CCTV-дің штаб-пәтері
CCTV арналары нөмірлік ретпен жүйеленген, мысалы, CCTV-1, CCTV-2, және с.с, арна хабарлары Еуропа және бүкіл дүние жүзіне таратылады.
Барлық арналары таратуы ашық. Төменде арналар тізімі атауымен келтірілген:
-
CCTV-1 Негізгі
-
CCTV-2 Қаржылық (бұрын 2009 жылдың 24 тамызына дейін Экономика және өмір)
-
CCTV-3 Өнер және ойын-сауық
-
CCTV-4 Халықаралық (қытайша)
-
CCTV-5 Спорт
-
CCTV-6 Кино
-
CCTV-7 Әскети / Ауылшаруашылықтық
-
CCTV-8 Телесериалдар
-
CCTV-9 Халықаралық (ағылшын тілінде)
-
CCTV-10 Ғылым және білім
-
CCTV-11 Қытай операсы
-
CCTV-12 Заң
-
CCTV-Хабарлар (CCTV-新闻) — Жаңалықтар
-
CCTV-Балалар (CCTV-少儿) — Балалар
-
CCTV-Музыкалық (CCTV-音乐) — Музыкалық
-
CCTV-E Халықаралық (испанша)
-
CCTV-F Халықаралық (французсша)
-
CCTV-العربية Халықаралық (арабша)
-
CCTV-Русский Халықаралық (орысша) 2009 жылдың 10 қыркүйекте ашылған
-
CCTV-HD — жоғары дәлдікті
-
CCTV-Español: испан тіліндегі халықаралық арна.
-
CCTV-Français: француз тіліндегі халықаралық арна.
-
CCTV-3D: 3D арна.
Қытай журналистикасы
Шет елдердің (радиосы, теледидары) ақпарат құралдарының бөлімдері бізде ашылып жатса, қазақ бөлімдері әлемнің бірнеше алпауыт мемлекеттерінде туларын желбіретіп отыр. Бұған әрине, себеп – қандастарымыздың сол жақта өмір сүріп, жемісті қызмет етуі.
Тұңғыш рет хабар «Пекин» орталығынан берілсе, кейін 1978 жылы Қытай орталық теледидары деп аталады. Бүгінгі таңда бұдан 138 сағат көлемінде берілетін 8 бағдарлама бар. Оларды таратып айтсақ:
1-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар
2-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар
3-бағдарлама – халықаралық арна, 5 арна – спортқа, 6-киноға, маңыздысы балалар, ауыл шаруашылығы, әскери, ғылыми-техникалық хабарлар маңызды орын алады. Ең соңғы 8 бағдарлама – әдебиетке арналған.
Күн сайын жарты сағат берілетін ақпаратты бағдарлама – «Информационнан панорама». Оны солтүстіктегі Хэйлунцзяннан оңтүстіктегі Хайнань аралығына дейінгі, шығыстағы Сары Теңіз жағалауынан бастап батыстағы Тянь-Шань тауына дейінгі аралықта барлығы көреді. Дикторлары – өте жас, қарапайым киінген, мәтінді мүдірмей, аса шеберлікпен тоқиды.
Қытай халық республикасында екі аптада бір рет шығатын «Баньюэ тань» («Беседы», күнділікті газет – «В эньх уэй бао» («Литература чтение») «Гуанмин жибао («Свет»), «Гунжэнь жибао» («Рабочая газета»), «Жэншэнь жибао» («Народная газета»), «Дачжун ряньин» («Массовое кино» – ай сайын шығатын киножурнал, «Пекин ревью» (Пекинскок обозрение), «Синьэвэнь чжаньсянь» («На фронте журналистики») – журналистерге арналған ай сайын шығатын журнал, «Цзефан жибао» («Освобождение»), «Чайниз литече» («Китайская литература») – әдеби журнал, ең бір атап өтетіні – «Жэньшинь хуабао» («Народная иллюстрированная газета») – ай сайын шығатын суретті журнал. Пекинда қытай, орыс, ағылшын, араб, вьетнам, индонез, испан, тиальян, корей, неміс, сухаил, урду, француз, хинд, швед, жапон, румынь (17) тілдеінде басылады. Аталған газет-журналдардың дерлігі 8, 2 млн – 70 мыңға дейінгі тиражда шығатын көрінеді.
Қытайда радиохабар Орталық және аймақтық болып бөлінсе, Орталық тәулігіне 128 сағат хабарды жеті дербес арна арқылы таратады. (21 %) – жаңалықтар, 20 % - оқу-білім, 49 % – көңіл көтеретін, қызметтік – 7 %).
Ал аймақтық радиохабардан Шыңжан – ұйғыр халықтық радиостанциясын атауға болады. Қытайда – коммерциялық радиостанция болмағанымен, 1979 жылы ақылы жарнама беруге рұқсат етілген.
«Пекин радиосы» – шетелге хабар тарататын мекеме (43 тілде). Сыртқы хабар тарату қызметі 54 шетелдік радиостанциясымен ынтымақтасып, 16 спутниктік байланыс жасалынған. Радио тілшілері Токио, Банген, Исламабад, Нью-Йорк, Москва, Бонн, Хараре, Сидней, Буэнос–Айрес, Брюссель, Найробиде бар.
Пекиндегі Қазақ радиосы бағдарламасы алғашқы кезде ақпараттық шектелді. Құрылғанан 1981 жылға дейін күніне 1 сағат эфирге шығып тұрады. Осы орайда Диктор Қызырбек Жанасұлы [2, 102]: «Мұның жарты сағаты еліміз іші-сыртындағы елеулі хабарлар, қалған жарты сағаты ән-күй, шетел музыкалары, радиотеатр, романнан үзінді, дастан, өлең, дәріс, сұқбат негіздегі бағдарламалар болды. 1984 жылы бағдарламаған реформа жүргізіп, бұрынғы 1 сағаттың бағдарламаны жарым сағаттан күніне 2 уақыт беруге өзгерттік», – дейді.
2000 жылғы 16 қыркүйектегі бекіміне сай (Төраға Жаңзымның) 2000 ж. 25 желтоқсаннан бастап ақпараттық бағдарлама 2 сағатқа толықты. Соған байланысты жаңадан тағы 5 айдар қосылған екен: алтын шаңырақ, жас дәурен, спорт әлемі, экономика аалдыны. Жалпы алғанда, бүгінде айдарлар саны 12-ге жеткен көрінеді.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1]; [7]; [10]; [27]; [32];
Қосымша: [10]; [11]; [13];
9-дәріс.
Жапонияның электронды бұқаралық ақпарат құралдары.
1. Жапония сандық телевидениесінің болашағы.
2. Жапонияның ірі компаниялары.
3. Жапония теледидары.
30-жылдардың ортасынан бастап, телехабар беруге кіріскен жапон зерттеушілерінің бұл ісіне соғыс кедергі келтірді. 1939 ж Токиодағы хабарды соғыстан кейін жалғастырды. Алғашында теледидарға күдікпен қарады, радиомен бәсекеге түсе алмайды деп ойлады.
1959 ж Император сарайынан соңғы ханзаданың үйлену тойынан жүргізілген трансляциядан кейін теледидар көрушілер бірден 4 млн-ға жетті.
Жалпы телехабар күніне 18 сағат беріледі:
мәдени - 36,1%;
көңіл көтеретін - 22,2%;
соңғы хабарлар - 32,5%;
білім - 9,2%.
4 мың үлкенді-кішілі аралдардан тұратын Жапонияның барлық аймағы телерадио қызметімен қамтылған.
Жапония соңғы жылдары баспасөз, ақпарат құралдарының қызметін автоматтандыру, компьютерлендіру жағынан табысқа жеткен азғана елдердің бірі болып табылады. Әсіресе, газет өндірісі, мерзімді баспасөз дизайнын жетілдіру ісінде компьютерді жоғары деңгейде пайдаланады.
Шетелдік қымбат әрі тапшы техникалық құралдардың орнына Жапония өзінің ұлттық озық технологиясын қолдануы арқылы экономикалық жоғары тиімділікке қол жеткізген.
ISDB (Жан-жақты қызмет ететін сандық хабар тарату) - сандық теледидардың жапониялық стандарты.
ATSC (Жетілдірілген Телевизиялық Жүйе Комитеті) - сандық телевидениенің америкалық стандарты.
Негізгі мемлекеттері: АҚШ, Канада, Корея.
ATSC - Бұл сандық телевизияның технологиясын стандарттаушы халықаралық коммерциялық емес мекеме. Ол 1982 жылы Қоғамаралық Координациялық Комитет Құрамасының (JCIC) мүшелерінен тұратын мекемелерден құрылған.
Қазіргі уақытта оның 140 мүшесі хабар таратуды ұсынып отыр. ATSC сандық телевидение жоғары айқындылықтағы телевидение (HDTV), айқындық стандартындағы телевидение (SDTV), бағдарлама деректерін беру, көпарналы дыбыс және интерактивті телевидение кеңістік стандарттарынан тұрады.
Негізгі мемлекеттері: Жапония, Оңтүстік Америка.
ISDB - бұл радио және телевизиялық станцияларға сандық хабар таратуға көшугі рұқсат беретін, сандық телевидениенің (DTV) және сандық радиохабарларын тарату (DAB) үшін Жапонияда жасалған форматы. Ол Arib күшімен дамиды. ARIB (Индустрия және Бизнес радиохабарларын тарату Қауымдастығы) - Жапонияда стандарттарды жетілдірумен айналысатын мекеме. 90-шы жылдары ARIB жерүсті сандық телевизияның хабар тарату стандартын өңдеді.
ISDB негізгі стандарттары - ISDB-S (спутниктік телевидение), ISDB-T (жерүсті), ISDB-C (кәбілдік) және көлік легі пайдаланатын құрылымы және телевидениеде жоғарғы мүмкіндікте хабар таратуды рұқсат ететін (HDTV) 2,6 ГГц диапазонында жерүсті мобильді Хабар тарататын түгелдей бейне - және дыбысты кодтауға негізделген MPEG-2 болып табылады.
Жапонияның электронды бұқаралық ақпарат құралдары
Азия журналистикасының ерекшелігі.
Эн-эйч-кей – Жапонияның 5 мемлекеттік телерадиокомпаниясы: жалпы және оқу бағдарламалары, спутниктік каналдар және сараптамалық сандық телевидение.
Жапонияның коммерциялық телехабарларын тарату бағдарламалары. Викториналар мен сериалдар, ақпараттық және спорт хабарлары.
Жапония телевидениесіндегі мультипликация.
Жапония телевидениесіндегі балалар хабары.
Жапония сандық телевидениесінің болашағы. Жапонияның ірі компаниялары: Сони және Мицубиси, Тошиба, Хитачителерадиомен жабдықтау әлемдік нарығының көшбасшысы. Хабар тарату туралы заң.
Жапонияның электронды ақпарат құралдары (баспасөз)
1. Жапонияда алғашқы басылымдар шетелдік газеттердің көшірмесі, аудармасы іспетті болды. 1865-1868 жж. аралығында шағын тиражды, кішігірім басылымдар шығып тұрды. Жапондардың тұңғыш газет болып 1870 ж. жарық көрген “Иокогама симбун” есептелінеді. 1872 ж. сәуірнен бастап бұл басылым “Иокогама майнити симбун” деп атала бастады.
1890 жылы белгілі публицист Цитиро Тоқутоми либералдық бағыттағы “Коқумин симбун” газетін дүниеге әкеледі. Газет өкіметтің іс-әрекетін ашық сынап, түрлі сенсациялар жариялап, көпшілікті өзіне тарта білді. Бірақ 90-жылдары И. Тохутомиде ұлтшылдардың қатарына кеткен соң, газеттің бағыты мүлдем өзгерді. ХХ ғ. басындағы тиражы жоғары газет “Еродзу техо” (50 мың) 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысы баспасөзге айтарлықтай әсер етті.Кейбіреулері кішігірім репортаждар арқылы тираждарын көбейтті.
Газет кәсіпкерлерінің арасындағы бәсекелестік – олардың жаңа формаларды ойлап табуына итермеледі. Мәселен, “Хоти” газетінің кешкілік басылымы дүниеге келсе, “Еродзо техо” газеті спортқа көп көңіл бөле бастады.”Асахи” әйгілі адамдардың өміріне мән беруді міндет санады, ал “Ямато сибун” газет бетінде картиналардың көрмесін ұйымдастырып ала жөнелді. Мұндай өнертапқыштық нәтижесіз болмады, газет тираждары бірден көтерілді.
Жапонияда газеттің екі түрі қалыптасқан:
1. Өзін тәуелсіз санайтын орталық газеттер.
2. Жергілікті префектуралық (райондық) баспасөз органдары. Префектуралық газеттер ірі-ірі кәсіпкерлердің қаржылай көмегімен, жергілікті муниципальді органдардың инициативасымен шығып тұрды. Жергілікті газеттер халықаралық хабарларды америкалық ақпарат агенттіктері ЮПИ мен АП-дан алады.
Жапониялық газеттердің дені Осака мен Токио қалаларында шығады. Күнделікті газеттердің тиражы 4 мың мен 1,5 млн дананың аралығында болады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жапония газеттерінің тиражы жарияламағандықтан, нақты айту мүмкін емес.
Журналдар
Жапонияда алғашқы журнал 1873 жылы “ Мэйроқу дзаси” деген атпен жарық көреген. Бұл негізінен ғалымдарға арналған басылым болып есептелінеді. Танымдық журналдар: “Кагэцу синси”, “Симбунси” “Хомэй синси”. Саясатқа мән беруінің нәтижесінде 1886 жылы осы бағыттағы “Тюо корнның” алғашқы саны жарық көрдіИ.Тоқутоми шығарған “Миньюся” журналы (1887) прогрессивті бағытта болып, билік басындағыларды сынағаныменен, кейін бұд бағытты өзгертті. 1888 ж 3 журнал жарық көрді: әйелдер журналы”Дзегаку дзасси”, ағартушылық бағыттағы “Кеику хотти” және философиялық “Тэцугакукай дзасси”. 1889 ж. “Ниппаонно сенэн” балалар журналы жарық көрді.
Жапон газеттерін геграфиялық принцппен әрі тиражына қарай жалпыұлттық және жергілікті деп бөлуге болады. Ал жергілікті басылымдардың өз іштей регмональдық және префектуралық деп жіктелінеді.
Жалпыұлттық газет бесеу: асахи Иомиури, Майнити, Нихон хэдзай симбун, санкэн. Бұл газеттердің бас редакциясы Токиода орналасқан, бірақ басқа қалаларда да басылады. Бұларды әлемдегі ең жоғарғы тиражды газеттер деп атауға болады. (7,5 мил. мен 10 мил. дана аралығында). Региональдық газеттер деп жалпыұлттық және префектуралық басылымдар аралығындағы газеттерді айтамыз. Олар бірнеше префектураға таралады, Хоккайдо симбун, Тюнити симбун, Ниси Ниппон симбун атты региональдық газеттер шығын тұрады. Бұлардың тиражы 700 мың мен 2 мил. дана аралығында. Жергілікті газеттер өз префектураларының жаңалықтарын оперативті түрде жариялап отырған. Осының арқасында, жалпыұлттық басылымдардан қалыспай, өмір сүрген.
“ТВ Токио (-ең жас станция, 6 филиалы бар, Коммерциялық компаниялардың мүддесін Коммерциялық хабар тарату (Мимпфэн) ұлттық ассоциациясы қорғайды. Ол 1951 жылы құрылған.
Сұрақтар:
1. Жапонияның коммерциялық телехабарларын тарату бағдарламалары.
2. Жапония телевидениесіндегі мультипликация.
Тапсырмалар:
1. Жапониядағы сандық телевидение: болашағы мен ерекшелігін анықтау.
2. Жапония Хабар туралы заңдарымен танысу.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану.
Әдебиеттер:
Негізгі: [2]; [9]; [22]; [27]; [31];
Қосымша: [1]; [11]; [14];
№ 12. Түркия елінің баспасөзі
Сұрақтар:
1. Түркия телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау
2. Түріктердің телевидениесі мен радиосының заңдық базасы.
Тапсырмалар:
1. Ақпараттық қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек.
Әдебиеттер:
Негізгі: [2]; [9]; [10]; [25]; [26];
Қосымша: [1]; [10]; [11];
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айгүл Рамазан: "Шетел журналистикасының тарихы" (Алматы, "Қазақ университеті", 2006 ж.).
2. Намазалы Омашев "Қазіргі шетел журналистикасы" Р. Ш. Бегімбаев: (Алмты, "Қазақ университеті", 2000 ж.)
3. Қуандық Шамақаайұлы: "ХХ ғасырдағы Әлем журналистикасы" (Астана - 2007 ж).
4. Қуандық Шамақайұлы: "Демократиялық қоғамдағы баспасөз және ақпарат құралдары" (Астана - 2006 ж).
Корея телевидениесі
Кореяның астанасы - Сеул қаласында шамамен 10 жарым млн. халық тұрады. Инчонь ауданындағы халықаралық әуежай мен Сеулдің жерасты метросы күніне шамамен 20 млн.-ға жуық адамды қабылдайды. Сеулден Чинджу қаласына автобуспен 3 жарым сағат жүресің. Жан жағын Сары теңіз бен Жапон теңізі қоршаған бұғазда орналасқан шахар Пусан қаласына тиіп тұр.
Кореяның өзінде 50-ден астам телевидение бар. Оның барлығы дерлік коммерциялық бағытта қызмет етеді. Жалпы Корея телевидениесінің тарихы Сеул қаласында ашылған жеке меншік, коммерциялық станцияның ашылуынан, яғни 1956 жылдан бастау алады. 1961 жылы 31 желтоқсанда Корея үкіметі Сеул қаласынан «KBS TV» деген ресми телеорталықтың тұсауын кесті. Коммерциялық бағытта жұмыс істейтін «Dong yang broadcasting company» филиалы «TBC TV» 1964 жылдың желтоқсанынан бастап Сеул мен оның айналасындағы елді мекендерге өз бағдарламаларын көрсете бастады. Сол жылы «TBC TV» елдің оңтүстік аймағын қамту мақсатында Пусан қаласынан өз филиалын ашты. 1969 жылдың тамызында «Munhwa Broadcasting company» «MBC TV» негізін қалап, кейінрек өз қатарына жергілікті кішігірім 19 телестанцияны қосып алған Кореяның алпауыт үшінші телеторабына айналды. Бұл арна бүкіл ел аумағын қамтыды. 1990 жылғы жүйелік реформалардың нәтижесінде жеке телестанциялар пайда бола бастады да, 1991 жылы жеке фирма «SBS TV» Үлкен Сеул аумағына хабарлар тарата бастады. 1961 «KBS TV» өз жұмысын бастап жатқанда ел аумағында бар болғаны 25 теледидар болған екен.
1973 жылы тіркелген телевизорлар саны бір миллионнан асса, 1978 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 809 мыңды көрсетіп, 1978 жылы 5 миллионға, ал, 1982 жылы 7 млн жеткен. Сексенінші жылдардың басынан бастап қана Корея телевидениесі түрлі-түсті болып көрсете бастаған. Бүгінгі күннің телевидениесі Бүкіл Корея бойынша 39 телеарна болса, оның 20-сы коммерциялық бағытта жұмыс істейді. Бұдан басқа, Кореядағы американың әскери қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған бағдарламалар көрсететін «AFKN TV» телевизиялық станциясы да жұмысын жалғастыруда. Бұл бағдарламалардың барлығы да түрлі-түсті бейнеде көрсетеді. 1990 жылы Білім министрлігінің бастамасымен «EBS TV» компаниясы өз жұмысын бастады. Бұл компания оқушыларға арналған тағлымдық бағдарламалар мен мәдениет тақырыбындағы деректі фильмдер таратады. 2000 жылы шыққан телерадио хабарларын тарату туралы Заңына сәйкес «EBS TV» мемлекеттік компания болып қайта құрылды. 1995 жылы елдің мәдениеті пен экономикасының дамуына үлес қосу мақсатында PSB (Пусан ақпарат тарату корпорациясы), TBС (Тэгу корпорациясы), KBС (Кванчжу ақпарат тарату компаниясы) және TJB (Тэчжона ақпарат тарату корпорациясы) құрылған еді.
1997 жылы жеке телевизиялық компаниялар қатарын ITV (Инчхон телевизиялық корпорациясы), UBC (Ульсана ақпарат тарату корпорациясы), CJB (Чхончжу ақпарат тарату корпорациясы) және JTV (Чончжу телевизиялық корпорациясы) сияқты алпауыт ұйымдар толықтырған болатын. Кореялық кабель телевидениесінің тарихы 1970 жылдан бастау алып, 1980 жылдардың аяғында күшейе бастаған. Телевидениенің бұл түрі дами келе, 14 млн. абонент 2005 жылы 77 тақырыптық бағдарламаны тарататын 70 арнаны тамашалай алатын деңгейге жетті. Оңтүстік Корея 1995 жылы орбитаға Мугунхва байланысының үш серігін жіберіп, өзін спорттық, музыкалық, танымдық және сауықтық сияқты әртүрлі бағыттағы 168 спутниктік арнамен қамтамасыз етті. Спутниктік байланыс Оңтүстік Кореяны ақпараттық технологиялар саласында дүние жүзі елдерінің алдыңғы қатарына шығаруға мүмкіндік туғызды.
Бүгінгі күні Кореяда ағылшын және корей тілдерінде жұмыс жасайтын 4 алпауыт телевидение бар. Олар - Korean Broadcasting System (KBS), Seoul Broadcasting System (SBS), Munhwa Broadcasting Corporation (MBC), Educational Broadcasting System (EBS). Бұлардан басқа «Arirang TV» және «YTN» атты ел сүйіп тамашалайтын телеарналары да бар. ЕҰУ магистранты Н.Ораздың айтуынша, жалпы алғанда бұл ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан журналистік шеберлікті шыңдап қаламыңды ұштай түсетін өте үлкен ғибрат алуға болады. Себебі, Корея елінде журналистика, оның ішінде, жүргізушілік шеберлік өте қарқынды дамып келе жатқанының куәгері болып отырмыз.
№ 10 дәріс. Азия елдерінің журналистикасы
Азия елдерінің радиосы мен теледидары. Ауғанстан радиосы мен теледидары (Radio Afghan, TV and Film) ел астанасы Кабулда орналасқан мемлекеттік қызмет. Теледидар хабарлары 1978 жылдың наурыз айынан бастап беріледі.
АРАМКО радио (Арабиен америка ойл компани) Дахранда орналасқан 1957 жылдан бері хабар таратады.
Сауд Арабиясының мемлекеттік телехабарлар қызметі (Сауди Арабиан говермент тв зионсервис) Ақпараттар министірлігінің құрамында Эр-Риядта орналасқан. Дахран ТВ Дахранда орналасқан. 1957 жылдан бері хабарлар көрсетеді.
Серия теледидары (Сириян твзион) Дамаск қаласында орналасқан 1960 жылдан бері хабар береді, үкіметтік коммерциялық қызмет.
Радио және телехабарлар бас дерекциясы негізі 1946 жылы қаланды. Дамаскіде орналасқан.
Азиядағы қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың негізгі сипаты және оның бұқаралық ақпарат құралдарында бейнеленуі
1990 жылдары дүние жүзі халықтары 5 млрд. адамнан асты, ғасырдың аяғында 6 млрд , 2019 жылдары 8млрд жетеді.
Қазіргі кезде БАҚ дамуына эканомикалық және әлеуметтік-мәдени факторлар әсер етеді, 48 елі ғана радиоқабылдағышпен, 22 елі теледидармен, 30 елі газетпен қамтамасыз етілген.
Азия аймағы саяси, мідени, әлеуметтік және діни әдетғұрыптары, сондай-ақ тұрмыс дәрежесі, демократиялық институттарында елеулі өзгешіліктермен ерекшеленеді. Азияда теледидар 60-шы жылдардың басында пайда болды.
Ол кезде 13 елде, 70-жылдардың ортасында 30 елде, 90-жылдары 43 елде тұрақты хабар берілді. Осындай құбылыс радио ісінде де байқалады. соңғы он жылдықта Азиядағы радиоқабылдағыштар саны көбейді. Радиохабары азияда телевизор саны 3 онжылдықта 3 есе өсті. Азияда бір жылда тележүйеге 15 млрд доолар жұмсалады. Алаида радио мен теледидардың дамуы мен деңгейі Азия континентіндегі елдерге байланысты әртүрлі. Мысалы, Азияның 18 елінде 1000 адамға 6-дан (Бангладеш) 100 қабылдағыштан келеді (Түркия) (1000 тұрғынға 100 газет, 50 радиоқабылдағыш, 2орын кинотеатр. 20телевизор.
Азияның тоғыз елінде радиоқабыладағыш саны 1000 адамға шыққанда 120 (Малайзия, Тайланд), 170 (Ирак), 331 (Кипр) – 400-ге дейін (Оңтүстік Корея), 356 Гонконг, 571 (Жапония), Қытай мен Үндістан сияқты ірі Азия елдерінде қоғамдық жерлерде, дауыс үдейткіш ұжымдық хабар тарату өріс алады.
80-жылдардың екінші жартысында Тайландтың экономикалық дамуы әлемде ең жоғары денгеиде болды, Гонконг Жапониядан кейінгі адамдардың өмір жасының ұзақтығы жөнінен екінші орында. Ал Индонезия мен Қытай әйелдерінің өмір сүру ұзақтығы 1965 жылдары 45-59 жасқа дейін болса, 1989 жылы 71-ден 63 жасқа жетті.
Азиядағы хабар таратудың көптеген ұқсастықтары бар. Үкімет БАҚ-қа бақылау жасайды, тұрғылықты ұлт тілінде жалпы ұлттық хабарды күшейту, элитарлы – ағылшын тілді хабарлардың үлес салмағын азайту сияқты міндеттер тұр.
Әдебиеттер:
Негізгі: [2]; [21]; [25]; [26]; [34];
Қосымша: [1]; [14]; [18
Ислам журналистикасы туралы не білеміз
Оқырмандар газетімізде жарияланған материалдар арқылы ислам экономикасы, ислам банкингі сияқты қазіргі заман талабы өмірге әкелген ұғым-түсініктерден бірқыдыру хабардар деп ойлаймыз. Хақ дініміз құндылықтары коммуникация және ақпараттық технологиялар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің жүрегіне жол табуда. Осы орайда «ислам журналистикасы» деген жаңа терминнің пайда болып, ғылыми айналымға еніп те үлгіргенін атап өтуге тиіспіз.
Журналистика-замана айнасы, өмір шындығының бейнелі көрінісі. Бүгінгі БАҚ типологиясын зерттеген мәскеулік профессор Е.Прохоров осы қоғамдық құбылыстың қалыптасу және даму даму заңдылықтарын зерделей келіп, журналистиканың тарихи типтеріне діни-клерикалдық, сондай-ақ буржуазиялық және социалистік журналистиканы жатқызады. Осы орайда діни журналистика зерттеу нысаны ғана емес, сондай-ақ кәсіп түріне де айналып үлгіргенін атап өтуіміз керек. Ғалымның пікірінше, діни–клерикалдық журналистика қазіргі заманғы ақпарат нарығында да өзіндік орынға ие. «ХХ-ғасырдың соңында дәстүрлі идеологиялардың дағдарысқа ұшырауына қарай және адамзат өркениетінің жаңа сатысына өту барысында түрлі қиындықтардың кез болуы себепті берік те жалпыға ортақ құндылықтар талап етілген жағдайда дін мен шіркеудің өзіндік бір «қайта өрлеуі» өмірге келіп, мұнымен бір мезетте діни-клерикалдық журналистика жандана түсті… дін иелерінің қоғамдық өмірдегі рөлі артты, шіркеу ұйымдарының ақпараттық қызметі күрт жанданды» — деп түйеді Е.Прохоров.
Зерттеуші тілге тиек еткен ақиқат біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Халқының 70 пайыздан астамы ислам дінін ұстанатын Қазақстанда бүгінгі таңда жергілікті жерлерде мешіттер саны жылдан-жылға өсіп келеді, дін қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары оқу орындары ашылу үстінде. Сондай-ақ жүздеген шәкірт Түркияның, Египеттің, Малайзияның білім ордаларында тәлім-тәрбие алды. Рухани тақырыпқа қалам тербейтін журналистер легі, арнайы басылымдар пайда болды.
Қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде дерлік діни журналистика инфрақұрылымы қалыптасып үлгірген. Профессор Е.Прохоров «бұл (діни-Ж.Б.) журналистика діни және клерикалдық ұйымдар құрған дербес басылымдар және ТВ мен радиохабар арналары арналары түрінде, сондай-ақ зайырлы газеттер беттеріндегі, теле және радиожелілер құрылымдарындағы арнайы айдарлар мен айдарлық бағдарламалар түрінде көрініс табуда. Сонымен қатар арнайы діни радио және телеуағызшы кәсібі өмірге келіп, олар жүргізген хабарлар аса ауқымды аудиторияны қамтып отыр»- деп жазады.
Өзге ТМД елдері сияқты, Қазақстанда да діни журналистика тәуелсіздік жылдары жедел дамыды. Араб елдері журналистикасы, журналистика және дін тақырыбына оқулықтар, ғылыми еңбектер жазылды. Осы орайда профессор, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев пен доцент, филология ғылымдарының кандидаты Рахима Бегімтаеваның еңбектерін атап өтуіміз керек. Осы аталған авторлардың 2000 жылы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Қазіргі шетел журналистикасы» атты оқу құралы бұл саладағы алғашқы қарлығаш болды. Діни журналистика ғалым Р.Бегімтаева зерттеулерінің өзегі болып табылады. Оның «Араб журналистикасы» атты оқу құралы елімізде ғана емес, сондай-ақ ТМД кеңістігінде осы тақырыпта жазылған тұңғыш еңбек саналады. Рахима Шәріпқызы бұқаралық ақпарат құралдарында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бейнесінің көрініс табу ерекшеліктерін зерттеп жүргенін айитуымыз керек.
Ғалым Р.Бегімтаева «Дін және журналистика» атты еңбегінде Қазақстанда діни журналистиканың қалыптасу және даму ерекшеліктерін зерттейді. «1992 жылдың 6-қаңтарынан бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-танымдық тəуелсіз газеті — «Иман» қазақ тілінен өзге шешен жəне ұйғыр тілдерінде шығып,көп ұзамай жабылып қалды. Оған қаржы табу қиынға түсті. Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-танымдық «Ислам жəне өркениет» тазеті мен 2003 жылдан бастап, «Иман» діни-танымдық журналы да шыға бастады. 1992 жылы Астана мешітінің үні «Нұр» газеті де жарық көрді-деп жазады ғалым.
1996 жылы жарық көрген «Ислам əлемі» діни-мəдени көпшілік журналы оқырманын имандылыққа, тура да таза жолға бастайтын басылым ретінде көрінді. Шағын ақпараттан бастап, танымдық, прблемалық мақалалар, діни дастандар, тəпсірлер көптеп кездеседі. Тілі таза, түсінікті бұл басылым діни баспасөздің көшбастаушысы.
1998 жылы шыққан Ислам тану журналы — «Шапағат нұр» деп аталады. Бұл журнал Бухариден келген хадисте Пайғамбарымыздың «Дінді заманына сай үйретіңдер» деген өміршең өсиетін басшылыққа алады. Журналдың көптеген айдарлары бар. Сондай-ақ бұл журналдың ерекшелігі-қазақ тілімен қатар орысша да шығуында. 1990 жылы Ə.Нұғыманованың басшылығымен «Қазақстан мұсылман əйелдері» қоғамдық бірлестігі құрылды. Соған орай осы бірлестіктің үні болып, «Алтын қазық» журналы, бас редакторы Г.Жебесіннің жетекшілігімен «Алдаспан» тəуелсіз журналы 1997 жылы дүниеге келген еді. Бұл басылымдардың мақсаттары да Ислам құндылықтарын жан-жақты уағыздап, тəлім-тəрбие беру еді.
2001 жылдың желтоқсан айынан бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан қажылары қауымдастығының «Ислам» газеті шыға бастады. Жаңа ғасырда Қазақ теледидары жаңа діни хабарлармен толықты. «Қазақстан-1» арнасында Б.Тілеуханның, С.Ыбыраевтың, Б.Сапаралының діни хабарлары Қазақ теледидарын мазмұндық жағынан байытып, ұлттық санаға серпіліс тудырды. Қазіргі кезде діни хабарды «Рахат» арнасы тұрақты жүргізіп келеді. Діни хабарды қалыптастыруда «Қазақстан теледидары мен радиосы» корпорациясында бас директор болып қызмет атқарған М.Тоқашбаевтың да еңбегін айта кету орынды. Жыл сайын Сауд Арабиясының Ақпарат Министрлігі қажылық таупа етушілерді бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету үшін мұсылмандар елінен журналистер шақырады. Сол үрдіспен қырық мұсылман мемлекетінен Мекке-Мəдинаға шақырылған журналистердің ішінде 1999 жылы М.Тоқашбаев та барып, қажылық сапардан көп мағлұматтар əкеліп, көрерменнің ықыласына бөленген болатын.
Р.Бегімтаева Қазақстанда діни журналистика, атап айқанда ислам журналистикасы өзіндік жеке инфрақұрылым ретінде қалыптасқанын атап өтеді. Осы орайда ислам журналистикасы инфрақұрылымын қазіргі кезеңде жұртшылықпен байланыс институты толықтырып отырған атап өтуіміз керек. Бүгінгі таңда «Асыл арна» арнайы телеканалы рухани құндылықтарды насихаттауда тәжірибе жинақтап үлгірді. Төреғали Тәшенов, Күлпара Жұмағали, Сәрсенбек Бекмұратұлы сияқты қаламгерлердің өз оқырман аудиториясы бар.
Діни журналистика, атап айтқанда ислам журналистикасы Ресей Федерациясында, атап айтқанда Татарстанда өркендеп келеді. Бір айта кетерлігі, Ресейде «ислам журналистикасы» ұғымы ғылыми-көпшілік айналымға енген, құқықтық тұрғыда танылған. Еділ-Жайық өңірінде қазіргі таңда 18 ислам газеті жарық көреді, оншақты мұсылман ұйымдарының екінші деңгейдегі домендерде өз интернет-өкілдіктері бар. Татарстан мұсылмандары Діни басқармасының және Ресей ислам университетінің баспасөз қызметтері жұмыс істейді. Жуырда «Исламтат» ақпараттық агенттігі құрылып, ресми тіркеуден өтті. Агенттік Ресейдің 15 қаласында тілшілір қосынын ұстайтын болады, сондай-ақ Қазақстанда, басқа да мұсылман өлкелерінде меншікті тілшілер тағайындамақ. Агенттіктің орталық интернет-сайты www.islamtat.ru.
Ресей, сондай-ақ бүкіл ТМД кеңістігінің ислам журналистикасы үшін 2008 жылғы қарашада Қазанда өткен жалпыресейлік мұсылман журналистері конференциясының маңызы ерекше болды. Танымал ислам журналистері мен публицистері, саясаттанушылар, билік органдарының өкілдері қатысқан алқалы жиында Татарстан Республикасы Министрлер кабинетінің Дін істері жөніндегі кеңесінің төрағасы Ренат Валиуллин, Ресейдегі тұңғыш «Бадр-Форте» ислам банкінің президенті Адалет Джабиев, Ресей Мемдумасының депутаты Шамиль Султанов, «ИсламНьюс» Интернет-Порталының редакторы Ринат Незаметдинов, «Ислам.Ру» Интернет-Порталының бас редакторының орынбасары Абдулла Ринат Мухаметов, «ТатарНьюс» сайтының редакторы Айнур Сибгатуллин, «Портал-Credo.Ru» сайтының бас редакторы Александр Солдатов, «Смысл» журналын редакторының бірінші орынбасары Орхан Джемаль сөз алды. Қазақстаннан келген мейман, республикалық «Наш Мир» газетінің бас редакторы Айдар Қайыповтың баяндамасы зор ықылас туғызды.
«Исламтат» агенттігіне берген сұхбатында Татарстан Республикасы Министрлер кабинетінің Дін істері жөніндегі кеңесінің төрағасы Ренат Валиуллин «Болашақта Ресей ислам университетінде ислам журналистикасы және ислам экономикасы факультеттерін ашу жөнінде мәселе көтереміз. Бұған қажетті әлеует жеткілікті, сондай-ақ Үкімет Татарстандағы ислам ілім-біліміне жеткілікті көңіл бөліп келеді» — деп атап көрсетті. Осы орайда біраз шегініс жасап, бірқатар мұсылман елдерінде «ислам журналистикасы» бойынша мамандар даярланатыны туралы айта кеткеніміз жөн.
Татарстан ислам журналистерінің алқалы бас қосуында мұсылман БАҚ-тары мен баспаларының алғашқы конкурсы мәреге жетті. Әртүрлі номинация бойынша 15 жүлдегер сый-сияпатқа бөленді. Атап айтқанда Ракип Гафаров, Рашит Минхажев, Хатип Гарай, Сулейман Назмиев, Рустем Валиуллин және Рифат Юсупов сияқты талантты журналистер марапат ретінде қажылық сапарға жолдама алды. Үздік телесюжет номинациясында ТНВ арнасының «Насыйхат» бағдарламасы, үздік БАҚ номинациясында «Ислам-инфо» газеті, зайырлы БАҚ-тарда мұсылман өмірін көрсеткені үшін «Российская газетаның» тілшісі Светлана Брайловская, мұсылман БАҚ-тарында мұсылман тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсете білгенНурия(Светлана) Максимова сыйлыққа лайық деп танылды.
Қазіргі таңда Қазақстанда экономикалық, құқықтық, саяси-әлеуметтік журналистика өркендеп келеді. Халықты ізгілікке баулитын, рухани құндылықтарды игеруге үндейтін ислам журналистикасы осынау мәртебелі санаттан лайықты орын алатын сәт те алыс емес.
**
Қазіргі Иран, бұрынғы ирандықтардың бір бөлігінде орналасқан, Шығыс өркениетінің орталығы саналатын ел. Б.з.д. 6 ғасырдың орта тұсында Ахеменидтер руынан шыққан ұлы Персияның патшасы Кир, кейіннен империя атанған Иран мемлекетін құрды. Ахеменидтер Египеттен Қытайға, Индиядан Грекияға дейінгі алып аумақтың өркениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Бастапқы жылдарында Ахеменидтерді ежелгі ирандық пайғамбар Зороастр биледі. Ахеменидтер алғаш рет әлемдік билік пен әлемдік мемлекеттің тұжырымдамасын жасады. Oлар туралы нақты қағаз жүзіндегі деректер қазір жоқ. Оған себеп, б.з.д IV ғасырдағы грек жауынгерлерінің жасаған өрті еді. Жанған дүниелердің ішінде зороастрлықтардың ең ұлы кітабы Авсетаның да бастапқы нұсқасы бар еді.
Империя гректердің шабуылынан құлағаннан кейін, бір ғасырдай уақыт гректердің қол астында болды. Б.з.д.ІІІ ғасыр ортасында Аршакидтер тайпасынан Парфян патшалығы құрылып, мемлекет гректерден азаттық алды. Дегенмен, бұрынғы атағын Иран тек Сасанидтер империяға билік еткен тұста ғана қайтара алды. ( б.з.д.ІІІ – VIIғ.ғ.) Сасанидтер тұсында Ирандық шекара Қытайдың батыс аумағы мен Кавказ тауына дейінгі аумақты алып жатты. Сасанидтер династиясының ең атақты билеушісі Хосров Ануширван болды.
Жетінші ғасырдың орта тұсында Ирандықтады арабтар жаулап алады да, Иран Араб халифатының құрамына кірді. ІХ ғасырда ислам әлемінің бір бөлігіне айналған Иранда, жергілікті династиялар пайда бола бастады. Солардың бірі Тахиридтер династиясы Хорасанда 821-873 жылдары биледі. Оларды ІХ ғ.екінші жартысында Хорасан , Герат пен оңтүстік Иран жерін билеген Сафаридтер алмастырды.ІХ ғ.соңында тәжіктердің Саманидтер династиясы орталығы Бұхара қаласы болған үлкен мемлекет құрды. Оның шекарасы қазіргі Иран, Ауғанстан және Орталық Азия аумағын алып жатыр. Саманидтер әдебиет пен өнердің билеушілері ретінде атақтары кеңге жайылды. Олар билік басында болғанда парсы тәжік әдебиетінің негізін қалаушы Абуабдулла Рудаки, дәрігер философ Абу Али ибн Сина сынды ұлы адамдар өмір сүрді. ХІ-ХІІ ғ.ғ. елді солтүстіктен келген түріктердің көшпелі тайпалары Газневидтер мен Сельджукидтер династиясы биледі.
ХІІІ ғасырда Иранды моңғолдар жаулап алды. Шыңғыс хан ұрпағының билігі ел аумағында ХVІғ.аяғына дейін жүргізілді.
Иран өзінің тәуелсіздігін билікке Сефевидтер динатсиясының келген соң 1502 жылы алды. Бұл династияның ұлы билеушісі Аббас шах І-ші болған. Аббас шахтың кезінде мемлекет дамыған, ұлы мемлекет болды. ХVІІІғ.басында ауған тайпалары Кандагар мен Гератаны азат еті үшін көтеріліске шықты. Олар батысқа қарай жылжып, Сефевидтердің астанасы Исфаханды басып алды. Ауғандарға қарсы жасақты Нәдір шах басқарды. Ол бастаған қол ауғандарды жеңіп, Афшарлар династиясының негізін қалады.
ХVІІІғ.аяғында билікке Каджарлар династиясы келді. Олар елді 1925 жылға дейін басқарды. Каджарлардың ұлттық әскер мен орталықтанған мемлекеттік аппарат құра алмауына байланысты ХІХғасырда Иран Ұлыбритания мен Ресейдің экспансиясына төтеп бере алмады. ХІХғ.басында Иран өзінің Кавказдық провинцияларынан айырылды(қазіргі Әзірбайжан, Армения, Грузия аумағы).
ХІХ ғ. екінші жартысында иран қызығушылығын тудырып тұрған Ауғаныстан мен Түркістан, Ұлыбритания мен Ресейдің бақылауына көшті. Ал, Иран орыс- ағылшын бәсекелестігінің аренасына айналды.
Шетелдіктердің Иран ісіне қатты араласуы халықтың наразылығын тудырды. 1905 жылдан бастап, ел аумағында түрлі көтерілістер белең ала бастады. Соның арқасында, 1906 жылы шах халықпен келісіп, конституция қабылдап, парламент жасақтауға мәжбүр болды. 1925 жылы Иранда мемлекеттік төңкеріс болып, таққа Реза хан Пехлеви отырды. Халықаралық қатынаста Реза шах гитлерлік Германиямен жақындасуды жөн санады. Бұл Ресейдің наразылығын тудырды да, Реза хан Пехлеви биліктен кетіп, оның орнына баласы Мохаммед Реза Пехлеви келді.
1979 жылы Иранда Хомейин имамның басқаруымен Ислам революцциясы болды. Нәтижесінде монархиялық құрылыс құлап, орнына ислам республикасы орнады.
Бүгінде Иран Орта Шығыстың экономикалық, техникалық тұрғыдан дамыған елдерінің бірі. Ол Еуразияның стратегиялық маңызды аумағында орналасқан. Иран мұнайға, табиғи газға бай ел.
Қазіргі кезде Иранның басты халқы орталық аудандарда мекендейтін парсылар (48-50%) , Күрдстан мен керманшахты мекендейтін күрдтер(7-9%), Каспийдің оңтүстік жағалауындағы талыш пен мазендеранттар, (8%), оңтүстік батысты мекендейтін лурлар мен бахтиярлар (2%), Пәкістанмен шекаралас аумақта тұратын белуджылар(2%). Түрік халықтарының тобының орталығы әзірбайжан түріктері құрайды.(24-26%). Сондай-ақ, түркімендер мен қашқайлар да осы топқа кіреді. Парсы шығанағы аралдары мен Хузестанда мекендейтін арабтар саны уш пайыздан аспайды. Сондай ақ ел аумағында ғы қалаларда мекендейтін шағын еврейлер, ассириялықтар мекендейді. Иран аумағындағы ұлттар жайлы ресми статистка әлі жасалмаған. 1996 жылғы санақ бойынша халық саны 60,0 млн.адам. 2003 жылғы есеп бойынша 66,4млн.халық.
Иранның ресми тілі үндіеуропалық тілдің иран тобына жататын парсы тілі. Арабтардың басқыншылық шабуылдарынан кейін лексикасының басым бөлігі араб сөздерін құрайтын жаңапарсы тілі пайда бола бастады.
Иранның 98,8% халқы ислам дінін ұстанады. Соның ішіндегі 91% шейіттер болып саналады.
ХІХ ғасырдағы Иран баспасөзі
Ел тарихының тереңде болуына қарамастан, Иран журналситикасы жас. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында билікке Қаджарлардың келуімен байланысты.
Ең алғашқы парсы тіліндегі газетке байланысты түрлі пікірлер бар. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда Иранда кітап басу ісі ХІХғ.басында басталды. 1812жылы Тебризде, 1824 жылы Тегеранда парсы тілінде кітап бастаын баспахана пайда болды. Тебризде алғашқы литография станогы пайда болды. Литографпен жұмыс адамдар істеуді Ресейден үйреніп келді. Баспа станогтары Иранның басқа да аймақтарына таратыла бастады. Барлық елдердегідей станоктарда алғашында діни кітаптар басылды, тек содан кейін барып өзге кітаптар, соңынан мерзімді баспасөз басыла бастады. Ең алғашқы баспасөз ретінде 1837-1838 жылдар аралығында таратылып тұрған парақшаны айтуға болады.
Тағы бір нұсқа бар, ол бойынша ең алғашқы баспа станогын Лондонға оқуға барған Мирзо Салихом Ширази әкелді делінеді. Сол станокта 1841 жылы ол ең алғашқы парсы тіліндегі «Когази ахбор» (Хабарлар қағазы) газетін басып шығарған. Алайда бұл газет Иран жерінде дұрыс насихатталмады. Сондықтан ресми баспасөз өз бастауын «Вакоеи иттифокия» (Болған оқиғалар күнтізбесі) газетінен алады. Ол 1851 жылғы 7 ақпаннан бастады. Газет 1906 жылға дейін апта сайын шығып тұрды. Газеттің қызықты айдары ретінде, «Маңызды жаңалықтар» айдары саналды. Сондай ақ, «Шетелден ақпарат» айдары да танымал болды. Бұл айдарда Америка мен Еуропа елдерінің жаңалықтары басылды.
Иран баспасөзінің алғашқы дамуына әсер етті деп зерттеушілер «Дор ул фун»(Ғылым үйі) оқу ордасын атап көрсетеді. Бұл еуропалық типтегі оқу орны, 1851 жылы негізі қаланған. Мұнда жаратылыстану ғылымдары, нақты ғылымдармен қатар батыс тілдері де оқытылған. Оқу орнының директоры иранның атақты литераторы Реза Кули хан Хедаят болды. Ол сол замандағы иран зиялыларының басында тұрған адам еді. «Ғылым үйінде» еуропаның түрлі кітаптар парсы тіліне аударылды. Соның ішінде алғашында тарихи шығарамалар аударылса, кейіннен Дефо, Жюль Верн, Дюма шығармалары тәржімаланды.
Дәл осы оқу орнында оқулақтардан басқа жаңа газеттер де басылып шыға бастады. Олар «Рузномаи илми» (Ғылым газеті), «Рузномаи иттило» (Хабарлар), «Рузномаи низами» (Әскер газеті), «Шараф» (Атақ) және т.б. атап өтерлік бір жайт, ХІХ ғасырдың соңына дейін Иранда күнделікті газет болған жоқ. Ол тек 1896 жылы «Хулосот ул хавадис» (Оқиғалар тізбесі) деген атпен шықты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болған Иран тарихындағы жаңа оқиғалар елдегі журналистиканы дамуына үлкен үлес қосты. Иранды басып қалған әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыс, шет елдердің елдің ішкі жағдайына аса көп араласуы мерзімді баспасөзге ықпал етпей қоймады.
Бұл жағдайлар, елдегі көзі ашық, зиялы қауым өкілдерінің демократиялық бағыттағы газет басып шығаруына әкеліп соқты. Ескі құрылымдарды қолдайтын алғашқы мемлекеттік газеттерге қарағанда, бұл басылымдардағы мақалалар сыни бағытта болды. Билік демократияны насихаттаушыларды, соның ішінде әсіресе газет басып шығарушыларды қатты жазалады. Соның нәтижесінде көптеген журналистер елден кетіп, шетелдегі тәуелсіз газеттерде жұмыс жасай бастайды. Осы себептен, Лондон, Париж, Каир, Калькутта, Стамбұл сынды ірі қалалар цензурасыз парсы тілінде жарияланатын газеттердің ірі орталықтарына айналады.
Сондай еркін газеттердің бірі «Канун»(Заң) газеті болды. Ол 1890 жылдан бастап шықты. Ай сайынғы газет. Иран билігінің жақтырмауына байланысты, газетті ел шекарасынан өткізбеді. Алайда, тыйымға қарамастан, ол Иран жеріне жеткізіліп, оқырман қауымға кеңінен танылды. Газет өз сандарында еуропа елдерінің ел тірлігіне араласуын тоқтату, кедейшілік пен аштық жайында материалдар жариялап тұрды. «Канун» газеті 1905-1911 жылдар аралығындағы Иран революцциясының алдында еркіндік тынысын әкелген газет болды.
Жаңа идеялардың пайда болуына байланысты шетелдерде жаңа парсы тіліндегі газеттер шығарыла бастады. «Ахтар»(Жұлдыз) Стамбұл 1875, «Хабл ул Матин»(Мықты сенім) Калькутта 1893, «Парвариш»(Тәрбие), «Хикмат»(Даналық), «Чехранамо»(Айна), «Камол»(Біреегейлік) Каир, 1889-1890. Өздерінің тақырыптары мен көлемдерінің әртүрлі болуына қарамастан барлығы да елдегі ескілік заңдарына, зорлық пен зомбылыққа қарсы болды. Сонымен, Иран баспасөзі ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, елдің сана сезіміне айтарлықтай ықпал етеді.
Иран баспасөзінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктері
ХХ ғасырдың басында Иранда шетелдік цензурасыз газеттермен қатар демократиялық газеттер көбейе бастады. 1906 жылы Иранның көптеген ірі қалаларында көтерілістер болады. Оның қатысушылары конституцияның жариялылығын, парламенттің жасақталғанын қалайды. Көтерілісшілердің қысымымен шах олармен келісуге мәжбүр болады. 1909 жылы ел конституциясы қабылданып, парламент шақырылады. Соның арқасында басылым саны өседі. Осы уақыт аралығында Иранда 350 газет журнал болды.
Осы кезең журналистерінің жеткен ең үлкен жетістігі ретінде көтерілісшілер наразылығының арқасында шах қол қойған заңда адамдардың заң алдында тең құқықты болуы, сөз бен ой еркіндігінің болуы деп есептеуге болады. Конституциялық революция Иранның мерзімді баспасөзіне жалпыұлттық, саяси сипат алып берді. Иран журналистикасында демократиялық пен антидемократиялық тенденциялар соқтығысты. Елде газет саны еселеп өсті. Жаңадан ашылған «Нидри ватан»(Отан үні), «Тамаддун»(Өркениет), «Ирони нав»(Жаңа Иран) газеттері демократиялық сипатта болды.
Орталық ірі газеттермен қатар, журналистканың дамуына жергілікті «Иттифак»(Одақ), «Таракки» (Даму), «Насими шимол»(Солтүстік самалы) газеттері үлес қосты. «Рузномаи милли»(ұлттық газет), «Парс» сынды газеттер мемлекет мүддесін қорғады.
Дегенмен, баспасөздің гүлденуі ұзаққа созылмады. 1911 жылы шах Ресей мен Англияны әскери көмегін пайдалана отырып революцияға қарсы төңкеріс жасады. Оның қорытындысы бойынша парламент таратылып, құрылған демократиялық ұйымдар мен агзеттер жабылды. Конституциялық төңкерістің жаншылғанынан кейін,еркін ойлаушыларға қарсы террорлық әрекеттер белең ала бастады. Нәтижесінде енді дамып келе жатқан газеттер жабылып, көптеген дурналистер елден кетті. Олар Швейцарияға, Францияға, Германияға жер аударды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша Иран эмигранттары Германияда болды. Мұнда «Кова» және «Ираншахр» атты екі журнал жарық көрді. Сонымен қатар, Германияда «Ковиени» баспасы іске қосылды.
1920 жылдардың басында Иранда партиялардың көбеюіне байланысты партиялық басылымдар шығарыла бастады. Жиырмасыншы жылдардың орта тұссына қарай биліктің қатаң қадағалауына қарамастан, «Рости»(шындық) газеті дамыды. Тағы да осы уақыт аралығында салалық журналистика дамып, «Иктисоди Ирон»(Иран экономикасы), «Нур»(нұр), «Армугон»(сыйлық) газеттері басылып шықты.
Реза шах осы жылдары барлық демократиялық басылымдарға барынша қарсылық көрсетуге тырысты. Осы жолда көптеген публицистер зардап шекті. Ондаған журналистер түрмеге жабылды. Ирандағы демократиялық басылымдардың негізін қалаушы Таги Ирани террорлық шабуыл құрбаны болды. Реза шахтың билігіне сын айтамын деп, Мир де Ашки, Ваез Казвинчи сынды журналистер қаза тапты.
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Иран журналистикасының дамуы
1941 жылы Реза шахтың биліктен кетуіне байланысты Иранда саяси-әлеуметтік құрылым өзгеріп, баспасөз дамуының екінші кезеңі басталды. Жаңа саяси өмірге көзі ашық сауатты саясатккерлер, жазушы журналистер араласа бастайды. 1941-1945 жылдар аралығында 263 баспасөз құралдарының басылып шығуына рұқсат беріледі. Бір ғана Тегеран қаласында 150 газет шығып тұрған.
Осы кезең журналистикасына тән тағы бір құбылыс, солшыл басылымдардың пайда болуы еді. 1941 жылы Туде партиясының құрылуына байланысты, оның көптеген газет журналдары ашылды. Олардың саны алпыстан асып жығылды. Партияның орталық газеті саналған «Рахбар»(Жетекші) газеті, Иранның сол жылдардағы шынында жетекші газеті болды.
Ары қарай Иран журналистикасының дамуы тікелей көппартиялы жүйенің көмегімен жүзеге асырылды деуге болады. Елде ондаған өз басылымдары бар партиялар жұмыс жасай бастады. Исфаған, Шираз, Абриз сынды қалаларда ондаған газеттер шығып тұрды. Араб, әзірбайжан, армян, неміс, ағылшын, француз тіліндегі басылымдар да жарық көре бастады. Барлық газеттер ішінде ең атақтысы күнделікті газеттер болды.
Қазіргі Иран
Иран журналситкасының қазіргі бағыттары 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін қалыптасты. Елдің идеологиясында, саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірінде болған едәуір өзгерістерге байланысты көптеген басылымдар материал жетпей жабылып жатты. Бірақ өзінің бастапқы абыройынан айырылмай «Иттилот», «Кайхон», «Армугон» және «Ягмо» басылымдары жарық көрді.
Бүгінгі таңда Иран баспасөзі мемлекет бақылауында. Елдің күнделікті ең ірі газеттері толықтай мемлекет қарамағында. Бүгінде елде 1500 аса мерзімді баспасөз бар. Оның ішінде 60 күндеілікті газет,2 млн тиражбен.
Ең басты Иран газеттері «Кейхан»(350), «Эттелаат»( 500), «Абрар»(75), «Ресалят»( 40), «Джомхурийе эслами»(30), «Терхан таймс», «Иран ньюс» және т.б.
Иранда салалық журналистика да бір жолға қойылған. Елдің әлеуметтік демографиялық хал ахуалына байланысты ерлерге, жастарға, балаларға, әйелдерге арналған арнайы басылымдар жұмыс істейді.
Ел басылымдарының 80% – парсы тілінде, 20%-араб,ағылшын тілінде жарық көреді.
Иранның электронды БАҚ–ы
Иран ислам республкасынынң телевизиясы өз бастауын 1957 жылдан алады. Бүгінде Иранның телехабар таратуы мемлекеттік алып ұйым «Седа ва симайе джомхурийе эсламийе Иран»ның қолында. Бұл ұйымның қол астында діни, ақпараттық, ғылыми танымдық бағыттағы 20 телеарна жұмыс істейді. Ұйымның Ресей, Әзірбайжан, Англия, Германия, Түркия, Үндістан, АҚШ сынды ірі елдерді 17 тілшілер қосыны жұмыс істейді. Хабар 20 тілде таратылады.Ұйымның ресми басылымы «Джамэ джам». Ұйымның басшысын мемлекет басшысы сайлайды.
Радио саласын келсек, Иранда 30 жуық түрлі радиолар қызмет істейді. Олардың қатарына ақпараттық «Иран дауысы», «Джаван», «Фарханг», «Варзеш», «Коран» сияқты радиолар кіреді. Барлық радиостанциялар мемлекет қарауында.
Иранда жекеменшік телеарна жоқ. Онық себебі ислам революциясы. Америка израильдік идеологияны тоқтату мақсатында осылай жасалынған. Мұнда, 6 жалпыұлттық, 2 серіктік телеарна қызмет етеді. Ирандық негізгі серіктік арна «Джоми Джам». Ол тәулік бойы жұмыс істеп, әлемнің барлық елдеріне таралады.
1979 жылғы БАҚ туралы заң бойынша, Иранда барлық газет-журналдар мемлкеттік лицензиядан өтуі керек, барлық арналар мемлекет қарауында, барлық исламдық және антиисламдық насихатқа жол жоқ. Бағдарламалар барлық тілдерде таратыла береді.
«Бірінші арна» басты ұлттық, «Екінші арна» қоғамдық, «Үшінші арна» спорттық. Өзге елдерден айырмашылығы, Иранда әйелдер спорты көрсетілмейді. Сонымен қатар «Төртінші арна» ғылыми-танымдық, «Беснші арна» ойын-сауықтық. «Алтыншы арна» ақпараттық. Ең басты республикалық алты арнадан өзге, облыстық, жергілікті он жетіге жуық телеарна жұмыс жасайды.
Ең танымал жанрлар репортаж бен сатира болып саналады. Оларды аудиторияның 90 %- астамы көреді. Танымалдылығы жағынан төмені болып діни және ғылыми хабарлар танылған.
Иран ақпараттық агенттіктері
Иранның негізгі ақпараттық агенттігі «Иран Ислам республикасының ақпараттық агенттігі» саналады. Негізі 1934 жылы қаланған. Ол қазір мәдениет министрлігінің қарауында. Хабарлар барлық тілдерде, республика ішінде және әлемдік деңгейде таратылады. Әлемнің алпауыт ақпарат агенттіктерінің барлығымен келісім шартқа отырған. Тәулігіне 1,5-2 мың хабар парсы, ағылшын, араб, француз тілдерінде таратылады.
Сонымен қатар Иран ақпарат әлемінде «Фарс», «Мехр», сияқты агенттіктер де бар.
«Құран» агенттігі ислам әлеміндегі алғашқы әрі жалғыз Құран заңдары бойынша ақпарат тарататын агенттік. Бұл агенттіктің ақпараттары исламның барлық шарттарына сүйене отырып ақпаратты өңдеп, таратады. Негізі 2003 жылы Иран басшысы Мухаммед Хоттамидің бастамасымен қаланған.
Иран студенттерінің ақпараттық агенттігі. 1999 жылы 4 қарашада абулфазл Фотехтің бастамасымен құрылған. Иранның барлық оқу орындарынан ақпарат таратады. Ақпарат таратушы, жасаушы, жинаушы студенттердің өздері. Басты ұрандары «Әр студент ол тілші, әр идея ол жаңалық!»
№ 11 Дәріс
Африка және араб елдерінің телевизиясы мен радио хабарларын тарату
Дәріс жоспары:
1.Араб журналистикасы
2.Алжир журналистикасының тарихы
3.Ливия журналистикасы
4.Судан Республикасының журналистикасы
5.Тунис журналистикасы
№ 12 Дәріс
Араб елдерінің журналистикасы
Дәріс жоспары:
1. Египет журналистикасы
2 Каир радиосы
3 Теледидар бағдарламалары
4 Ақпарат агенттіктері
5 Марокко журналистикасы
6 Марокко телевизиясы
Достарыңызбен бөлісу: |