-№2. «Тұрақтар»Картамен жұмыс.
(М)Картадан Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерін көрсетіп, таныстыру.Оқушылардың берілген ақпаратты қаншалықты игергенін анықтау үшін контур карта таратылып, оларға тұрақтарды белгілеу тапсырылады.Контур картада орындалған оқушылар жұмысы мұғалімге тапсырылады.Сабақтан соң тексеріп, кері байланыс беру.
№3. «Тұрақтарды зерттеу» Мәтінмен жұмыс.
Жоғарыда көрсетілген Қазақстандағы тас дәуірі тұрақтары (тұрақтарды таңдау мұғалімнің еркінде, тек тас дәуірінің әр кезеңінен алынғаны дұрыс) туралы зерттеу тапсырмасыұсынылады (ықшамдалған мәтін таратылады).Оқушылар мәтін мазмұнын оқып, талдайды.Топтар зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында қорғайды. Оқушылардың таныстырылымы кезіндеоқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп тұру қажет.
ЕБҚ оқушы (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен) қолдау көрсетіледі
№4. «Тұлғаны таны» Ақпарат жинақтау және сұрақ құрастыру.
(Б) «Тұлғанытаны» тапсырмасын орындау ұйымдастырылады.«Құмырсқа» (ran dictation) стратегиясы бойынша қабырғадағы мәтіндерден (Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Х.Алпысбаев туралы)әр топтың 2 оқушысы өздеріне қажетті мәліметті оқиды. Топтардың мәтінді жинақтаушы оқушысына өздерінің тобына қатысты тұлға туралы ақпаратты қабырғадағы мәтіннен оқып, жадында сақтағанақпаратты келіп айтады. Ақпаратты жазып отырған оқушы ақпараттарды қағаз бетіне түсіреді. Соңында әр топ өзіне қатысты ақпаратты жинақтап, оны топта талқылап, сыныпқа құраған мәтіндерін ұсынады.Мәтінге сұрақтар құрастырады.Мәселен,
-Ә.Марғұланқай кезеңді зерттеген?
-Ә.Марғұланқандай жаңалықтар ашты?
- Ә.Марғұланның зерттеу жұмыстарының маңызы неде?
1-топ.Ә.Марғұлан
2-топ.К.Ақышев
3-топ. Х.Алпысбаев
Интерпретация
Рөлдік ойын. «Археологтар»
Т/Ж Оқушыларға «археологтар» рөліне еніп, Қазақстан жерінен табылған олжалардың негізінде фотоколлаж (суреттер топтамасын) жасауға тапсырма беріледі.
Дескрипторлары:
/Жаңа ұғымдар жазылған карточканы оқушылар мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы жұптарын табады/
Дескрипторлары:
-Каратаудағы Арыстанды,
Бөріқазған, Шабақты тұрақтары
-Маңғыстаудағы Шақпақата тұрағы
-Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы
-Шығыстағы Усть-нарым, солтүстіктегі Пеньки, орталықтағы Зеленая балка тұрақтары
Дескрипторлары:
Тас дәуірінің әр кезеңінің тұрақтарының ұқсастықтарын табады (кем дегенде 3-5-еуін табады)
Тас дәуірінің әр кезеңінің тұрақтарының айырмашылықтарын табады (кем дегенде 3-5-еуін табады)
Археологиялық ескерткіштер неліктен зерттелетінін анықтайды (кем дегенде 3 дәйек келтіреді)
ЕБҚ оқушылар тапсырманы саралау арқылы орындайды
Дескрипторлары:
ФотоколлаждыңА3 форматында болуы;
Суреттер ұтымды түрде таңдалып, коллаждың тиімді ойластырылуы
Фотоколлажда көрсетілген суреттердің ерекшеліктерін негіздей алуы
|
Достарыңызбен бөлісу: |