Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Еліміздегі заманауи сәулет өнерінің туындылары жайлы қандай деректер білесің? Ойыңды ортаға сал.
Осы суреттер негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойлан.
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі
Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады. Сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |