Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері: - Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасц қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.
- Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары – бауыр гепатоциттарында).
- Көптеген вирустардың РНК және ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС). Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.
- Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды).
- Көбінесе вирустар иммундық жүйені зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары).
- Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т.б.), олардың диагностикалық маңызы бар.
Вирусты инфекциялардың түрлері - өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.
- персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады.
- абортивті инфекция- вирустың репродукциялануы тоқтайды.
- онкогенді вирусты инфекция- жасуша вирустың әсерінен өзгеріске ұшырап қатерлі ісікке айналады
Достарыңызбен бөлісу: |