5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет18/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Глава 5 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дидактикалық зерттеудегі эксперимент бағдарламасын құрастыру қисынын негіздеңіз.
2. Дидактикалық зерттеулердің типтері мен олардың мазмұнын сипаттаңыз.
3. Болгар зерттеушісі И. Марев «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» атты зерттеуінде жалпы әдіснамалық мәселелермен қатар қандай теориялық мәселелерді қарастырды.
4. Поляк ғалымы В. Оконь дидактикадағы қолданылатын қандай зерттеу әдістерін ұсынды?
5. Неге 1971-1991 жылдары Кеңес өкіметі кезінде білім мазмұнын құрастыру теориясының дамуын дидактикалық және әдістемелік зерттеудің классикалық үлгісін көрсетеді деп бағалайды?
5.4. Әлеуметтік-педагогика, этнопедагогика, тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі

Соңғы 20 жыл ішінде әлеуметтік педагогиканың институтының құрылуы мынадай үш міндетті шешуді талап етті: қоғамда әлеуметтік педагогтардың кәсіптік қызметі саласын қалыптастыру, ғылыми білімнің сәйкес саласын дамыту және маман даярлаудың жүйесін жасау.


Әлеуметтік педагогтарды даярлаудың Ресейлік тәжірибесі білім берудегі қоғам мен адам арасындағы өзара байланыстың даму заңдылықтарын пайымдау деңгейін көрсетеді. Бұл тәжірибенің негізгі идеологтары социология ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі С.И. Григорьев, философия ғылымдарының докторы А.М. Егорычев, Ресей ғылым академиясының академигі В.И. Жуков, педагогика ғылымдарының докторлары Л. В. Мардахаев, М.А. Галагузова, И.А. Липский, А.В. Мудрик және басқалар Ресей Үкіметімен тығыз байланыста барлық әлеуметтік жағдайларға, шетелдік жүйелерге талдау жасап, белгілі бір тұжырымдарды тиянақтап отырады.
Әлеуметтік педагогтарды даярлаудың тәжірибесінің екінші құрамдас бөлігі –әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімнің саласы ретінде дамуы. С.И. Липскийдің зерттеуі бойынша, 1971-2008 жылдар аралығында әлеуметтік педагогика мәселелерінен 1646 кандидаттық және докторлық диссертацияларда әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі жалпы құрылымы, әлеуметтік педагогика тарихы, теориясы, адамның әлеуметтік даму теориясы, әлеуметтік қолдау теориясы, әлеуметтік-педагогикалық инфрақұрылым теориясы тақырыптық-мәселелік тұрғыдан талданған. Әлеуметтік педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылым ретіндегі дамуы жайлы монографиялық жұмыстар (В.Г. Бочарова, В.И. Загвязинский, И.А. Липский, Л.В. Мардахаев, А. В. Мудрик, Г.Н. Филонов, Л.И. Новикова, Ю.С. Мануйлов и др.); әлеуметтік педагогтарға арналып даярланған оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, энциклопедиялар (А.В. Мудрик, Л.В. Мардахаев, Ю.В. Василькова, М. А. Галагузова, В.А. Никитина және басқалар) жарияланды. Ғалымдар әлеуметтік педагогиканың мағынасын, нысанасын және пәнін, ұғымдық-түсініктік аппаратын нақтылауда. Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің аясында «Ұлттық әлеуметтік зерттеу университетінің 2018 жылға дейін даму Бағдарламасы» жасалып, жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтарды даярлаудың жинақталған тәжірибесін бейімдеп енгізуге бірқатар мазмұнды алғышарттар бар. Олар, біріншіден, Қазақстанда әлеуметтік педагогтарды даярлау 90-жылдардың ортасынан жүргізілді де, төрт жылдай үзілістен соң, 2010-2011 оқу жылынан «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» атты жаңа мамандық ашылды. Бұл мамандық қазақстандық қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындап отыр. Оның үстіне, Егеменді Қазақстанда мәңгілік мәселе — өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. Ол Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 1992 жылы құрылған «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен оның «Өзін-өзі тану» пәнін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін 2001 жылы ұйымдастырылған Адамды үйлесімді дамыту институты арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекетті дамытудың жаңа әлеуметтік-мәдени контексінде мектептегі және жоғары оқу орындарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани сауатты адам, өзінің ұлттық әлем бейнесін сақтай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге және бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғай алатын, өмір салты өзгеше адамдарды сыйлай білетін, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрметтейтін планета азаматын қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет