5-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы


«Қазақ тілі» пәнін екінші тіл ретінде өзге тілді дәрісханада оқытудың мақсаты



бет2/4
Дата29.08.2024
өлшемі24.54 Kb.
#503249
1   2   3   4
thesis6067

«Қазақ тілі» пәнін екінші тіл ретінде өзге тілді дәрісханада оқытудың мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  • қарым-қатынас әдебінің нормаларын меңгерту:

  • күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

  • оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

5-9 сыныптарға арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы мен инновациялық басымдығы (приоритеті) негізгі мектепте меңгерілетін тілдік білік-дағдылардың 2 деңгейге жіктеліп ұсынылуында болып табылады. Тілді оқытудың деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына орай жүзеге асырылады. Белгілі бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын толық, дұрыс игере алмаған оқушының, дара тұлғаны пәнге бейімдеу, дамыту шаралары арқылы және психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды дұрыс меңгеруге мүмкіндігі болады.
Ұлттық мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қалыптастырып, саралау барысында қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін−өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.

  • Үздіксіздік ұстанымы қазақ тілін оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.

  • Оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылау дәрежесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

  • Пәнаралық интеграция ұстанымы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып алу тәсілі,

мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы
ақпаратты бөліп алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі,
салыстыру, шендестіру, қарсы қою, жүйелілік, себеп-салдарлық байланысты
анықтау және т.б. тіл үйренушінің өз ана тілімен байланыстыра отырып жұмыстар жасауы арқылы жүзеге асыру шаралары жүзеге асыру көзделеді.

  • Түсініктілік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында сынып

оқушыларының психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, назар аудара отырып, сабақта психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.

  • Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі

деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

  • Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы

жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттіліктілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет