Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин
|
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу;
Теңдеудің түбірлерін табыңдар:
1)16x(2-x)+(4x-5)²=0
2)9y(y+6)-(3y+1)²=-1
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
|
Сұрақтар:
-Үшмүшені екімүшенің квадраты түріне келтіруге бола ма?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп қорғайды.
|
Дескриптор:
-Қысқаша көбейту формуласын жазады;
1-балл
-Теңдеуді шешеді;
1-балл
-Теңдеудің жауабын салыстырады;
1-балл
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады.
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
8 мин.
Жеке жұмыс.
|
«Сағат тілі » әдісі Тапсырма: 5.24
Теңбе-теңдікті дәлелдеңдер:
1)(a-b)²=(b-a)²
2)(-a-b)²=(a+b)²
Саралау:
Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай топта оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.
Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
|
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.
|
|