5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет19/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Глава 5 новый

Екіншіден, оқытушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмысы жүйеленуде. Айталық, «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының біліктілігін арттыру «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының Адамды үйлесімді дамыту институты мен университеттердің ғалымдарының тікелей араласуымен жүргізілуде.
Үшіншіден, жастарды әлеуметтендіру және оларға рухани-адамгершілік білім беру бағытында зерттеулер ұйымдастырылуда. Қазақстанда әлеуметтік тәрбие, жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін дамыту (Р. Ж. Иржанова, К. Қ. Құнантаева, Б.Ы. Мұқанова, М.Н. Кузьмина, Н.Н. Тригубова және басқалар), тәртібінде ауытқулары бар жеткіншекті тәрбиелеу (Г.А. Уманов, Л.К. Керимов, В. В. Трифонов, В. А. Парфенов, Д. Жұмабаев, В. Г. Баженов, Ш.Ж. Колумбаева және басқалар), жастарды әлеуметтендіру (И.М. Кузьменко, Қ.Ғ. Ғабдуллина, З.Ө. Кеңесарина, О. Нұсқабаев, Е.З. Батталханов, А.Н. Тесленко, Т. Г. Бортко, Ә.Қ. Нұрғалиева, А.М. Мүсілімов, С.Н. Жиенбаева, В.А. Жексембекова, Ш.А. Қирабаева, А. С. Иргалиев және басқалар), этникалық әлеуметтендіру (С.А. Ұзақбаева, С. Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметова, Ә.Т. Табылдиев, Р.Қ. Дүйсенбінова, С.C. Қоңырбаева және басқалар), әлеуметтік педагогтарды даярлау, болашақ педагогтарды әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау (И.Б. Сиқымбаев, Г. Ж. Меңлібекова, С.С. Досанова, Р.И. Бурганова, Ж.Х. Кендірбекова және басқалар), әлеуметтік педагогиканың оқу пәні ретіндегі құрылымын нақтылау (І. Р. Халитова, А. Б. Айтбаева, Н. С. Әлғожаева және басқалар), әлеуметтік педагогика тарихы (Ғ. Қабыкенов және басқалар), әлеуметтік қызметті ұйымдастыру (Р.С. Қасымова, Қ.Ғ. Кәкен және басқалар)), педагогтарды деонтологиялық даярлау (Ғ.М. Кертаева, Е.Н. Жұманқұлова, А.Е. Кудерина және басқалар), болашақ педагогты тәрбие жұмысына дайындау (В.А. Ким, Л.А. Байсеркеев, Қ.Қ. Жампейісова, А.А. Калюжный, Қ.Б. Бөлеев, А.Б. Абибулаева, С.Т. Иманбаева және басқалар), отбасындағы әлеуметтік жұмыс (К.Ү. Биекенов, З.Ж. Жаназарова, Ж.А. Нұрбекова және басқалар,), әлеуметтік психология (Н.С. Ахтаева, А.Т. Әбдіғаппарова, З.Н. Бекбаева және басқалар) мәселелері зерттелуде. Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының адамды үйлесімді дамыту институты ұжымы рухани-адамгершілік білім беру бағытындағы нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын аткаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет