Топтық жұмыс
1- тапсырма
Жер шарында 24 сағат белдеуі бар. Нөлінші сағат белдеуі Британия мемлекетінің Гринвич аймағында орналасқан. Нұр-Сұлтандағы сағат Гринвичтегі сағаттан 6 сағат алда жүреді. Яғни екі қала арасындағы уақыт белдеуі 6 сағат айырмашылық көрсетеді. Тапсырма: 9-суреттегі «Уақыт» жобасына Гринвич уақытын көрсететін 3-сағатты қосуды ұсыныңдар.
|
Дескриптор
Тапсырмаға топтық талқылау жасайды.
«Уақыт» жобасына Гринвич уақытын көрсететін 3-сағатты қосуды ұсынады.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жұптық жұмыс
2-тапсырма
Төменде көкегі бар сағат, электрондық сағат және қабырға сағатының суреттері берілген. Scratch-те осы сағат түрлерінің бірін таңдап жобасын дайындаңдар.
|
Дескриптор
Тапсырмаға жұптық талқылау жүргізеді.
Scratch-те берілген сағат түрлерінің бірін таңдап жобасын дайындайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Жұптасқан оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жеке жұмыс
3- тапсырма
Көрініспен кейіпкердің қандай айырмашылықтарын атай аласың?
Жобаға кейіпкерлерді қосудың қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
|
Дескриптор
Бір сұраққа жауап береді.
Екі сұраққа толық жауап береді.
|
|