пікірі бойынша, рынок сегментін құрудағы логикалық негізі болып табылады.

Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау дегеніміз – ол нарықтың бір немесе бірнеше сегментіне фирма өзінің тауарымен шығу үшін сол сегменттерді бағалап, таңдап алу болады. Нарықты игеруде 3 стратегия қолданылады:

  1. дифференциалданбаған маркетинг. Мұнда тұтынушылардың мұқтаждарын айырмай, олардың ортақ мұқтажы белгіленеді.

  2. дифференциалданған маркетинг. Мұнда фирма нарықтың бірнеше сегментіне шығып, әрқайсысына жеке ұсыныс дайындайды.

  3. шоғырланған маркетинг. Бұл стратегия ресурстары шектеулі кәсіпорындарда қоланылады.

Фирма қайсы сегментке тауарымен шығуын шешкеннен соң, оған қалай енуін анықтайды. Сондықтан, фирма бәсекелестердің жайғасымын, дәлірек айтқанда, олардың сол нарықтағы үлесін анықтап алғаннан кейін, өзінің тауарын жайғастыруы тиіс.

Нарықта тауарды жайғастыру дегеніміз нарықтағы тауардың бәсекелік орнын қамтамасыз ету және оған сәйкес келетін маркетинг кешенін дайындау болады.


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.



Тақырып 13. Тауар және тауар саясаты (2-сағат)
1. Тауардың жалпы сипаты.

2. Тауардың жіктелуі.

3. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)

4. Тауар саясатының міндеттері.


Тауар дегеніміз нарық жүйесіндегі негізгі әрекет етуші «тұлға» десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Нарықта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар нарығындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар жіктеліп қарастырылады. Тауарлар бөлінеді:

Дәстүрлі тауарлар:

  • Тұтыну тауарлары

  • өнеркәсіп тауарлары

  • биржа тауарлары

Қызметтер түріндегі тауарлар:

  • тұрмыс қызметтері

  • іскерлік қызметтері

  • әлеуметтік қызметтері

Дәстүрлі емес тауарлар:

  • ұйымдар

  • адам күші

  • орындар

  • идеялар

Тұтыну тауарлары – түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған тауарлар. тұтыну уақытына қарай олар ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар, қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар деп бөлінеді. Ал тұтыну әдістеріне қарай күнделікті сұраныстағы тауарлар (үздіксіз сұраныстағы тауарлар, импульстық тауарлар, төтенше сұраныс тауарлары), алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлар, ерекше сұраныстағы тауарлар, пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Өнеркәсіп тауарлары өз ішінде материалдар мен бөлшектер, шикізат, жартылай фабрикаттар, күрделі мүлік, қосалқы материалдар тауарлары деп бөлінеді.

Биржа тауарлары – дүниежүзілік экономикада маңызды роль атқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Оған жататындар: энергия көзі болатын тауарлар, азық-түлік тауарлар, стратегиялық тауарлар, металдар.

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі немесе тауардың өмірлік циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Тауардың өміршеңдік кезеңі 4 фазадан тұрады: нарыққа енгізу, өсу, кемеліне жету, құлдырау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет