5-дәріс. «CorelDraw редакторында, графикамен, мәтіндер және объектілер тобымен жұмыс» Дәріс жоспары



бет4/4
Дата11.02.2022
өлшемі1.12 Mb.
#455279
1   2   3   4
Дәріс 5

Интерактивті көлеңке құралымен көлеңке эффектілерін таңдайды. Құралды таңдағаннан кейін көлеңке орналасатын орынға курсорды жылжыту қажет. Көлеңке эффектісі тек қана бояуы бар тұйық контурларда жасалынады.

12-сурет. Алтыбұрыштың көлеңкесі.


Интерактивті қабықша құралы таңдалған объектілердің контурларын модификациялау үшін қолданылады. Объект маңайында өзінің тірек нүктелері бар басқарушы объект орналасады.

13-сурет. Тіктөртбұрыш және түйін нүктелері арқылы оны модификациялау.

6. Мәтіндермен жұмыс

Мәтіндердің екі түрімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар: фигуралы және қарапайым мәтін. Мәтінді енгізу үшін Құралдар тақтасынан "Мәтін" құралын таңдап жұмыс парағының үстіне апарып тышқанмен мәтіндік облыс салады. Содан кейін қажетті тіл, мәтін өлшемі және т.б. форматтау элементтері таңдалынады. Фигуралы мәтін рафикалық объектіні білдіреді, яғни басқа объектілерге ұқсас жұмыс істеуге болады. Көлемді емес мәтіндерді енгізу үшін қолданылады.


14-сурет. Фигуралы мәтін


Қарапайым мәтін жақтау ішіне жазылады. Ол көлемді текстік ақпарат енгізу үшін қажет.

15-сурет. Қарапайым мәтін.

Мәтін (Текст) менюі арқылы мәтінді қисық сызық маңайына орналастыруға болады.
1
6-сурет. Қисық сызық бойына мәтінді орналастыру.
Қасиет тақтасы арқылы қисық сызық бойындағы мәтін қасиетін өзгертуге болады (4-сурет).

17-сурет. Қасиет тақтасындағы басқару элементтері.


7. Объектілер тобымен жұмыс

Жұмыс парағына және бір-біріне қатысты объектілерді дұрыс орналастыру үшін Упорядочить -- Выравнивание и распределение командасы қолданылады (5- сурет).



17-сурет. Выравнивание и распределение сұхбат терезесі.


Cұрақтар:

  1. CorelDraw прогаммасындағы объект ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және элипстер қалай салынады?

  3. Объектілерді түрлендіру үшін қандай құралдар пайдаланылады?

  4. Объектілер формаларын модификациялау үшін қандай құралдар қолданылады?

  5. Объектілерді бояудың қандай түрлері бар?

  6. CorelDraw редакторында мәтіндердің неше түрімен жұмыс жасауға болады?

  7. Фигуралы мәтін қандай жағдайда қолданылады?

  8. Қарапайым мәтін қай кезде қолданылады?

  9. Мәтіндерді қандай құралмен енгізеді?

  10. Мәтіндерге өзгертулер енгізу үшін қолданылатын негізгі мәзір?

  11. Жұмыс парағына және бір-біріне объектілерді дұрыс орналастыру үшін қандай команда орындалады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет