5 дәріс. Магниттік материалдар


Магниттік материалдардың жіктелуі



бет3/3
Дата01.11.2022
өлшемі22.82 Kb.
#463739
1   2   3
Лекция 6 Магниттік материалдар

5.3 Магниттік материалдардың жіктелуі
Магниттік өрістегі жүрісіне қарай барлық магниттік материалдар 2 негізгі топқа бөлінеді – магнитті-жұмсақ (МЖМ) және магнитті-қатты (МҚМ). МЖМ бастапқы және максимальды магниттік өткізгіштіктің үлкен мәндерімен және коэрцитивтік күштің кіші мәндерімен (<4000 А/м). сипатталады. Олар оңай магниттенеді және магнитсізденеді, гистерезиске аз шығындармен ерекшеленеді.
МЖМ неғұрлым таза болса, соғұрлым оның магниттік сипаттамалары жоғары болады.
МҚМ коэрцитивтік күші (>4000А/м) және қалдық индукциясы (> 0.1 Тл) үлкен мән болады. Олардың магниттенуі өте қиын жүреді, бірақ магниттік энергиясы ұзақ уақыт сақталады, яғни тұрақты магниттік өрістің көздері болады.
Магниттік материалдардың барлығы құрамы бойынша былай бөлінеді:
1. металдық;
2. бейметалдық;
3. магнитодиэлектриктер.
Металдық магниттік материалдар - таза металдар (темір, кобальт, никель) және кейбір металдардың магниттік құймалары.
Бейметалдық магниттік материалдар – ферриттер. Олар темір оксиді мен басқа металдар оксидтерінің ұнтақ тәрізді қоспасынан алынады. Пресстелген феррит бұйымдарын жасытады да нәтижесінде қатты монолитті детальдар түзіледі.
Магнитодиэлектриктер - 60-80%-ға ұнтақ тәрізді магнитті материалдан және 40-20% -ға диэлектриктен тұратын композициялық материалдар болып табылады.
Ферриттер мен магнитодиэлектриктер металдық магниттік материалдардан үлкен ρ мәндерімен ерекшеленеді (102-108 Ом·м), бұл құйын тәрізді токтарға шығындарды азайтады. Осы себептен ферриттер мен магнитодиэлектриктер жоғары жиілік техникада қолданылады. Мұнымен қатар, ферриттердің магниттік параметрлері жиіліктердің кең диапазонында тұрақты болады.
Радиоэлектрондық аппаратурада қолданылатын негізгі магнитті-жұмсақ материалдарға карбонильды темір, пермаллои, альсиферлар және төменгі көміртекті кремнийді болаттар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет