Күні:
|
|
Сынып:5
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
1.3. Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.
Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
|
Тарихи ойлау дағдысы:
Тарихи концепт:
|
Уақыт пен кеңістікке бағдарлану
Өзгеріс пен сабақтастық.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ежелгі адамдардың кәсібін анықтау
Еңбек құралдары мен қару түрлерін ажырату;
|
Бағалау критерийі
|
Ежелгі адамдардың кәсібін біледі
Еңбек құралдары мен қару түрлерін ажыратады;
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
8минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Серпілген сауалдар» әдісі арқылы оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдысын қалыптастыру мақсатында сұрақтарға жауап алу.
Неліктен ежелгі адамдар тобырға бірікті? Кемінде екі себебін анықтаңдар
Неге алғашқы адамдар еңбек құралдарын тастан жасады?
ЕБҚ – оқушыға (есту, көру, есте сақтау қабілеті төмен) қолдау көрсетіледі
МТ: (мұғалім түсіндірмесі)
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырады.
|
Топқа бөлінеді. Оқушылар сұрақтар жауап береді. Оқушылар назарын сабаққа аударады.
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Ауызша марапаттау
|
5сынып Қазақстан тарихы электронды оқулық
https://okulyk.kz/all-books/
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.
1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау, көру қабілеті мен айтылым дағдысын қалыптастыру мақсатында ұсынылады.
Тапсырма сұрақтары:
Суреттерде кім бейнеленген?
Бұл суреттер объективті ме?
Ондағы оқиға толық көрсетілген бе?
Суреттерде қандай кезең немесе құбылыс бейнеленген?
Суреттердің ерекшелігі неде ?
Суреттерден қандай ақпартты алуға болады?
ЕБҚ (көру қабілеті нашар) оқушыға сурет материалдары үлкейтілген түрде жеке ұсынылады. ЕБҚ оқушыға (тіл, есту, ойлау қабілеті төмен) қолдау көрсетіледі.
|