|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады
|
Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды.
Лептесік - өсімдіктер тыныс алатын және одан су буланатын, негізгі жапырақ эпидермисіне орналасқан клеткалар арасындағы саңылау (жапырақтың жалпы көлемінің 1%-на тең).
Транспирацияға әсер етуші факторлар
Ауа-райы (Температура, жел, жарық, ауа ылғалдылығы, топырақтағы судың қолжетімділігі.)
Уақыт ( негізінен күндізгі уақыт қолайлы)
Жасымықшалар саны
Жапырақ булану ауданы
Керекті құрал-жабдықтар:
Алхоры немесе Күнбағыс жапырақтары;
өсімдік сабағы,
суы бар колба,
тренога,
целлофанды пакет.
маш/қыша немесе бидай не асбұршақ.
микроскоп
|