Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыбы: «Уақыт», «Сәулет»)
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Менің ойыным
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;
3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу;
3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушы үшін:
Программалау ойын алаңында цикл, костюм, көріністі пайдаланып ойын құруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Жеміс себеті» ойыны
Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті – орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
|
Топтастыру:
|
Топтастыру. «Жеміс-жидек топтамасы» әдісі
Оқушыларға алма мен алмұрт жемісінің суреттері бейнеленген қағаздарды таңдауға тапсырма беріледі. Таңдалған жеміс атауы бойынша екі топға бірігеді.
І топ: Алма
ІІ топ: Алмұрт
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Еліміздегі заманауи сәулет өнерінің туындылары жайлы қандай деректер білесің? (1-сурет) Әңгімеле.
«Ойын сценарийі» дегеніміз не? Есіңе түсір.
Қандай ойын сценарийін жоспарлай алдың?
1-сурет негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойыңды ортаға сал.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |