Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, сабақтың мақсатын болжайды.
Қостанай облысының аумағында боксит кен орындарын еске түсіріңіз.
Алюминийдің химиялық қасиеттерін түсіндіргенде, оксидтік қабат түзетінін айтып кетіңіз. Ол үшін бейнебаян көрсетіңіз.
Оқушылар келесі тапсырманы тақтада орындайды. Орындау уақыты: 5 минут
Алюминийдің келесі заттармен реакция теңдеуін жазыңыз:
Оттегімен;
Хлормен;
Сумен;
Сұйытылған қышқылмен;
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Алюминийдің сілтімен және қышқылымен әрекеттесуіне байланысты бейнебачндар көру және алюминийдің амфотерлі қасиетке ие болатынын түсіндіру
https://www.youtube.com/watch?v=IP7RBIJL724
Төмендегі салыстырмалы кестеде металдардың қасиеттері қалай өзгеретінің болжаңыздар. Неліктен?
|
|