Төртіншіден, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылдың 19 наурызындағы № 185 бұйрығына және 2010 жылдың 8 ақпанындағы № 42 бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мәселелері бойынша жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясы жұмыс жасайды. Секция «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын, типтік оқу бағдарламаларын және оқу-әдістемелік әдебиеттерді даярлауды ұйымдастыру бағытындағы жұмысқа басшылық етіп келеді. Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша білім берудің мазмұнын жетілдіруді әлемдік білім кеңістігінде ғалымдардың әдіснамалық, теориялық қағидалары және жоғары мектептің практикалық тәжірибелері негізінде ұйымдастыруды ойластырып, жұмыс жүргізудің жолдарын қарастырды. Оның ішінде «Білім беру» тобы мамандықтары мемлекеттік стандарттарының тәрбиелік әлеуетін, үздіксіз педагогикалық практика жүйесі, бейіндік оқытудың теориясы мен технологиясы, жаңа мамандықтар мәртебесін анықтаудың ұстанымдарының сипаттамасы Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы ғалымдарының ғылыми-практикалық тәжірибесінде көрініс тапты; бесіншіден, осы бағытта «Екідипломдық білім беру» бағдарламасын іске асыру үшін Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыстар орнатылуда. Бұл тәжірибені пайдаланғанда әлеуметтік білім берудің бейімділік, икемділік, үнемі дамушылық, сабақтастық, болжаушылық, тұрақтылық, тұтастық сияқты түпнұсқалық қасиеттері бар екенін, Қазақстандағы әлеуметтік өмір ерекшеліктерін, еңбек нарығын, бизнес пен жұмыс берушілердің талаптарын да ескерген жөн.
Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасында әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану саласы мамандары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде даярлануда. Сондай-ақ, кафедрадағы соңғы жылдары ендірілген «Тұлғаның дамуына арналған білім беру», «Тұлғаның әлеуметтенуі», «Әлеуметтік-педагогикалық акмеология», «Жеке тұлғалық және кәсіби өсу», «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары мен технологиялары» атты таңдау пәндері әлеуметтік білім беру мазмұнын, жастардың өмірлік тұжырымдарын байытуда. Осы саладағы тәжірибелерді білім беру үдерісінде қолдану жұмыстарын жүргізілуде. Университетте конференцияларда, әдіснамалық семинарларда, радиода және баспасөзде Елбасының идеяларын, ресейлік тәжірибенің ұтымды тұстарын насихатталуда. «Болашақ» бағдарламасы мамандар даярлауда зор рөл атқаруда және оның түлектері еліміздің қарқынды дамуына үлкен үлес қосуда.
Әлеуметтік-педагогиканың гносеологиялық негіздері (мазмұнын анықтаушы әлеуметтік-педагогикалық мәнін тану) гносеология (грек сөзі. gnosis (gnoseos) – білім, таным, және logos – ғылым, білім алу) деңгейінде ғылымтану тұрғысынан әлеуметтік-педагогика әдіснамасының маңызды компоненттерін ұсынады – таным теориясы, адамның ақиқатты тану қабілетін анықтаушы, ғылыми таным әдісі мен формасының қайнар көзін зерттеуші философия бөлімі. Олар әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын, оның бөлімдерін, ықпалын, қайшылықтарын, үрдісі мен заңдылықтарын, қамту аймағын ашатын теориялық білімін анықтайды.
Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі – бұл теорияның танымдық қызметін іске асырушы білім. Ол әлеуметтік-педагогика тәжірибесін тану мәселелерін зерттеудің алғышарттарымен және де алған білім нақтылығын анықтаушы шарттармен қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық деңгейдегі өзара байланысы 5-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |