Топтық жұмыс
«Ойлан! Бірік! Бөліс!» әдісі
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
|
1-тапсырма
8-ші суреттегі жобаның орындалу сәті мен скриптіне (9-сурет) талдау жасаңдар.
1) Жобаға атау беріңдер. Не себепті бұл атауды таңдадыңдар?
2) Жоба қандай мақсатта, кімдерге арнап жасалған?
3) 1 мен 5 аралығындағы сандарды ретімен ауыстыру үшін 9-суреттегі скриптке қандай өзгеріс жасау керек?
Дескриптор
Жобаның орындалу сәті мен скриптіне талдау жасайды.
Тапсырма орындау барысында берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жұптық жұмыс
2-тапсырма
Балабақша тәрбиеленушілеріне қазақ әліпбиінің алғашқы 5 әрпін үйрететін жобаға байқау жарияланды. Scratch-те жұмыс істей алатын программалаушы ретінде байқауға қандай жоба ұсынасыңдар? Жобаның сценарийі мен скриптінің жобасын дайындыңдар.
|
Дескриптор
Scratch-те жақсы программалаушылар ретінде байқауға жоба ұсынады.
Жобаның сценарийі мен скриптінің жобасын дайындайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
|