44 СӘбилер-бақшасы а. Н. Стрельникова әдісі арқылы тініс алу жаттығулары Тәрбиеші: А. Ш. Рамазанова Павлодар 2015ж



бет2/3
Дата10.01.2024
өлшемі18.24 Kb.
#488834
1   2   3
А.Н. Стрельникова әдісі арқылы тыныс алу жаттығулары

1.2 Жаттығулардың артықшылығы
1. Жаттығу барлық оралымдық жаттығулармен үйлеседі: жүріс, жүгіріс, негізгісі – жүзу.
2. Ауру бар жерде, жаттығулар сырқат арқылы бұзылған функцияларды қалпына келтіреді.
3. Тыныс алу жаттығулары – аурулардың ең күшті, алдын алу емі болып табылады.
4. Жаттығу организмге тұтастай оң әсерін тигізеді.
5. Жаттығулар барлық адамдарға қолайлы.
6. Жаттығуларды жасау үшін ерекше жағдайлар – арнайы киім (спорттық киім, аяқ киім және т.б.), орындар және т.т. қажет етілмейді.
7. Жоғары нәтиже. Бірінші сабақтан кейін өкпе көлемі неғұрлым ұлғаяды.
8. Кеуде клеткасы және тыныстау аппаратының бұлшық ет жүйесінің машықтануына жағымды әсерін тигізеді.
9. Жаттығу ересектер мен балаларға көрсетілген.
1.3 Орындау әдістемесі
1.3.1 Негізгі орындау ережелері
* Тек мұрын арқылы тыныстауды ойлаңыз, дем алуды ғана машықтаңыз. Дем алу – шулы, күрт және қысқа (алақанды шапалақтағандай).
* Дем шығару – ауыз арқылы әрбір дем алудан кейін өздігінен шығуы тиіс. Дем шығаруды тоқтатаып, ілгері бастырмаңыз. Дем алу – басым белсенді (мұрын арқылы), ал дем шығару – мүлде пассивті (ауыз арқылы)
* Дем - алу қозғалыс арқылы біркелкі жасалынады. Стрельниковтың тыныстау жаттығуларында қозғалыссыз дем алу болмайды. Ал дем алусыз – қозғалыс.
* Стрельников жаттығуларының барлық қозғалысты – дем алулар арқылы қарқынды ырғақпен сап қадамы арқылы жасалынады.
* Стрельникованың тыныстау жаттығуларында есеп мөлшері 8 дейін, дауыстамай, ойша санау керек.
* Жаттығуды тұрып, отырып, жатып жасауға болады.

1 ереже
«Күйік иіс шығады! Дабыл!» Тездетіп, бүкіл пәтерге шуылдап, ізді итше іздегендей, ауаны иіскеңіз. Ауаны көбірек алу үшін сол ауаны ішке тарту ең өрескел қате болып табылады. Дем алу – қысқа, егу сияқты, белсенді әрі табиғи болса, тіпті жақсы. Дем алу туралы ойлаңыз. Үрей сезімі белсенді дем алуды жақсартып, ұйымдастырады. Сондықтан, қысылмай, дөрекілікке дейін, ауаны жұтыңыз.
2 ереже
Демді сыртқа шығару – дем алудың нәтижесі. Оған көмектеспеңіз. «Күйік иіс шығады! Дабыл!» туралы ойлаңыз. Дем алу қозғалыс арқылы біркелкі жүргенін бақылаңыз. Демнің сыртқа шығуы өздігінен кетеді. Жаттығуларды жасаған кезде ауыз сәл ашық болуы тиіс. Дем алу және қозғалысқа әуестеңіз, зерігіп, жалығып кетпеңіз. Балаша жабайы болып ойнасаңыз, бәрі де орындалады. Қозғалыс қысқа дем алуға қажетті күштеусіз – ақ керек көлем мен тереңдікті құрайды.
3 ереже
Дөңгелекке жел үрлегендей және өлең айтып, би билеген қалыпта тыныс алуды қайталаңыз.
Қозғалыс пен тыныс алуды жаттықтыра отырып 4 және 8-ге дейін санаңыз. Тыныс алу тыныс шығарудан қаттырақ.
4 ереже
Барлық кешен 8 жаттығудан турады. Бастапқысы жаттығу. Түзу тұр. Қолдарыңды жаныңда ұста. Аяқтарың түзу. Тынысты қатты, бірақ қысқа алу керек.
Біздің жаттығуды түсіну үшін орнында тұрып адымдаңыз және бір
уақытта әр адымдаған сайын тыныс алыңыз. Оңға-солға, оңға-солға тыныс алу - тыныс алу
Негізгі қозғалыстар.
1.«Алақандар». Аяқтың арасы – ашық. Алақандар иіқпен бірдей, саусақтарды қатты жауып тініс аламыз. (4 рет жасаймыз, 3-5сек демаламыз. Солай қайталап 4 рет жасаймыз. 4 жаттығу 4реттен болса, барлығы 16 рет).
2. «Мысық». Аяқтың арасы – ашық. Торғайды аңдып отырған мысықты еске түсіріңіз. Соның қозғалысын қайталап отыра, аздап отырып оңға және солға қараңыз. (4*4=16)
3.«Насос». Қолыңызға оралған газет немесе таяқ алып яғни насостың басы ретінде дөңгелектің желін босатқан тәрізді қимыл жасаңыз. Әрбір иілген сайын- тыныс алу керек. Иілу бітсе – тыныс алу да бітеді. Көп уақыт тыныс алу қажет. «Насос» қозғалысы көп тұтығатын болған адамға өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет