Курстың мақсаты: Оқушылардың мазмұнды есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін меңгеру дағдысын қалыптастыру. Мазмұнды есептерді шешуде оқушылардың білімдерін жалпылау және жүйелеу.
Курстың міндеттері:
Мазмұнды есептерді шығаруда топтастыру әдіс-тәсілімен танысу;
Мазмұнды есептерді шешуде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдермен танысу;
Білім мен іскерлік дағдысын кеңейту, әр түрлі проблемалық
ситуацияларды шешу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқу мотивациясын арттыру,кеңейту;
Пән аралық байланысты кеңейту;
Нені үйрену қажет: Мазмұнды есепті шығара алу керек.
Нені білуі тиіс: Мазмұнды есептің шартымен дұрыс жұмыс жасай білуі керек.
Сабақты өткізудің формалары: Лекциялық, семинарлық, математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:
9-жылдық математика курсының математикадан жазбаша емтихан жинағы.
И.П.Рустюмова «Пособие для подготовке к ЕНТ»
Математика есептер жинағы Н.Я.Велинкин
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
1.М.Л.Галицкий «Сборник задач по алгебра»
2.И.П.Рустюмова «Пособие для подготовке к ЕНТ»
3.Е.Д.Куланин «3000 конкурсных задач»
4.Математика және физика журналы. 1998-2013
5.«Репетитор» журналы
Курстың мазмұны
Аптасына 2 сағат. Барлығы 64 сағат.
Кіріспе бөлімі (2 сағат)
Мәтін есептер және оны шешу туралы. Байырғы есептер .
Сандық тәуелділік есептері (18 сағат)
Сандар мен оның цифрларының өзара байланысына қатысты есептер.Санның бөліктеріне қатысты есептер. Санның пропорционалдық қатынастарға байланысты есептері. Бүтін сандық мәселе есептер. Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табу. Шамалардың өзгеруін пайызбен көрсету.
Пайызға байланысты қиындатылған есептер.Тест. Тест жұмысын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |