5. Тақырып. Бас мидың анатомиясы мен физиологиясы. Ми қабығы. Дәріс мазмұны: Бас мидың қабығы бар



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі0.75 Mb.
#466541
түріҚұрамы
1   2   3   4
Бас ми анатомиясы

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан. Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. Көру орталығында орналасқан ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.
Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.
Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталады. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.
Қызыл ядро. Қызыл ядро орталық жүйке жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiң тонусын реттейтiн қозғалыс орталығы. Қызыл ядро мен артқы мидағы Дейтерс түйiнiнiң жұлынға әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Қызыл ядродан басталатын Монаков буданы жұлынның бүгу орталы­ғының альфа және бета мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерс түйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi.
Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрарады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше жүйкелік афференттік жолдары:
1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым;
Эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.
Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрылымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады.
Мишық. Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады.
Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сөйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер
тонусын жоғалтады. Астазия туадыбір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.
Аралық ми. Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады.
Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық эфференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет